19 - Жамазиәл-әууәл, 1446 жыл.
     21 - Қараша, 2024 жыл.   


Иман және Ислам

-2-

ИМАН және ИСЛАМ

Бұл «Итиқаднама» кітабында Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) «Иманды және Исламды» баяндайтын бір хадис шәрифі түсіндіріледі. Осы хадис шәрифтің берекетімен мұсылмандардың сенімдерінің қуаттанатындығына, осылайша олардың үстемдік пен бақытқа қауышатындығына және осы қателігі, күнәсі көп болған Халидтің де (қуддиса сиррух) құтылуына себеп болатындығына үміттенемін.

Ештеңеге мұқтаж болмаған, қайырымдылығы, ихсаны мол болған және құлдарына үлкен қамқорлық танытатын Аллаһу та’алаға сенімім мынадай, сауабы аз, жүрегі қарайған бұл пақыр Халидтің орынсыз сөздерін кешіріп, кемшілікті ғибадаттарын қабыл етсін! Өтірікші, алдаушы шайтанның жамандықтарынан [және Ислам дұшпандарының өтірік, қате сөздері мен жазбаларына алданудан] сақтап, бақытты етсін! Мейірімділердің ең мейірімдісі және ихсан иелерінің ең жомарты тек Аллаһу та’ала.

Ислам ғұламалары былай дейді: «Мүкәлләф» болған, яғни ақыл-есі дұрыс, балиғат жасына толған әйел-еркек әрбір мұсылманның [Аллаһу та'аланы тануы, білуі, яғни] Аллаһу та’аланың заттық және субути сипаттарын дұрыс білуі және сенуі керек. Әркімге ең алғаш парыз болған нәрсе – осы. Білмеу үзір болмайды. Білмеу күнә болады. Ахмет ұлы Халид Бағдадидің бұл кітапты жазудан мақсаты өзгелерге үстемдік пен білім сату және атақ иелену үшін емес. Оның мақсаты бір жәдігер, бір қызмет қалдыру. Аллаһу та’ала бұл әлсіз Халидке және бүкіл мұсылмандарға өз қуатымен және Расулының мубәрәк рухының жәрдемімен көмек берсін! Әмин. (Халид Бағдади 1242 (м.1826) жылы Шамда қайтыс болды.)

[Аллаһу та’аланың алты «Заттық сипаты» бар. Олар: Вужуд, Қидам, Бәқа, Уаһданийат, Мухалафатун лил хауадис және Қияму бинәфсиһи. Вужуд – өздігінен бар болу деген сөз. Қидам– бар болуының әуелі, бастауы жоқ деген сөз. Бәқа – бар болуы шексіз, соңсыз, ешқашан жоқ болмайды деген сөз. Уаһданийат – ешбір тұрғыдан серігі, теңдесі, ұқсасы жоқ деген сөз. Мухалафатун лил хауадис – ешбір нәрсесі ешбір жаратылысқа ешбір тұрғыдан ұқсамайды деген сөз. Қиям би нәфсиһи – бар болуы өздігінен, әрдайым бар болуында ештеңеге мұқтаж емес деген сөз. Осы алты сипаттың ешбірі махлұқтардың (жаратылғандардың) ешқайсысында жоқ. Бұлардың махлұқтарға ешбір түрде қатысы, байланысы да жоқ. Кейбір ғалымдар Уаһданийат пен Мухалафатун лил хауадис сипаттарының бір екендігін айтып, «Заттық сипаттары бесеу» деп есептеген.]

Аллаһу та’аладан басқа барлық нәрсеге «Ма-сиуа» немесе «Әлем» делінеді. Қазір «Табиғат» деп атайды. Әлемдердің ешқайсысы жоқ еді. Бәрін Аллаһу та’ала  жаратты. Әлемдердің барлығы мүмкин және хадис. Яғни жоқ кезде бар бола алады және бар кезде жоқ бола алады, әлем жоқтан бар болған. «Аллаһу та’ала бар еді. Ештеңе жоқ еді» хадис шәрифі осыны көрсетуде.

Әлемнің хадис (кейіннен жаратылған) екенін көрсететін екінші дәлел – әлемнің әрдайым бұзылып, өзгеруі. Барлық нәрсе өзгеріске ұшырайды. Ал қадим болған нәрсе ешқашан өзгермейді. Аллаһу та’аланың заты [яғни өзі] және сипаттары осындай. Бұлар еш өзгермейді. [Алайда, әлемде, физикалық құбылыстарда заттардың күйі өзгеруде. Химиялық реакцияларда заттардың негізі, құрамы өзгеруде. Денелер жоқ болып кетіп, басқа денелерге айналғанын көріп жүрміз. Қазіргі таңда енді табылған атомдық өзгерістерде және ядролық реакцияларда зат та, элемент те жоқ болып, энергияға айналады.] Әлемдердің осындай өзгерістері, бір-бірінен пайда болуы шексіздіктен келе алмайды. Бір бастамасының бар болуы, жоқтан бар болған алғашқы заттардан, элементтерден пайда болуы қажет.

Әлемнің мумкин екендігіне, яғни жоқ кезде бар бола алатындығына басқа бір дәлел – әлемнің хадис болуы. Яғни барлық нәрсенің жоқтан бар болуы. [Вужуд – бар болу деген сөз. Үш түрлі вужуд бар: Біріншісі «Уажиб-ул-вужуд». Яғни, бар болуы қажет болған вужуд. Ол әрдайым бар. Әуелі және соңсыз кейіні еш жоқ бола алмайды. Тек Аллаһу та’ала ғана уәжибул-вужуд. Екіншісі, «Мумтәни-ул-вужуд».Яғни, бар бола алмайды. Әрдайым жоқ болуы керек. Шерик-и бари осындай. Яғни, Аллаһу та’аланың серігі, Аллаһу та’ала сияқты екінші тәңір бола алмайды. Үшіншісі, «Мумкин-ул-вужуд». Яғни, бар болуы да, жоқ болуы да мүмкін. Бүкіл әлемдер, махлұқтар (жаратылыстар) осындай. «Вужуд» сөзінің антонимі «Адем». Адем – жоқтық дегенді білдіреді. Әлемдер, яғни барлық нәрселер бар болудан бұрын адемде еді. Яғни жоқ еді.]

Мәужуд, яғни бар болған нәрселер екеу: біріншісі «Мүмкин», екіншісі «Уәжиб». Егер мәужуд тек мүмкин болғанда және уәжиб-ул-вужуд болмағанда еді, ештеңе бар бола алмас еді. [Өйткені, жоқтан бар болу – бір өзгеріс, бір құбылыс. Физикадағы біліміміз бойынша, әр денеде бір құбылыстың орын алуы үшін бұл денеге сырттан бір қуаттың әсер етуі, бұл қуат қайнарының әлгі денеден бұрын бар болуы керек.] Сондықтан, мүмкин болған мәужуд өздігінен бар бола алмайды және бар болып тұра алмайды. Оған бір қуат әсер етпегенде еді, әрдайым жоқ күйінде қалар еді. Бар бола алмайтын еді. Өз-өзін бар қыла алмаған нәрсе, әрине, басқа мүмкиндерді де жарата алмайды. Мүмкинді жаратушының уәжиб-ул-вужуд болуы керек. Әлемнің бар болуы, оны жоқтан бар еткен бір жаратушының бар екендігін көрсетеді. Көрініп тұрғанындай, хадис болмаған және мүмкин болмаған, яғни әрдайым бар болған бүкіл мүмкиндердің жалғыз жаратушысы тек қана уәжибул-вужуд. Ол қадим (Оның бар болуының бастамасы жоқ). Яғни үнемі бар еді. Уәжибул-вужуд дегеніміз – бар болуы өзгеден емес, тек өздігінен болу деген сөз. Ешкім тарапынан жаратылмаған. Егер бұлай болмаса, мүмкин және хадис (кейіннен жаратылған) болуы, өзге біреу тарапынан жаратылуы қажет болады. Ал бұл жағдай айтылғанға теріс келетін нәтиже. Парсы тілінде «Худа» деген сөз – өздігінен үнемі бар болушы, яғни қадим дегенді білдіреді. [Кітабымыздың 1-ші бөлім, 6-шы бабында, 74-ші бетінде кеңірек мәлімет берілген. Сол жақтан да оқыңыз!]

Әлемдердің таңқаларлықтай тәртіп ішінде екенін көріп жүрміз. Ғылым жыл сайын бұлардың жаңаларын ашып табуда. Бұл тәртіпті жаратқанның «Хай» тірі, «Алим» білуші, «Қадир» құдіретті, «Мүрид» қалаушы, «Сәми» естуші, «Басир» көруші, «Мүтәкәллим» сөйлеуші және «Халиқ» жаратушы болуы қажет. Өйткені, өлу, сауатсыз болу, күші жетпеу, қиналып жасау, соқыр және керең болу, сөйлей алмау – әрбірі жеке-жеке кемшіліктер болып саналады. Бұл әлемді осындай тәртіппен жаратушыда және жоқ болудан қорғаушыда мұндай кемшілік сипаттардың бар болуы мүмкін емес.

[Атомнан бастап жұлдыздарға дейінгі барлық болмыстың әрбірі жеке есеппен, заңдылықпен жаратылған. Физикада, химияда, астрономияда және биологияда ашыла алған заңдылықтардағы, байланыстардағы тәртіп адамның ақылын таң қалдыруда. Тіпті Дарвиннің де: «Көздің құрылысындағы тәртіпті, нәзіктікті ойлаған сайын миым атылып кете жаздайды» деуге мәжбүр болған. Ауаның 78 пайызы азоттан, 21 пайызы оттегіден және 1 пайызы асыл газдардан құралған. Күрделі емес, қоспа. Егер оттегі 21 пайыздан көп болғанда еді, өкпемізді жағып жіберетін еді. Ал 21 пайыздан аз болғанда еді, қанның құрамындағы азықтарды жаға алмайтын еді. Адамдар мен жануарлар өмір сүре алмайтын еді. Бұл 21 пайыздық мөлшер барлық жерде де, жаңбырда да өзгермейді. Ал бұл жағдай – үлкен ниғмет. Бұл Аллаһтың бар екендігін, құдыретін және мейірімін көрсетіп тұрған жоқ па? Бұл ғажайыптың жанында көздің құрылысы түк болмай қалады. Пән ғылымдарында оқытылатын бүкіл заңдылықтарды, нәзік есептерді, формулаларды жаратушының нұқсан сипаты болуы мүмкін бе?]

Бұдан басқа, аталмыш кәміл сипаттарын махлұқтарында (жаратылыстарында) да байқап жүрміз. Бұларды махлұқтарында жаратқан.  Бұл сипаттар өзінде болмағанда еді, махлұқтарда қалай жаратар еді? Өзінде болмағанда еді, махлұқтары Одан үстемірек болар еді.

Сондай-ақ, әлемдердің жаратушысында барлық кәміл, үстем сипаттардың бар болуы және нұқсан сипаттардың ешқайсысының болмауы қажет. Өйткені нұқсан, кемшілігі болған Құдай жаратушы бола алмайды.

Ақыл көрсеткен осы дәлелдерден бөлек, аяти карималар мен хадис шәрифтер де Аллаһу та’аланың кәміл сипаттары бар екенін айқын білдіруде. Бұған күмәндану жаиз емес. Күмән келтіру күпірге себеп болады. Жоғарыда жазылған сегіз кәміл сипатына «Субути сипаттар» делінеді. Яғни Аллаһу та'аланың сегіз субути сипаттары бар. Аллаһу та’алада барлық кәміл сипаттар бар. Оның затында, сипаттарында және істерінде ешқандай кемшілік, қателік, өзгеріс жоқ. «Заттық сипаттары» мен «Субути сипаттары» «Улухийат сипаттары» деп аталады. Жаратылыстың бірінде улухийат сипаты бар екендігіне сенген адам «Мүшрик» болады.