Бір мұсылманды қуантқан адам
Әһли хикмет ғұламалар былай деген: Сүйікті пайғамбарымыз: «Бір мұсылманды қуантқан адам Аллаһты қуантады» деген. Аллаһ сақтасын, бір мүминді ренжіткен адам да Аллаһу та'аланы ренжітеді. Адам қажылыққа барған кезінде қасиетті қағбаға қараса, ештеңе оқымаса да, сауап алады. Бір мұсылманның жүзіне сүйіспеншілікпен қарау да осындай. Тіпті бұл әрекет – Махшар күні Арштың астында көлеңкіде орын алуға себеп болатын ғибадат. Аллаһу та'аланың ең жақтырмайтын күнәларының бірі – адамды ренжіту. Кәпірді ренжіту де күнә болады. Аллаһу та'ала жаратқан бүкіл құлдары жайлы «Олар менің иялымдай» деген. Иял – үйдегі, жанұядағы адамдар деген сөз. Бір ата-ананың перзенті қаншалықты жаман болса да, басқа біреу тарапынан оның жазаландырылуы ата-ананы ренжітеді. «Маған айтпайсыз ба, жазасын өзім беретін едім ғой!» дейді. Аллаһу та'ала да ешбір құлына басқа құлын жазаландыру құқығын бермеген. Сотта қаралатын бір қылмыс істесе де, оның жазасын сот береді. Хадис құдсиде: «Жер мен көкке сыймаймын, бір мүмин (иманды) құлымның жүрегіне сыямын» делінген. Сондықтан, Аллаһқа деген сүйіспеншілікке толы болған жүрек өте қадірлі. Сүйікті пайғамбарымыз да: «Бір мүминді ренжіту қағбаны 70 рет құлатудан да үлкен күнә» деген. Бұған сенген адам қалайша өз нәпсі, өз зауқы үшін жаман ойлап, ғайбат айтып немесе жала жауып, дөрекі сөйлеп бір бауырының ренжуіне себеп бола алады? Сондай бір өмір сүріп жатырмыз, бұдан жүз жыл бұрын бұл дүниеде ешқайсымыз жоқ едік. Жүз жылдан кейін де ешқайсымыз болмаймыз. Яғни басы мен соңы жоқтық болған осыншама қысқа уақытқа бар болу кезі ренжітуге немесе ренжуге арзиды ма?
Сіз оразалы едіңіз ғой!.. Мәулана Халид Бағдади хазреттері жаздың ыстық бір күнінде бірнеше шәкірттерімен бірге күндіз жолда кетіп бара жатқанда бір адам алдарынан шығып, су бергісі келеді, «Мырзам, Аллаһ разылығы үшін мына кеседен біраз су ішіңіз, аз мөлшерін қалдырыңыз! Мүминнен артылғандар – шипа. Әсіресе сіз сияқтылардан артылғандар шипаның үстіне шипа. Берекет болсын деп қалғанын қайтадан су ыдысына құямын» дейді. Мәулана Халид хазреттері кесені алып, біразын ішеді де, кесені қайтарады. Жолын жалғастырғаннан кейін шәкірті «Ұстазым, сіз бүгін ораза ұстаған едіңіз ғой» дегенінде, Мәулана Халид хазреттері: «Иә. Бірақ ол шын көңілімен сұрағаны соншалық, ол мұсылманды қалайша ренжіте аламын? Оны қуанту үшін істедім. Бұл оразам нәпіл еді, қайтадан қазасын ұстаймын» дейді. |