19 - Жамазиәл-әууәл, 1446 жыл.
     21 - Қараша, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Неліктен тәкаппарлық үлкен күнә?

Неліктен тәкаппарлық үлкен күнә?

Әһли хикмет ғұламалар былай деген:

Аллаһу та'ала таза және ықыласты адамдарды кешіреді, бірақ шайтан сияқты тәкәппар болғандарды кешірмейді. Тәкәппарлық – ширкке баратын жолдың бастамасы. Аллаһу та'ала: «Кезкелген күнәні кешіремін, бірақ ширкті кешірмеймін!» дейді. Тәкәппарлық ширкке жетелейтіндіктен, «Тәкәппарланған адамды отқа еш мейірім танытпастан тастаймын!» дейді.

Мүмин – басы иілген адам. Ғибадат жасаса да, күнә істесе де, мүминнің белгісі – басын июі. Тіпті Жафәр бин Синан хазреттері «Күнә істеушілердің басын июі ғибадат етушілердің көкірегін керуінен жақсырақ» деген. Біз тек батып бара жатқан адам сияқты жалынып-жалбарынамыз, сонда бізге қамқорлық есігі ашылады. Әйтпесе «Менің жағдайым рахат, маған ештеңе керек емес» дейтін адамға кім жәрдем береді?

Аллаһу та'аланың құдіреті бар кезде басқа біреудің құдіретіне жүгіну, Оның жаратуы бар кезде басқасынан көмек күту құлдыққа жараспайды.

Бір күнәға берілген мұсылман, күнәхар болса да, айыбын мойындайды. Тәубе етпеген болса да, кешірім мен шапағатқа қауышпаса да, осы күнәсінің кесірінен тозаққа түссе де, ол жақта мәңгі қалмайды. Бірақ кәпірлердің ғибадат ретінде орындағандарын ұнатып, бұл әрекеттерін дін ретінде қабыл еткен адам Аллаһу та'аланың әмірін жақтырмағандықтан, қарсы шыққандықтан, тозақта мәңгі қалады.

Мысалы шайтан, яғни Ібіліс, сәжде ету әміріне бағынбай, қылмыс жасады. Бірақ, негізінде мәңгі отта жануы Аллаһу та'аланың осы әмірін ұнатпауы кесірінен. «Йа, Раббым, ол балшықтан, ал мен оттан жаратылдым. Мен одан қадірлімін» деді. Өзі періштелерге ұстаз болған, көп ғибадат жасаған еді. Осы себептен және оттан жаратылуы себебінен тәкәппарланып, Аллаһтың әмірін ұнатпады. Қазіргі таңда сәжде етпейтін мұсылмандар көп, бірақ сонда да олардың имандары бар, олар кәпір емес. Өйткені әрекеттерінің қате екенін біледі. Бірақ Ібіліс сәжде етпегені үшін емес, сәжде әмірін ұнатпағаны үшін мүртәд болды. Дәл осылай, намазды міндет деп білмейтін адам да осылай кәпір болады.

Хақ та'ала әмір еткен бір амалды орындамау және тыйым салынған бір амалды істеу – күнә, бірақ кешірілуі мүмкін. Бірақ әмірлер мен тыйымдарды ұнатпау – күпірлік. Адам сол жағдайымен өлетін болса, кешірілу ықтималы мүлдем жоқ.

Бұл заманда осыларды түсіндіретін адам қалмағандай. Діни мәлімет ретінде өсімдіктер, жәндіктер жайында айтылып жатады. Мұсылмандардың көбі иманның негіздерін, дұрыс сенім білімдерін, парыздарды, харамдарды, намаздың маңызын білмейді. Негізінде осы мәліметтерде тоқталу қажет, бұл білімдерді дұрыс баяндайтын кітаптар мен ақпарат құралдарының таралуына тырысу керек.