Сүннет намаздар
Сұрақ: Кейбір адамдар сүннет намаздар жайында, әсіресе құптанның алғашқы сүннетіне қатысты хадис болмағандықтан бидғат дейді. Дұрысы қандай? Жауап: Бүкіл сүннеттерге қатысты хадис шәрифтер бар. Құптанның алғашқы сүннеті Ханафиде және Маликиде ғайри муәккәд сүннет болып табылады. Нимет-и Ислам кітабында былай жазылған: Сүннеттерге «Нәпіл» делінуі нәпіл терминінің көп мағыналы болуынан. Өйткені барлық сүннеттер – нәпіл. Барлық нәпіл сүннет емес. Нәпілдер рәуатиб және рағаиб болып екіге бөлінеді. Рәуатиб: Парыздардан бұрын немесе кейін оқылатын муәккәд және ғайри муәккәд сүннеттер. Рағаиб: Сәске және тәһәжжуд сияқты басқа нәпіл сүннеттер. Муәккәд сүннеттердің бір бөлігі екі, бір бөлігі төрт рәкаттан тұрады. Екі рәкаттықтар: Таң намазынан бұрын, бесін, ақшам және құптан намаздарынан кейін оқылатын екі рәкатты сүннеттер. Төрт рәкаттықтар: Бесін және жұма намазынан бұрын және жұма намазынан кейін оқылатын төрт рәкатты сүннеттер. Ғайри муәккәд сүннеттер: Екінді және құптаннан бұрын оқылатын төрт рәкатты сүннеттер. Бесіннің және құптанның екі рәкаттық соңғы сүннеттеріне тағы екі рәкаттан қосып, төрт рәкат қылып оқу да мәндуб сүннеттерден саналады. Бір хадис шәриф мынадай: «Бесіннің парызынан бұрын және кейін тұрақты түрде төрт рәкат (нәпіл) оқыған адамға тозақ харам болады.» (Тирмизи, Әбу Дауд) Ақшам намазының парызынан немесе муәккәд сүннет болған екі рәкаттан кейін алты рәкат намаз оқу да мәндуб сүннет болып табылады. Бұл мәндуб сүннет Әууәбин деп аталады. Бір хадис шәрифтің мағынасы: «Ақшам намазынан кейін сөйлемей тағы алты рәкат оқыған адамның елу жылдық (кіші) күнәлары кешіріледі.» (Фәйз-ул Қадир) Екіндінің алғашқы сүннеті, құптанның алғашқы сүннетінен құндырақ. Хазреті Айша анамыз «Расулуллаһ құптанның парызынан бұрын төрт, парызынан кейін де төрт рәкат оқып жататын еді» деді. Хазреті Ибн Омардың «Расулуллаһпен бірге құптан намазынан кейін екі рәкат намаз оқыдық» деп білдірген хадис шәрифі құптанның соңғы сүннетін, хазреті Абдуллаһ ибн Муғаффәл риуаят еткен «Әр азан мен қамат арасында намаз бар» хадис шәрифі де құптанның алғашқы сүннетін көрсетуде. (Бұхари) Мәзахиб-и әрбәа кітабында нәпіл намаздар мазһабтар бойынша былай білдірілген: Ханафиде: Парыз намазға бағынышты болған нәпілдер екіге бөлінеді: Мәснун және мәндуб. Мәснун болғандар: Таң намазынан бұрын екі; Бесін намазынан бұрын төрт, кейін екі; Жұма намазынан бұрын және кейін төрт; Ақшам намазынан кейін екі; Құптан намазынан кейін екі.
Мәндуб намаздар: Ақшам намазынан кейін алты, Құптан намазынан бұрын төрт рәкат. Хазрет Айша анамыз: «Расулуллаһ құптанның парызынан бұрын төрт, парызынан кейін де төрт рәкат оқып жататын еді» деді.
Ханбалиде: Парыз намаздарға бағынышты болған нәпілдер екіге бөлінеді: Ратиба және ғайри ратиба. Ратибалар: Бесін парызынан бұрын екі, бесін парызынан кейін де екі, Ақшам намазынан кейін екі, Құптан намазынан кейін екі және таң намазынан бұрын да екі рәкат. Ғайри рауатибтер жиырма: Бесін намазынан бұрын төрт және кейін төрт, Екінді намазынан бұрын төрт, Ақшам намазынан кейін төрт, Құптан намазынан кейін де төрт рәкат, Ақшам намазынан бұрын екі рәкат оқу мубах.
Шафииде: парыздарға бағынышты болған нәпіл намаздар екіге бөлінеді: Муәккәд, ғайри муәккәд. Муәккәдтер (Рауатиб болғандар): Таң намазының екі рәкаты, Бесін мен Жұма намазынан бұрын екі, жұмадан кейін екі, Ақшам намазынан кейін екі, Құптан намазынан кейін екі рәкат, әрі үтір намазы. Ғайри муәккәд сүннеттер: Бесіннен бұрын және бесіннен кейін екі рәкат. Жұма да бесін сияқты. (Бесіннің және жұманың парыздан бұрын, екі рәкат муәккәд, екі рәкат ғайри муәккәд болып, бәрін қосқанда төрт рәкат сүннет намаз бар.) Екіндіден бұрын төрт, Ақшамнан бұрын екі рәкат. Бұл екі рәкат «Әр екі азан арасында бір намаз бар» хадисі үшін оқылады. Екі азан сөзінің мақсаты – азан мен қамат. Құптан намазынан кейін екі рәкат.
Маликиде: Парыздарға бағынышты болған нәпілдер екіге бөлінеді: Рәуатиб және басқалары. Рәуатиб болғандар: Бұлардың белгілі бір рәкат саны жоқ болса да, абзал болғаны мынадай: Бесін намазынан бұрын және кейін төрт, Екінді намазынан бұрын төрт, Ақшам намазынан кейін алты рәкат. «Екі азан арасында бір намаз бар» хадис шәрифіне сүйеніп, құптан намазынан бұрын нәпіл оқу мүстаһаб. Рәуатиб болмаған нәпілдер: Таң намазы екі рәкат. Маликиде құптан намазынан кейін және үтір намазынан бұрын оқылатын бір нәпіл намаз бар. Үтір – сүннет-и муәккәд. Екі рәкат тауаф намазынан кейін сүннеттердің ең қуаттысы. Көрініп тұрғанындай, барлық мазһабтарда сүннет намаздар бар.
Сұрақ: Бесін мен құптанның соңғы сүннетін төрт рәкат қылып оқу жаиз ба? Жауап: Парыз және уәжіп намаздардан басқа оқылатын намаздарға, сүннеттерді де қосқанда, нәпіл делінеді. Мәкрух уақыттардан басқа барлық уақыттарда намаз оқу жаиз. Бесін мен құптан намазының парызынан кейін төрт, ақшамның парызынан кейін алты рәкат нәпіл намаз оқудың құндылығы жайындағы хадис шәрифтердің бірнешесі төменде: «Бесін намазынан бұрын және кейін төрт рәкат намаз оқуды қалыптастырған адамға тозақ харам болады.» (Тирмизи) «Ақшамнан кейін алты рәкат намаз оқыған адамның күнәлары, теңіз көбігіндей болса да, кешіріледі.» (Табарани) «Ақшам намазынан кейін сөйлемей алты рәкат намаз оқыған адам он екі жыл нәпіл ғибадат жасағандай сауапқа қауышады.» (Ибн Мажа) «Бесіннің парызынан бұрын оқылатын төрт рәкат құптанның парызынан кейін оқылатын төрт рәкат намаз сияқты. Құптаннан кейін оқылатын төрт рәкат намаз Қадір түнінде оқылған төрт рәкат намаз сауабына тең.» (Табарани) Тек нәпіл ғибадаттардың сауабына қауыша алу үшін парыз қарызының болмауы қажет. Бұл қарызды өтемегенше осы түрден болған ешбір нәпіл ғибадатына сауап берілмейді. Дуррат-ул фахирадағы хадис шәрифте: «Аллаһу та'ала қазаға қалған намаз қарызы бар болған адамның нәпіл намазын қабыл етпейді» делінген. Одан бөлек нәпіл ғибадаттарға сауап беріле алуы үшін харамдардан сақтанып, күнәларға да тәубе ету керек.
Сұрақ: Кейде бесіннің сүннетін тәрк етудің зияны бар ма? Жауап: Өте маңызды бір себеп болмастан намаздың сүннеттерін тәрк ету дұрыс емес. Әсіресе қаза қарызы бар болған адамның намаздарын бір сәтке ертерек қазасын өтеуі парыз. Бір кісі кейде таңғы және кешкі асын жеп, түскі асты жемесе, ештеңе болмайды. Тамақ үшін намаздың сүннеттерін оқымау дұрыс емес. Әсіресе сүннетке мән бермегендіктен оқылмаса, әлдеқайда қауіптірек. Сүйікті пайғамбарымыз жасаған істерін жақтырмау болып саналады да, Аллаһ сақтасын, бұл өте жаман. Пайғамбарымыз алейһиссалам парыздардың жанында нәпіл намаздар оқыған. Ол оқығандықтан бұл нәпіл намаздарға сүннет дейміз. Пайғамбарымыз оқыған бұл нәпілдердің (сүннеттердің) маңызы өте жоғары. Хадис шәрифтерде былай делінген: «Күнде бесіннің парызынан бұрын төрт, бесін мен ақшам және құптанның парызынан кейін екі, таң намазының парызынан бұрын екі рәкат қылып он екі рәкат нәпіл (сүннет) оқыған адам жәннатқа кіреді.» (Әбу Дауд) «Күнде он екі рәкат нәпіл намаз оқыған мұсылманға жәннатта бір зәулім сарай жасалады.» (Мүслим) «Бесіннің парызынан бұрын төрт рәкат (сүннет) оқыған адам түнде осыншама тәһәжжуд намазын оқығандай сауап алады.» (Табарани) «Бесіннің парызынан бұрын және кейін төрт рәкат (сүннет) оқуды қалыптастырған адамның тозаққа кіруі харам.» (Нәсаи) «Бесіннің парызынан бұрын төрт рәкат оқыған адам Исраил ұлдарынан бір құлды азат еткендей сауап алады.» (Табарани) Расулуллаһ алейһиссаламның қай намазды көбірек жақсы көргендігін және тұрақты оқитындығы сұралған кезде хазреті Айша анамыз: «Бесіннен бұрын төрт рәкат (сүннет) оқитын еді, қиямдарды ұзатып, руку мен сәжделерін жақсылап орындайтын еді» деді. (Ибн Мажа) Расулуллаһ бесіннің төрт рәкат қылып оқыған алғашқы сүннетіне қатысты «Бұл уақыт – аспандағы есіктер ашық болған уақыт. Бұл уақытта жақсы бір амалымның Аршқа шығуын қалаймын» дейтін еді. (Тирмизи) «Бесіннің парызынан бұрын оқылатын төрт рәкат (сүннеттен) басқа, күндіз оқылатын (сүннет) намаздардың ешбірі түнде оқылатын (сүннетке) тең бола алмайды. Түнгі намаздардың күндізгі намаздардан үстемдігі жамағатпен оқылған намаздың жалғыз оқылған намаздан үстемдігі сияқты.» (Табарани) «Жамағатпен оқылған намаз жалғыз оқылған намаздан 27 есе артығырақ.» (Бұхари) Бесін намазының сүннеттерінің құндылығы осыншалықты маңызды. Имам Ғазали хазреттері «Бесіннің соңғы сүннеті алғашқы сүннетінен қуаттырақ» деген. Рәддул мухтар кітабындағы хадис шәрифте: «Бесіннің парызынан бұрынғы (сүннетті) тәрк еткен адам шапағатыма қауыша алмайды» делінген. Олай болса, маңызды бір үзір (себеп) болмастан сүннеттерді тәрк етпеу керек. Ислам ғалымдары бұл хадис шәрифті «Үзірсіз және табандылықпен бесіннің сүннетін тәрк еткен адам бұл намазға тән болған және дәрежесінің жоғарылауына жарайтын шапағатыма қауыша алмайды» түрінде түсіндірген. Өйткені сүннетті емес, парызды тәрк еткен адамға, үлкен күнә істеушіге шапағат етіледі. Парыздан бұрын сүннет оқу шайтанның үмітін үзу, оны ренжіту үшін әмір етілген. Шайтан «Сүннеттерде де адамды алдай алмаймын, ал парыздарда мүлдем алдай алмаймын» деп қайғырады. (Тахтауи) Расулуллаһты қуанту, шайтанды ренжіту үшін сүннеттерді мүлдем тәрк етпеу керек! |