19 - Жамазиәл-әууәл, 1446 жыл.
     21 - Қараша, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Билей бер, Билал!

Билей бер, Билал!

Әһли хикмет ғұламалар былай деген:

Әһли сүннет уәл жамағат сеніміндегі мұсылман, осы жолдың ұлыларын таныған, жақсы көрген, олардың жолында болған мұсылман – әлемнің ең нәсіпті, ең қадірлі, ең бай адамы. Өйткені осыған ұқсас мыңдаған тосқауыл арасынан сүйікті пайғамбарымызға жеткізетін, Оған қауыштыратын жолды тапқан. Бұл адам Билал Хабеши сияқты билесе де орынды. Бір күні мешітте Билал Хабеши хазреттері билеп жатқан еді. Хазреті Омар: «Ей, Билал, бұл жер мешіт, не істеп жатырсың, бұл жерде билеуге болады ма?» деді. Билал Хабеши хазреттері Расулуллаһты көрсетіп, «Бұл жердің егесі бар, сен араласпа» деп жауап берді. Хазреті Омар таңғалып: «Йа, Расулаллаһ, Билал мешіттің ішінде билеп жатыр» деді. Пайғамбарымыз оны шақырып: «Йа, Билал, бұл не жағдай, неге билеп жатырсың?» деп сұрады. Сонда: «Ата-анам сізге пида болсын, Йа, Расулаллаһ! Бұл менің Аллаһу та'алаға деген ерекше алғысым. Аллаһу та'ала барлық нәрсені сіз үшін жаратты, сізге бүкіл нәрсені берді, тек бір нәрсені ғана бермеді. Міне осы себептен қуанышымнан билеп жатырмын» деп жауаптады. Пайғамбарымыз күлімдеп: «Ол қандай себеп, ей, Билал, сені қуантып билетіп жатқан?» деп сұрады. Бұл сұраққа: «Ата-анам сізге пида болсын, Йа, Расулаллаһ! Аллаһу та'ала сізге хидаят беру мүмкіндігін бермеді. Жүрекке иман орналастыру мүмкіндігін сізге бергенде еді, сіз әуелі жақындарыңызды, таныстарыңызды хидаятқа жетелейтін едіңіз, ал мен сияқты құл сонау Хабешистанда қалайша мұсылман болар еді? Осы себептен билеп жатырмын» деген жауап қайтарды. Сүйікті пайғамбарымыз тағы күлімдеп: «Билей бер, ей, Билал!» деді.

Расулуллаһқа қауышу – Аллаһу та'аланың разылығына қауышу деген сөз. Аллаһу та'ала «Ей, сүйіктім, сені жақсы көрген адам мені жақсы көрген болады, саған қауышқан адам маған қауышқан болып саналады» деген. Аллаһу та'ала өзіне қауыштыратын, жәннатқа кіргізетін барлық есікті жауып қойған, тек жалғыз есікті ашық қалдырған. Бұл жалғыз есік – Расулуллаһтың мүбәрәк жүрегі. Пайғамбарларды да есепке алғанда, әр адам осы есіктен өтпегенше Аллаһу та'алаға қауыша алмайды. Мұсылман болып дүние мен ахирет бақытына қауышу үшін көптеген тосқауылдар бар.

1) Алғашқысы ішімізде, ол нәпсіміз. Аллаһу та'ала «Нәпіс – маған қарсы оқталған дұшпан» деген. Нәпістен құтылу үшін оны тану, білу керек. «Нәпсін білген адам Раббысын біледі.» Нәпісті білместен құтылу мүмкін болмайды. Нәпісті білу үшін Ислам Ахлақы кітабын оқу керек.

2) Шайтан. Шайтан тәкәппарлығы кесірінен жәннаттан қуылған.

3) Бұл екеуінен де қауіптірек, жаманырақ. Ол – жаман дос. Дұрыс болмаған кітап, журнал, газет, радио, теледидар, бәрі жаман досқа жатады.

4) Жаман дін адамы. Олар Аллаһу та'алаға жеткізетін жолды кесетін қарақшыларға ұқсатылған. Сондай-ақ, дүмшелер бар. Дүмшеден, кем адамнан кәміл адам шықпайды, қисықтан түзу пайда бола алмайды. Дәрет жоқ, намаз жоқ, том-том кітап немесе тәфсир жазып шығарып жатқандар бар. Мыңдаған, жүз мыңдаған осындай дүмше қарақшылар бар.