Ата-ананы тыңдамай үйлену
Сұрақ: Бір қыздың салих ата-анасын тыңдамастан сүйікті адамымен үйленуі жаиз ба? Ата-ананың баласының мойнында қандай ақылары бар? Жауап: Имам Нәсәфи хазреттері былай деген: Ата-ананың баласының мойнында сексенге жуық ақысы бар. Бұлардың бірнешеуі мынадай: Хадис шәрифте былай делінеді: «Ата-анасын қызметімен разы қылған адам Аллаһу та'аланы разы қылған болады, оларды ашуландырған адам Аллаһу та'аланы ашуландырған болады.» (Ибн Нәжжар)
Хасан Басри хазреттері қағбаны тауаф етіп жүргенде арқасында жүгі бар болған бір адамды көріп, одан сұрайды: - Неліктен жүкпен тауаф етіп жүрсің? - Бұл жүк емес, әкем. Оны Шамнан жеті рет әкеліп тауаф еттім. Өйткені әкем маған дінімді, иманымды үйретті. Мені Ислам тәрбиесімен жетілдірді. - Қияметке дейін осылай арқаңда алып жүрсең де, бір рет ренжіту арқылы осы жасаған қызметтерің босқа кетеді. Бір рет те көңілін аулап, разы қылсаң, осыншама қызметке тең болады.
«Йа, Расулаллаһ, анам мүшрик. Оған жақсылық жасауым жаиз ба?» деп сұраған бір адамға пайғамбарымыз: «Иә, анаңа жақсылық жаса, сый-сияпат көрсет!» деп жауап берді. (Әбу Дауд) Хадис шәрифтерде былай делінеді: «Ең құнды амал – уақытында оқылған намаздан кейін, ата-анаға жақсылық жасау.» (Мүслим) «Ата-анаға сый-сияпат көрсету бетбақтықты бақытқа ауыстырады, өмірді ұзатады және адамды жаман өлімнен қорғайды.» (Әбу Нуайм) Олай болса, ата-ана залым болып, перзентіне зұлымдық жасаса да, күнә істеуді бұйырса да, сонда да оларды ренжітпеуге, ашуландырмауға тырысу керек! Оларды ренжітетін сөздер мен әрекеттерге рұқсат жоқ. Ата-ана жаман болса да, олармен жақсы қарым-қатынаста болу керек! Оларды зиярат етпей қою үлкен күнә. Ең болмағанда сәлем айтып жіберіп, жылы сөздерді хатпен жазу арқылы, телефон соғу арқылы бұл күнәдан құтылу керек! Әкесіне қарсы шыққан адам өз баласынан адамгершілік көре алмайды, мақсатына жете алмайды, жанұясымен жақсы мәміледе бола алмайды, үйінің берекесі қашады. (Шира) Хадис шәрифтерде былай делінеді: «Ата-ананың разылығын алған мүминге жәннаттың екі есігі, ал ренжіткен адамға тозақтың екі есігі ашылады.» (Бәйһақи) «Ата-анасын разы қылған мүмин не істесе де, тозаққа кірмейді, ренжіткен адам да жәннатқа кірмейді.» (Шира) Жиһадқа бару үшін рұқсат сұраған бір адамға сүйікті пайғамбарымыз ата-анасының тірі екенін білген кезде: «Осында қал, оларға қызмет ет, оларға қызмет ету – жиһад» деп айтты. (Бұхари) Жиһадқа бару үшін келген басқа бір адамға былай деген: «Анаңның қасынан айрылма! Жәннат оның аяғының астында.»(Нәсаи) Тағы бір адам хижрет ету үшін келіп: «Йа, Расулаллаһ, ата-анамды жылатып келдім» деді. Пайғамбарымыз бұл жағдайға мұңайып, оған былай деді: «Дереу бар, оларды қалай жылатқан болсаң, солай күлдір!» (Әбу Дауд) Хақ та'ала былай деген: «Ей, Мұса, менің алдымда өте ауыр және үлкен бір күнә бар, ол – ата-ана баласын шақырған кезде оның әмірге бағынбауы.» (И.Ахлақы) «Біз адамға ата-анасына жақсылық жасауына кеңес бердік.» (Ахқаф 15) Хасан Басри хазреттері былай деді: «Ғалым бір перзенттің ата-анасы кәпір болса, құдықтан су тартып алуға баласына мұқтаж болса, баласы да бірнеше шелек тартқаннан кейін «Уф» десе, осы себеппен бүкіл амалдарының сауаптары жоқ болады.» Сүйікті пайғамбарымыз: «Ана мен баланың арасын бұзған адамға лағнет болсын!» деген еді. (Ғунийа) Қандай әрекетпен болса да, қалай болса да, олардың разылығын алуға тырысу керек! Хадис шәрифте былай делінеді: «Раббының разылығы ата-ананың разылығында, ашуы да ата-ананың ашуында.» (Бұхари) Ренжітіп қоюдан қатты қорқу керек. Исра сүресінің 23-ші аяти каримасында ата-анаға жылы шырай таныту, жақсы қарым-қатынаста болып, жұмсақ және жылы сөйлеу әмір етілуде. Салих ата-ананың разылығын алмай, оларды ренжітіп үйленудің қаупін осы аяттар мен хадис шәрифтерден жақсылап түсіну керек. |