20 - Жамазиәл-ахир, 1446 жыл.
     21 - Желтоқсан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Әдеп-ахлақ / Ислам ахлақы / 5-ші ТОМ, 113-ші ХАТ

5-ші ТОМ, 113-ші ХАТ

[Бұл хатта зікірдің қалай жасалатындығы жазылған. Бұл хат «Қиямет және Ахирет» кітабының 165-ші бетінде де жазылған.]

Анықтама: Алғашқы мектеп жасындағы балалар бақшада, қоғамдық орындарда ойнайды. Өздеріне ұнайтын және достарынан көрген нәрселермен уақыт өткізеді. Ата-аналары зиянды нәрселермен ойнауына тосқауыл болады. Егер тыңдамайтын болса, оларды ұрып, зиянды ойындарға бөгет болады. Ата-анасының тәрбиесімен жетілген балалар өскен кездерінде өздеріне және қоғамға пайдалы болады. Дәл осы сияқты, адамдар нәпістерінің және жаман адамдардың қалауларына еріп, зиянды істер жасап жүр. Аллаһу та’ала өте мейірімді болғандықтан, пайдалы және зиянды нәрселерді білдірген, пайдалы болғандарын орындауды, зиянды болғандарынан сақтануды әмір етті. Осы әмірлер мен тыйымдарға «Дін» делінеді. Мұхаммед алейһиссалам білдірген дінге «Ислам діні» делінеді. Ислам дініне мойынсұнғандар үнемі пайдалы істер жасайды. Ешкімге зияндары тимейді. Оларды Аллаһу та’ала да, құлдар да жақсы көреді. Олар дүниеде және ахиретте бақытқа қауышады. Аңғарылып тұрғанындай, Ислам діні – адамдарды бақытқа қауыштыратын себеп. Бұл себепке бағыну адамдарға бейнет және қорлық емес, бақытқа қол жеткізетін құрал. Аллаһу та’ала барлық нәрсені бір себеппен жаратуда. Ата-аналар осы Аллаһу та'аланың әдетіне бағынып, бала-шағаларының жақсы адам болуы үшін тәрбиелеу себебіне жабысқаны сияқты, Аллаһу та’ала да құлдарының дүниеде рахат өмір сүріп, ахиретте де мәңгі бақытқа қауышуы үшін Ислам діні ниғметін себеп ретінде жаратқан. Әр адам осы себепке жүгінсе, ешкім, дерт, қасірет көрмейді. Қайғы-қасірет, қиыншылық сөздері ұмытылады, барлық жер гүлденген болады.

Кітапты жазуды «Бисмиллаһ» оқып бастаған едік. Соңғы сөз ретінде де Раббымызға хамд (мадақтау) етейік: УӘЛХАМДУ ЛИЛЛАҺИ РАББИЛ АЛӘМИН.