Калимаи тауһидтің мағынасы
Сұрақ: Калимаи тауһидтің мағынасы не? Жауап: Мұсылман болған адамға ең алдымен “лә иләһә иллаллаһ, Мухаммәдун расулуллаһ” сөзінің мағынасын білу және сену парыз болып табылады. Бұл калимаға “калимаи тауһид” делінеді. Қысқаша мағынасы: “Аллаһтан басқа жаратушы жоқ, Мұхаммед алейһиссалам оның расулы” дегенді білдіреді.
Калимаи тауһидтің мағынасын әһли сүннет ғалымдары былайша ашықтаған: Адамдар жоқ еді. Кейіннен жаратылды. Адамдардың бір жаратушысы бар. Барлық болмысты Ол жаратқан. Бұл жаратушы біреу ғана. Серігі, ұқсасы жоқ. Ол әрдайым бар. Бар болуының бастауы жоқ. Әрдайым бар. Бар болуының соңы жоқ, шексіз. Жоқ болмайды. Ол үнемі бар болуға тиіс. Ол жоқ бола алмайды. Бар болуы өздігінен. Ешқандай себепке мұқтаж емес. Барлық нәрсені бар еткен, барлық нәрсені үнемі бар етіп тұрған Ол. Ол материя емес. Еш қандай материяда болмайды. Келбеті жоқ. Ол өлшенбейді. Қандай деп те сұралмайды. Ол дегенде ой мен қиялға келген барлық нәрсе Ол емес. Ол бұларға ұқсамайды. Бұлардың барлығы оның мақлұқтары. Ол мақлұқтарына ұқсамайды. Ойымызға, қиялымызға келген бардық нәрсені Ол жаратады. Жоғарыда, төменде, жан-жағымызда емес. Мекені жоқ. Барлық болмыс Арштың астында. Арш болса оның құдіреті мен қуатының астында. Ол Арштың үстінде. Бірақ бұл Арш Оны көтереді деген сөз емес. Арш оның мейірімі, құдіретімен бар. Ол әзелде, шексіз бұрындарда қандай болса қазір де сондай. Аршты жаратпастан бұрын қандай болған болса, мәңгі, шексіз кейіндері де сондай болады. Онда өзгерістер болмайды. Оның сипаттары бар. Субути сипаттары сегіз. Хаят, ілім, сәм, басар, ирада, кәлам, тәкуин. Бұл сипаттарында да ешқандай өзгеріс болмайды. Өзгерістер болуы кемшілікті білдіреді. Ал Онда кемшілік жоқ. Ешбір махлұқына ұқсамаса да, дүниеде Оны өзінің білдіргеніндей білуге жөне ақыретте көруге болады. Бұл жақта Оның қандай екендігін түсінбестен білеміз. Ол жақта да түсінбестен көреміз.
Аллаһу та’ала құлдарына пайғамбарлар жіберді. Осы ұлы кісілер арқылы құлдарына, бақытқа және пәлекетке себеп болатын нәрселерді білдірді. Пайғамбарлардың ең үстемі және соңғы пайғамбар Мұхаммед алейһиссалам. Жершарындағы дінді-дінсіз барлық адамдарға, барлық жерге, барлық ұлттарға пайғамбар ретінде жіберілген. Ол бүкіл адамдардың, періштелердің және жындардың пайғамбары. Бүкіл дүниежүзі адамдары бұл ұлы пайғамбарға бағынуы, мойынсұнуы керек. (Кимия-и Саадет)
Калимаи тәуһидтің құндылығы Мұсылмандардың әрбір мүмкіншілікте айтқан калима-и тауһидінің құндылығы өте жоғары. Хадис-шәрифте былай бұйырады: «“Лә иләһә иллаллаһ” деген адам бәле мен қиындықтардан құтылады» (Бәззар)
«“Лә иләһә иллаллаһ” деп көбірек айтып имандарыңды тазалаңдар!» (Табарани)
«Амалдың ең құндысы “лә иләһә иллаллаһты” айту» (Хаким)
«Зікірдің (Аллаһты еске алудың) ең құндысы – “лә иләһә иллаллаһты” айту» (Нәсаи)
«“Лә иләһә иллаллаһ деп айту 99 бәленің алдын алады. Олардың ең төмені – қиыншылық» (Дәйләми)
“Менің және басқа да пайғамбарлардың айтқан ең үстем нәрсесі – “лә иләһә иллаллаһ” сөзі» (Тирмизи)
«”Лә иләһә иллаллаһ” деген адамның күнәлары жойылып, орнына соншалықты мөлшерде сауап жазылады.» (Ә.Яла)
«“Лә иләһә иллаллаһ” – жаннаттың кілті» (И Ахмед)
«”Лә иләһә иллаллаһ” деген адам сөзінде сенімді болса, барлық күнәлары кешіріледі» (И. Ғазали)
« Өлім халіндегілерге “лә иләһә иллаллаһ” деп айтуына талқын етіңдер, оларды жаннатпен сүйіншілеңдер. Шайтанның адамға ең жақын сәті осы уақыт» (Әбу Нуайм)
«Ауыр халдегі науқасты “лә иләһә иллаллаһ” деп айтқызу үшін қинамаңдар, оған тек талқын етіңдер» (Дара Кутни)
«Соңғы сөзі “лә иләһә иллаллаһ” болған адамның рухы оңай шығады және ол сөзі қияметте өзіне нұр болады.» (Хаким)
«Ақыретпен дүние арасынан ақырет таңдалғанда “лә иләһә иллаллаһ” сөзі Аллаһтың ашуынан қорғайды. Ал дүние таңдалғанда “лә иләһә иллаллаһ” деген кезінде Аллаһу та’ала “өтірік айтасың, сөзіңде сенімді емессің” деп бұйырады» (Бәйхаки)
«“Лә иләһә иллаллаһ”деген адамға істеген күнәсінің есебінен кәпір демеңдер! Оған кәпір деген адамның өзі кәпір болады» (Бұхари)
«Күнде 100 рет “лә иләһә иллаллаһ” деген адамның жүзі қиямет күні айдың 14-ші күніндей болып жарқырайды.» (Табарани) (Жүзіншісінде “Мухаммәдун расуллуллаһ” деп қосып айтқан дұрыс. Тәжуидпен оқитын болса “Мухаммәдур-расулуллаһ” делінеді.)
«Харамнан қашып, ықыласпен “лә иләһә иллаллаһ” деген адам жаннатқа кіреді» (Хатиб, Табарани)
«Ықыласпен “лә иләһә иллаллаһ” деген адам жаннатқа кіреді. Ықылас – калиманы айтқан адамды харамнан алшақтатады.» (Табарани)
Ықылас – жүректе Аллаһ сүйішпеншілігінен басқа нәрсеге орын қалдырмау, жүректі басқа нәрселерден тазалау деген сөз. Хадисте былай бұйырады: «Аллаһу та’аланың бір екендігіне иман келтіріп, серік қоспастан ықыласпен намазын оқып, зекетін берген адамнан Аллаһ разы болады.» (Ибни Мажә)
«Ықыласпен амал етіңдер! Аллаһу та’ала тек ықыласпен жасалған амалды қабыл етеді.» (Дара Кутни)
«Ғибадаттарды ықыласпен орында! Ықыласпен жасалған аз амал қияметте саған жеткілікті болады” (Әбу Нуайм)
«Ғибадаттарын ықыласпен жасағандарға сүйінші болсын! Бұлар хидаят жұлдыздары. Фитналардың қараңғылықтарын жояды.» (Әбу Нуайм)
«Қырық күн ықыласпен ғибадат еткен адамның жүрегінен тіліне хикмет бұлағы құйылады.» (Әбушшәйх)
Тәуһид және иман Сұрақ: Тәуһид жайлы, яғни Аллаһтын басқа илаһ жоқ деп сену жайында мәлімет бересіз бе? Жауап: Имам Ғазали хазреті былай деген: Тауһид жаңа піскен жаңғақ тәрізді. Жаңғақтың екі қабығы және ішкі дәні болатынын кез келген адам біледі. Ішіндегі дәнінің негізінде майы болады. Мұнафықтар тек тілімен “лә иләһә иллаллаһ” дейді, жүрегімен сенбейді. Бұл 1-ші дәреже.
2-ші дәреже: Калимаи таухидтің мағынасына жүректің сенуі болып табылады. Бұл сенім басқалардан көру, есту арқылы болады, біз секілді жахылдардың сенімі осындай. Немесе дәлелдермен, ақылдың дәлелімен сенеді. Дін ғалымдарының, кәлам ілімінің ғалымдарының сенімі осындай.
3-ші дәреже: Барлық нәрсені бір жаратушы жаратқандығын көру, әрбір істің бір ғана жасаушы тарапынан жасалғандығын, басқалардың еш нәрсе жасамағандығын түсіну болып табылады. Бұл сенім үшін жүректе бір нұрдың жарқырауы қажет. Мұндай иман – жахылдар мен кәлам ғалымдарының иманына ұқсамайды. Мәселен: Бір үй иесінің үйінде бар екендігіне сену 3 түрлі болады; а- Біреуден есту арқылы сену. Жахылдардың иманы осыған ұқсайды. б- Үй иесінің күнделікті қолданыстағы көлігін, киімін, аяққиімін үйде көргені үшін сену. Бұл кәлам ғалымдарының имандарына бір мысал. в- Үй иесін үйде көру арқылы сену. Бұл арифтердің тәуһидінің мысалы. Мұндай тәуһид қаншалықты жоғарғы дәрежелі болғанымен, бұл тәуһидтің иесі мақлұқтарды көруде және бұлардың жаратушы тарапынан жаратылғанын білуде. Мақлұқтарды көргендігі үшін тауһиді толық бола алмайды.
4-ші дәреже: Бір ғана барды көреді, Одан басқасы еш нәрсені көрмейді. Тасаууфта бұл дәреже “тауһидте фәна” деп аталады.
Осы төрт дәрежеден: Біріншісі: Мұнафықтардың тауһиді, жаңғақтың ең сыртқы қабығына ұқсайды. Жаңғақтың сырты ащы болады. Сыртқы көрінісі әдемі, жасыл болғанмен ішкі жағы ұсқынсыз келеді. Отқа жақса түтіндеп отты сөндіреді және бірнеше күн жаңғақты қорғаудан басқа ешнәрсеге жарамайды. Мұнафықтың тауһиді – халық оның мұнафық екендігін білмегендігі үшін оны мұсылман деп ойлайды.
Екіншісі: Жахылдар мен кәлам ғалымдарының тауһиді, жаңғақтың тақта қабығына ұқсайды. Бұл тахта қабық жаңғақты бірнеше уақыт қорғаудан басқа іске жарамайтыны секілді бұл дәрежедегі тауһид те адамды тек тозақ отынан қорғауға жарайды.
Үшіншісі: Жаңғақтың ішкі дәні секілді. Желінетін, пайдаланатын бөлігі.
Төртіншісі: Жаңғақтың дәні желініп, клеткаларға дейінгі сіңірілген жағдайы болып табылады. |