29 - Жамазиәл-ахир, 1446 жыл.
     30 - Желтоқсан, 2024 жыл.   


ҚАБІР ЗИЯРАТЫ

207 – Әй, ұлым! Пайғамбарымыз алейһиссалам былай деген: «Бір мүминнің қабірін зиярат еткен адам Аллаһу та’аланың құзырында бір нәпіл қажылықтан көп сауап алады!» Аллаһу та’аланың разылығы үшін «Аятәл курси», «Фатиха» және «Ихлас» сүрелерін оқы және сауабын мәйіттердің рухына бағышта! Дұғаны бүкіл мүминдердің рухтарына да сыйла! Бүкіл өлілердің санындай сауап аларсың.

208 – «Уаххабилік» деп аталатын ағымды Абдулуаххаб ұлы Мұхаммед деген Нәждтік бір адам арқылы ағылшындар құрды. Бұл опасыз адам 1206 [м. 1791] жылы өлді. Ағылшындардың жоспарларын жүзеге асыру үшін ол әр түрлі кітаптар жазды. «Китаб-ут-тәуһид» кітабына немересі Абдуррахман шәрһ (түсіндірме) жазып, ол кітабын «Фәтх-ул-мәжид» деп атады. Ол 1258 [м.1842] жылы өлді. Осы шәрһтің әр түрлі жерлерінде: «Өліде сезім болмайды. Рухы да Аллаһу та'аланың құзырында. Мүлһидтер (діннен шыққандар, имансыздар) әруақ көмектеседі деп, өлілерден жәрдем, шапағат сұрап жүр. Олардың бұл әрекеті – ширк. Періште, пайғамбар, әулие ешкімге көмектесе алмайды. Өлі адам, не хазреті Хусейн сияқты жәннат ниғметтеріне бөленуде, не Тижани деген мушрик және лас адам сияқты немесе Мухиддин Араби, Омар ибнул Фарид пұттары сияқты азапта болады. Оларға жасалған дұғалардан олар бейхабар. «Өлі естиді, жәрдем береді» дейтіндер иманнан, діннен шығады. Аллаһ рұқсат берген адам шапағат етуге рұқсат берілген адамға ғана шапағат етеді. Өліге дұға етуімен, оған жалбарынуымен шапағат етуге рұқсат берілмейді. Мысыр халқының ең үлкен тәңірлері болған Ахмед Бәдәуидің қандай жағдайда екені белгісіз. Өлілердің қабіріне кесене жасау, тағзым ету – күпірлік. Адамдар «Абдулқадир Гейлани оған жалбарынғандарды естиді, жәрдем береді» дейді. Олардың бұл сөздері – күпір. Олардың кесенелерінің әрбірі пұтхана. Барлығын жою – уәжіп» деп жазылған.

Жоғарыдағы жазбаның көрсетіп тұрғаны, уаххабилік ағымының пайда болуы, кейін «Сауд арабиясы» мемлекетінің құрылуы, ағылшындардың Ислам дініне қарсы шабуылындағы жеңісі болды. Олар Әһли сүннетке, яғни біздерге кәпір деп жатыр. Олар «Кесене салу – бидғат. Расулуллаһ заманында кесене жоқ еді. Кейіннен шықты» дейді. Біздің оларға айтар жауабымыз – біз «Әһли сүннет» мазһабындамыз. Біздің сеніміміз бойынша «Әдиллә-и шәрийа» (шариғаттың дәлелдері) төртеу. Яғни діни мәліметтердің қайнар көзі төртеу. Бұл төрт қайнар – кітап, сүннет, қияси фуқаха және ижма-и уммәт. Кітап – Құран кәрім. Сүннет – хадис шәрифтер. Қияси фуқаһа – төрт мазһабтың фиқһ кітаптары. Ижма-и уммет – алғашқы екі ғасырдағы ғалымдардың ауызбірлігі. Бұл ғалымдардың ешбірі кесенелерге қарсы ештеңе айтпады. Фиқһ кітаптары кесенелердің жаиз (рұқсат) екенін жазуда. Олай болса, кесене салуға және кесенені зиярат етуге дінімізде тыйым салынбаған. Уаххабилер мұны теріске шығаруда. Ислам діні – уаххаби надандарының, діндегі реформашы деп аталатын мазһабсыздардың кем ақылдары, адастырушы пікірлері және тартымды сөздері емес. Ислам діні – «Әдиллә-и шәрийа»-дан шығарылған үкімдер. Уаххабиліктің құрушысы Мұхаммедтің бауыры Сүлеймен бин Абдулуаххаб – Әһли сүннет ғалымы еді. Бауыры ұстанған жолдың қате екенін хабарлау үшін және мұсылмандардың оған алдануының алдын алу үшін өте көп кітап жазды. «Сауаиқ-ул-илаһиййа фиррәдди-аләл-уаххабийа» атты кітабында уаххабилерге жауап беруде, жолдарының адасқандығын дәлелдеуде. Бұл кітап «Хақиқат Кітапүйі» тарапынан Стамбұлда жарияланған. Алтыншы бетінде былай жазылған: «Иә, уаххабилер шәйхул-ислам деп атаған және жазғандарын дәлел қылып алған Ибн Тәймийа және оның шәкірті Ибнулқаййум Жәузийа, ғайб болғаннан және өліден жәрдем сұрау, ол үшін нәзір ету немесе Аллаһтан басқасына құрбандық шалу, қабірді сүю, топырағын алып берекеттену харам деді. Үлкен ширк демеді. Ешбір ғалым осылай жасаған адамның мүшрик (кәпір) болатындығын айтпады. Төрт мазһабтың ғалымдары күпірге себеп болатын нәрселерді ұзақ баяндаған. Осы әрекеттерді жасаған адамның мүртәд болатынын (діннен шығатынын) ешбірі хабарламады. Олай істеген адамдардың мұсылман екендігін білдірді.» Юсуф Нәбһанидің “рахимә-һуллаһу та’ала” «Шәуаһид-ул-хақ» кітабының жүз қырық бірінші бетінде жазылғаны бойынша, Шафии ғалымдарынан Шихабуддин Рәмли “рахимә-һуллаһу та’ала” фәтуасында «Пайғамбарлар “алейһимуссалауату уәттәслимат” қайтыс болғаннан кейін мұғжизалары, әулиелердің де “қаддәссаллаһу та’ала әсрарәһумул азиз” қайтыс болғаннан кейін кереметтері жалғасады. Сондықтан, олар қайтыс болғаннан кейін де оларға истиғасә (жәрдем сұрау), тәуәссул етуге болады» деген. Абдулхай Шәрнблали де пайғамбарларға “алейһимуссалауату уәттәслимат” және әулиелерге “қаддәссаллаһу та’ала әсрарәһумул азиз” тәуәссул етудің жаиз екендігін ұзақ дәлелдеген. Ибн Абидин “рахимә-һуллаһу та’ала” бірінші томының соңында: «Ғалымдардың, сәйидтердің, әулиелердің баршаға ортақ болмаған жердегі қабірлерінің үстіне кесене жасау жаиз» деген. Бесінші томда, ләбс бөлімінде: «Әулиелердің, салихтардың қабірлерінің үстіне сандық секілді төрт бұрыш қорған қою, жамылғы жабу, сәлде орау мәкрух делінді. Біздің үкіміміз бойынша, мәйітке тағзым және құрмет етуге себеп болу, қор қылмау, ғапілдердің әдепті болуы үшін бұларға рұқсат етіледі. Амалдар ниетке байланысты» делінген. Уаххабилер Құран кәрімге және хадис шәрифтерге бұрмаланған қате мағына беріп жатыр. Өздерінің түсінгендеріне сенбеген адамдарға кәпір деп жатыр. [«Фәтх-ул-мәжид»атты уаххаби кітабында жазылған өтіріктер мен жалаларға «Қиямет және Ахирет» атты кітабымызда дәлелдерімен ұзақ жауаптар беріліп, уаххаби кітабының авторын аузы аша алмайтын етіп тасталған.]

[Анықтама: Ибн Абидин “рахимә-һуллаһу та’ала” бұзақылар жайында түсіндіріп жатқанда былай айтқан: «Харижи деп аталатын адамдар күмәнды болған (бірнеше мағына шығаруға болатын) дәлелдерді тәуил етеді. Яғни кейбір аяти карималарға және көп адам риуаят еткен кең тараған хадис шәрифтерге ашық және мәшһур болмаған мағыналар беріп жүр. Хазреті Әлидің “радиаллаһу та’ала анһ” әскерінен бөлініп шығып, оған қарсы соғысқандар осындай еді. «Төреші – жалғыз Аллаһ. Хазреті Әли екі төрешінің үкіміне мойынсұнып, халифалықты Муауияға “радиаллаһу та’ала анһ” өткізумен үлкен күнә істеді,» – деді. Онымен соғысуларына осы қате тәуилдері себеп болды. Өздері сияқты сенбейтіндерге кәпір деді. Харижилер мен уаххабилер сияқты күмәнді дәлелдерді қате тәуил етіп, нақты дәлелдерге мойынсұнбай әрекет еткендерге мужтәһид болған фиқһ ғалымдары кәпір демеді. Бағынбаушы, қарсы шығушы, бидғатшы болғанын айтты. Қазақшада бұған адасушылық деп айтылады. Ал дәлелдерде нақты, (ашық түрде) аңғарылатын жалғыз бір мағынаға сенбеген адам кәпір болады. Әлемнің жоқ болатынына, өлілердің қайта тірілетініне сенбеу де осындай. «Әли – құдай, Жәбірейіл уахи алып келген кезде шатасты» дейтін адам да кәпір болады. Себебі бұл сөздер тәуил етіп, ижтиһад етуге тырысып аңғарылатын мәселелер емес. Бұл нәпіске еруден туындайды. Хазреті Айшаны “радиаллаһу анһа” казф еткен (жамандаған) және оның әкесінің сахаба екеніне сенбеген адам да кәпір болады. Өйткені бұл екі жағдай да Құран кәрімде ашық түрде білдірілген дәлелді жоққа шығару болып саналады. Бірақ хазреті Әбу Бәкір мен хазреті Омарды жамандап тіл тигізген және халифалығына сенбеген адамның тәуилі бар болса, кәпір болмайды. Мұсылмандардың мал-мүлкіне, жанына зиян тигізу сияқты нақты айқын болған харамдарға тәуилі болмай халал деген адам кәпір болады. Кітаптан және сүннеттен күмәнді бір дәлелді тәуил етіп айтқанында еді, кәпір болмас еді.»

Аңғарылып тұрғанындай, мұсылман екенін айтып,ғибадаттарын орындап жүрген, яғни «Әһли қыбла» деп аталған бір адамның Әһли сүннетке сай болмаған бір сенімі, мағынасы ашық болған бір дәлелге қарсы болса, тәуилі бар болса да, жоқ болса да, күпір болады. Оған «Мүлһид»делінеді. Бұл сенім ашық болмай, күмәнді бір дәлелге қарсы келу болып саналса немесе ашық дәлелге сай болмаған бір іс болса, тәуилі бар болса, күпір болмайды. Бидғат болады. Тәуилден хабары болмай, бидғатшы ғалымдарға еліктеумен немесе нәпіске еріп, дүниелік пайда үшін болса, тағы күпір болады.

Әһли сүннет болса да, бидғатшы болса да, дінін дүниелік пайдаға қол жеткізу үшін құрал қылған, яғни дүниелік пайдаға жету үшін дінін сатқан надандарға «Дүмше» делінеді. Өзі имансыз болса да, мұсылмандарды алдап, имандарынан айыру, Ислам дінін іштен құлату үшін мұсылман көрініп, күпірге себеп болатын нәрселерді анықтау үшін дәлелдерді қате тәуил ететін адамға «Зындық» делінеді. Өзін елге мұсылман және жаратылыстану ғалымы ретінде танытып, дінді, иманды бұзатын нәрселерді жаратылыстану ғылымы деп айтатын өтірікші кәпірлерге«Мәңгүрт» делінеді. Мәңкүрттердің де зындық екендігі алдыңғы бөлімдерде айтылған еді. Олар төңкерісші революционерлер тарапынан реттеу жұмыстары жарияланғаннан бері ағылшындардан, масондардан ақша, билік сияқты мүмкіндіктерге қол жеткізіп, Ислам дініне шабуылдаған. Шынайы Ислам ғалымдары діндегі дүмшелерге күшті жауаптар қайтарып, олардың аузын жапты, мұсылмандарды олардың зиянынан құтқарды. Ал мәңкүрттер Ислам дұшпаны, прогресшіл деп аталған үкімет адамдарынан қолдау көріп, қалағандарын тартынбай айтты және жазды, бір-бірлерін дәріптеп, өтіріктерінің жайылуы оңай болды, Ислам дініне көбірек көп зияндарын тигізген.] Ислам білімдеріне ие болған бидғатшыларға, мүлһидтерге және бұлардың жолын ұстанатын сауатсыз ерушілеріне«Мазһабсыз» делінеді. Мазһабсыздар және иманның ұрысы болған зындықтар «Дінде реформашы» ретінде майданға шығуда. Ижма дәлел емес деген адам кәпір болмайды. Бидғатшы болады. Харижилер, шиилер, уаххабилер осындай. Олардың ижмаға қайшы сөздері күпір болмайды.

209 – Әдет-ғұрыптар «Шариғи дәлел» бола алмайды. Дін әдеттерге бағынышты бола алмайды. Әдеттердің, модалардың Ислам дініне сай болуы керек. Бір әрекеттің Ислам дініне сай болуын қамтамасыз ету үшін осы әрекетке қатысты әр түрлі қаулылар (үкімдер) бар болса, бұлардың арасынан заманға және адамға сай, лайықты болған қаулыға сай болуы керек. «Үкім уақыт өтумен өзгереді» сөзінің осы мағынада айтылғандығы«Бәриқа» кітабында, фитна бөлімінде жазылған.

210 – Бала-шағаңа дінін, иманын үйрету құл ақысына жатады. Ертең бұларды үйретуге уақыт таба алмайсың.

211 – Бес топтағы адамдар тозаққа түседі:

1) Бес уақыт намазды үзірсіз тәрк еткендер. Қазасын өтемегендер.

2) Ішкілік ішіп, бұған тәубе етпейтін адам.

3) Зекет пен ұшр бермейтін адам.

4) Ата-анасына қарсы шыққан адам.

5) Мешіттерде дүниелікке қолжеткізу мақсатында конференция беретіндер, әдемі сөздер сөйлейтіндер. Әсіресе хұтба оқып жатқанда жамағаттың немесе имамның хұтбадан басқа сөздер айтуы үлкен күнә.

Ақылы кірген және балиғатқа толған әрбір мұсылманның күнде уақыты кіргенде бес рет намаз оқуы және әрбірін уақытылы оқығанын білуі парыз. Надандар, мазһабсыздар жасап шығарған күнтізбелерге қарап, намазды уақытынан бұрын оқу үлкен күнә болады және бұл намаз сахих болмайды. Қыз және ұл бала жеті жасқа толғанда намаз оқуын әмір ету уәлиінің мойнына уәжіп болады. Ораза тұтуына да әмір ету керек. Ішкілік ішпеуін де әмір етеді. Жақсы амалдарға үйретіп, жаман іс-әрекеттерді жасамауын әмір етеді. Он жасқа келгенде намаз оқуы үшін қолмен ұруға болады. Таяқпен, дүремен ұруға болмайды. Қолмен үш реттен артық ұруға да болмайды. Уәлиінен басқасының ұруына болмайды. [Уәлиі рұқсат берсе, ұстазы қолмен үш рет ұра алады. Аяқ-қолын байлап, (жаза ретінде) дүремен ұру жаиз емес.] Таяқпен ұру ақыл-есі дұрыс, балиғатқа толған адамның қылмыс істеген жағдайында ғана [соттың шешімімен] рұқсат болады. [Еркектің әйелін таяқпен ұрып-соғуы да жаиз емес.] Он жастағы балалардың төсек орындарын ажыратып, бөлек жатқызу керек. Ешкім біреудің орнына оның міндеті болған намазды оқи алмайды. Өзі оқыған намазының және басқа да ғибадаттарының сауабын, тірі немесе өлі болған басқа адамдарға бағыштауы жаиз. Қарыз берген адам алашағын сұрамауы үшін намаз оқып, сауабын соған бағыштау жаиз емес. Бір даңқ, яғни бір дирхам күміс құнының алтыдан біріндей мөлшердегі [шамамен екі жарым шариғи карат немесе жарты грамм күмістей] қарыз үшін, қарыздардың шарттарын толық орындап оқыған намаздарынан жеті жүз намазының сауабы қиямет күні алашағы бар адамға беріледі. Қарыздар адамның сауаптары таусылса, алашағы бар адамның сол шамадағы күнәсі оған жүктеледі. [Әйелімен ажырасқан адамның дереу мәһір ақшасын оған беруі де құл ақысына жатады. Егер бермесе, дүниеде жазасы, ахиретте азабы өте ауыр болады. Құл ақыларының ең маңыздысы және азабы ең ауыр болғаны – туыстарға және қарамағындағыларға әмри маруф жасамау. Оларға діни білім үйретуді тәрк ету. Олардың және барлық мұсылмандардың діндерін үйренуіне және ғибадататарын орындауына, зорлықпен немесе алдау арқылы бөгет болған адамдардың кәпір екендігі, Ислам дінінің дұшпаны екендігі аңғарылады. Бидғатшылардың, мазһабсыздардың, сөздерімен, жазбаларымен Әһли сүннет сенімін өзгертуі, дінді, иманды бұзуы да осындай. Намаздың парыз екендігіне, бірінші міндет екендігіне сенбейтін, мән бермейтін адам кәпір болады.] Парыз екеніне сеніп, жалқаулықпен үзірсіз оқымайтын адам пасық болады. Намаз оқығанға дейін немесе өмірінің соңына дейін сот тарапынан қамауға алынады. Арада насихат айтылып тұрады. Хадис шәрифте: «Кәпірді мұсылманнан ажырататын нәрсе – намаз» делінген. Осы себептен жалқаулықпен намаз оқымайтын адамдарға Ханбали мазһабында кәпір делінді. Тәрк ету – жалқаулықпен біле тұра оқымау деген сөз. [Үзірлі себеппен өткізіп алуға фәут ету делінеді.] Үзірмен уақытылы оқыла алмаған намаздарды тез арада қазасын оқу парыз. Жанұясының напақасын табатындай уақытқа кешіктіру жаиз болады. Ибн Тәймийаның «Қаза намаздарын оқымаған адамның жақсы амалдары, қайырымдылығы қаза намазы орнына өтеді. Оның қаза оқуы қажет емес» деген сөзі – адасушылық.