19 - Жамазиәл-әууәл, 1446 жыл.
     21 - Қараша, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Қажетті дұғалар / Аллаһу та'аланы көп еске алу керек

Аллаһу та'аланы көп еске алу керек

Сұрақ: Аллаһты еске алу үшін қандай дұғаларды оқу керек?

Жауап: Мұсылман, сенімін түзеткеннен кейін, құлға және Жаратқанға болған қарыздарын өтеуге тырысу керек, мүмкіндік тапқанында барлық істерде Аллаһу та'аланы еске алуға тырысуы керек! Білетін дұға және тәсбихтарын оқу да Аллаһу та'аланы еске алу болып саналады. Құран кәрімде былай делінеді:

«Аллаһты көп зікір еткендердің (еске алғандардың) күнәлары кешіріледі және үлкен қайтарымы беріледі.» (Ахзаб 35)

«Жүректер тек Аллаһу та'аланы еске алу арқылы ғана саламаттыққа, рахаттыққа қауышады.» (Рад 28)

«Аллаһтың ниғметтерін ойлаңдар – құтыласыңдар.» (Араф 69)

«Мені еске алыңдар, мен де сендерді еске алайын. Маған шүкір етіңдер, рахметсіздік жасамаңдар.» (Бақара 152)

Хадис шәрифтерде де былай делінеді:

«Аллаһу та'ала қияметте айтады: Дүниеде бір күн мені еске алып ойлаған мұсылманды, менен бір-ақ рет қорққан мұсылманды тозақтан шығарыңдар!» (Тирмизи)

«Түнде ғибадат жасамайтын, мал-мүлкін қайырымдылыққа жұмсамайтын адам Аллаһу та'аланың көп еске алсын!» (Бәззар)

«Сендерге "жынды" дегенге дейін Аллаһу та'аланы көп еске алыңдар!» (Хаким)

«Мұнафықтар риягер десе де Аллаһу та'аланы көп еске алыңдар!» (Бәйһақи)

«Жалғыз кезде Аллаһу та'аланы зікір еткен адам кәпірлермен жалғыз соғысқан адам сияқты.» (Ширази)

«Шүкір етуші жүрекке, зікір етуші тілге, жақсы үйге және салиха әйелге ие болған адам дүние мен ахиреттің жақсылығына қауышты деген сөз.» (Ибн Нәжжар)

Имам Раббани хазреттері былай деген:

Жәннаттың ағаштары, өзендері дүниедегілерге мүлдем ұқсамайды. Ол жақтағы болмыстың бәрі дүниедегі ғибадаттардың, жақсылықтардың жемістері.

Сүйікті пайғамбарымыз: «Жәннатта ағаш жоқ. Тәсбих, тахмид, тәмжид және таһлил оқып, (яғни "Субханаллаһи уәлхамду лиллаһи уә лә илаһә иллаллаһу уаллаһу әкбар" деп) ол жаққа көп ағаш отырғызыңдар» деді. (Сүйіншілеуші хаттар 302)

Хадис шәрифтерде де былай делінеді:

«Аллаһтың дәргейінде ең құнды сөз – "Субханаллаһи уә бихамдиһи".» (Мүслим)

«Күніне жүз рет "Субханаллаһи уә бихамдиһи" деген адамның күнәлары теңіз көбігіндей көп болса да, кешіріледі.» (Мүслим)

«Түнде ғибадат жасау өзіне қиын болып келген немесе мал-мүлкін қайырымдылыққа жұмсауда сараңдық танытқан, яки дұшпанмен соғысудан қорққан адам көп "Субханаллаһи уә бихамдиһи" десін. Өйткені бұл Аллаһ жолында жұмсалатын бір алтын таудан да құндырақ.» (Табарани)

«Айтылуы оңай, таразыда ауыр және кешіруші Аллаһ алдында ең құнды болған екі сөз: "Субханаллаһи уә бихамдиһи, субханаллаһил азыйм".» (Мүслим)