19 - Жамазиәл-әууәл, 1446 жыл.
     21 - Қараша, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Себепке жүгіну шарт

Себепке жүгіну шарт

Әһли хикмет ғұламалар былай деген:

Аллаһу та'ала барлық нәрсені бір есеппен, яғни бір себеппен жаратқан. Сондықтан, бір нәрсеге қол жеткізуді көздеген адам алдымен соның себебіне жүгінуі, кейін дұға етуі керек.

Адамдар, жалпы алғанда, жалқау. Аллаһу та'ала берген мүмкіндіктен төмен әрекет етуде. Асхаби кирам заманынан бастап тарихқа қарасақ, ғалым және әулиелердің өмірбаяндарын оқысақ, олардың қайраттылықтарының, еңбектерінің жанында біз ештеңе істемегенімізді көреміз. Мақсат он тірлікті бірден жасау емес. Маңызды болғаны, бір іс болса да, өзімізді сол іске арнап, жетістікті болуға тырысу, қолымыздан келгенін істеу.

Демек, әуелі не істейтінімізге шешім қабылдаймыз. Бұтақтан бұтаққа секіру дұрыс емес... Екіншісі, ниетіміз қандай болса, сол үшін көп еңбек етеміз. Бір бала кіші жасында «Мен бастық боламын» деген мақсат қойса, Аллаһу та'ала оған сол есіктерді ашады және ол мақсатына жетеді. Тілегені қайырлы болса, дұрыс бір жұмыс болса, ниеті де жақсы болса, сауабын да алады, ахиретте де рахаттық табады. Қайырсыз, жаман нәрсе болса, есебін береді, бірақ бұл жол да оған ашылады. Әркім не қаласа, соған қауышады. Бір аяти кариманың мағынасы:

«Ахирет үшін еңбек етушілердің табыстарын арттырамыз. Дүниелік пайда үшін еңбек еткендерге де (денсаулық, ақша, атақ-даңқ сияқты) дүниелік ниғметтерді береміз. Бірақ ахиретте олар ештеңеге қол жеткізбейді.» (Шура 20)

 

Ынталы болу

Жалпы алғанда, адамдар дүниеде не қаласа, соған қол жеткізеді, біреулер сұлтан болады, дінге және мұсылмандарға қызмет етеді. Біреулер залым болады, адамдарға зұлымдық жасайды. Шыңғыс хан үлкен император еді, жетім болып өсті. Ерекше ашкөздікпен, табандылықпен қалағанына қол жеткізді және тікелей өз қолынан өлген адамдардың саны 40 миллионнан асты. Ол осыған ниет еткен және қалағанын алған еді. Бұл қайырлы іс пе? Әлбетте жоқ. Ол есебін береді. Сондықтан, мақсатымыз не болса, әрине дұрыс жолда болу шартымен біреу болсын, дұрыс болсын, оған екі қолмен жармасуымыз, көп еңбек етуіміз керек. Яғни қысқасы «Аллаһу та'ала үлкен құлшынысқа ие болғандарды жақсы көреді» хадис шәрифіне бағыну керек, ынталы болуға тырысу керек. Құлшыныс – бүкіл қайраттылықтың, бүкіл дұғаның, бүкіл ойлардың, барлық нәрсенің бір нүктеде бірігуі деген сөз.