19 - Жамазиәл-әууәл, 1446 жыл.
     21 - Қараша, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Бұл дүние жаннаттың қасында мұсылманның зынданы

Бұл дүние жаннаттың қасында мұсылманның зынданы

Әһли хикмет ғұламалар былай деген:

Әр күніміздің соңғы күн, оқыған әр намазымыздың соңғы намаз екенін ойлауымыз керек. Ғұламаларымыз алған әр тынысын соңғы дем деп қабылдайтын еді. Әрине егер адам осылай ойлайтын болса, әр түрлі құмарлық, азғындықты тежейді, бақылауға алады.

Харамдар мен халалдар бір-бірімен араласып, барлық жақты қаптаған бір заманда өмір сүрудеміз. Бұл заманда иманды сақтап қалу өте қиындады. Күнәға бату басқа, харамға мән бермеу, харамдарды ұнату басқа. Бірі күнә болса, екіншісі – күпір.

Бұл дүниедегі ниғметтердің, үйлердің, зәулім ғимараттардың бәрі – қиял. Бұлардың шынайысы жәннатта мұсылмандарға арналады. Бұл дүние қиял, түс. Түске алданбау керек. Сүйікті пайғамбарымыз «Адамдар ұйқыда, өлген кезде оянады» және «Дүние – мұсылманның зынданы, ал кәпірдің жәннаты» деген. Әлбетте бұл жәннаттағы ниғметтерге, тозақтағы азаптарға байланысты айтылған. Жәннатта сондай ниғметтер болады, бұл өміріміз сол ниғметтердің жанында зындан сияқты болады. Кәпірлер де сол азапқа түскен кездерінде қатты қиналады, бұл жақтағы өмірлері сол тозақ азаптарының жанында жәннаттай көрінеді.

Сабырлы болу керек, ешкімге ашуланбау керек, өз жағдайымыздан да шағымданбауымыз керек. Дүние – емтихан. Әр сәтте Аллаһу та'ала бізді сынап жатыр. Басымызға келген жақсы-жаман жағдайлардың бәрі – емтихан. Ал енді Аллаһу та'аланы таңдаймыз ба, әлде басқаны ма? Амалдарымызды Ол үшін орындаймыз ба, әлде нәпсіміз үшін бе? Оған бағынамыз ба, әлде Одан басқасына ма? Әрдайым осындай таңдауды қажет ететін өмірде және жағдайдамыз. Аллаһу та'алаға ғибадат жасаушылар, Оны таңдағандар әлбетте Оның разылығына қол жеткізеді. Хақ та'алаға үнамайтын істерді, нәрселерді таңдағандар, Оның разылығын тәрк еткендер әлбетте тәрк етілген жерге барады. Бұл жерде түсініксіз болған ештеңе жоқ. Ешқандай күтілмеген жағдай да жоқ. Әркім өз таңдауына қол жеткізеді.

Шынайы байлық пен кедейлік, яғни мұсылманның байлығы, кәпірдің кедейлігі ахиретте мәлім болады. Адам тозаққа апаратын тірліктер істеп, ертең өртеніп жатқанында өмірдегі мал-мүліктерінің оған не пайдасы болмақ?

Марқұм Хусейн бин Саид хазреттері «Дінімізге қызмет етушілер Раббымыздың жәннатта беретін ниғметтерінің қадірін, құндылығын біраз түсіне, сезіне алғанда еді, өздерін және барлық нәрсені ұмытып, қуаныштан көшеге шығып секіретін еді» дейтін еді.