19 - Жамазиәл-әууәл, 1446 жыл.
     21 - Қараша, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Қажылық / Қажылықтың үкімі және құндылығы

Қажылықтың үкімі және құндылығы

Қажылықтың үкімі

Қажылық – исламның бесінші шарты. Яғни күші жететін, жағдайы келетін адамның өмірінде бір рет қасиетті Қағбаға барып қажылыққа тән болған ғибадаттарды орындауы парыз болып табылады. Екінші рет немесе одан кейін де жасалатын қажылықтар нәпіл қажылық болады. Қажылық – сөздікте белгілі бір жерді, белгілі нәрселерді жасап зиярат ету дегенді білдіреді. Бұл белгілі нәрселерге мәнасық деп айтылады. Мәнасықтың әр біреуіне нусуқ деп айтылады. Нусуқ – ғибадат дегенді білдіреді. 

 

Қажылықтың құндылығы:

Күші жететін, жағдайы келетін адамның өмірінде бір рет қасиетті Қағбаға барып қажылыққа тән болған ғибадаттарды жасауы парыз болып табылады. Одан кейін жасалатын қажылықтар нәпіл қажылық болады. Парыз болған қажылыққа баруға тырысу керек. Бір рет парыз болған қажылықты орындау, жиырма рет Аллаһ жолында жиһад етуден де сауапты болып табылады.

Хадис шәрифте былай бұйырылды:

«Қажылық – судың ластықтарды тазалағанындай күнәларды тазалайды.» (Табарани)

Қабыл болған қажылық оқылмаған намаздардың, ұсталмаған оразалардың, берілмеген зекеттердің күнәларының кешірілуіне себеп болмайды. Бұларды кешіктіру күнәларының кешірілуіне себеп болады. Құл ақылары және қарыздар иесіне қайтарылмайынша немесе ақы иесінің разылығын алмайынша (халалдаспайынша) құл ақысы кешірілмейді. Құл ақылары және ғибадаттардағы қарыздарынан басқа күнәлар кешіріледі.

Хадис шәрифте: «Арафатта уақфаға тұрып күнәларының кешірілмегенін ойлаған адам үлкен күнәға кірген болады» деп бұйырылды. (Хатиб)

Қажылықтың сахих және қабыл болуы үшін шарттары бар. Сахих болуы үшін қажылық өз уақытында жасалуы керек. Ал қабыл болуы үшін қажылықтың сахих болуы және қажылыққа барған адамның сенімі дұрыс болуы керек, әһли-бидғат болмауы керек. Хадис шәрифте былай бұйырылды:

«Бидғат істейтін адамның оразасы, қажылығы, жиһады қабыл болмайды.» (Дәйләми)

Қажылықтың қабыл болуы үшін қажылықтың парыздарын, уәжіптерін және сүннеттерін кемшіліксіз орындауға тырысу керек, ниетті дұрыстау керек, рия араластырмай, ықыласпен әрекет ету және халал ақшамен бару керек. Сауда-саттықты, дүниелік істерді қажылыққа араластырмау керек. Қарыздары бар болса қайтарып, ақысы өткен адамдар болса разылығын алып (халалдасып) күнәларына тәубе ету керек. Осы аталғандарға сай орындалған қажылық қабыл болады. Хадис шәрифтерде: «Мұқтаж болмау үшін қажылыққа барыңдар. Амандықта болу үшін сапарға шығыңдар.», «Қажылық байлыққа, зина кедейлікке себеп болады.» деп бұйырылды. (Табарани-Шира)

Қажылыққа барарда ол жақта өлуден қорқпау керек. Тіпті қажылық жолында өлуді ғанибет деп білу керек. Хадис шәрифте былай бұйырылды:

«Қажылыққа барарда немесе қажылықтан келерде өлген адамның өткен күнәлары кешіріледі. Ол адам есепке тартылмастан, азап көрместен жаннатқа кіреді.» (Исфахани)

Қажылыққа баратын адам басқаларға зиянын тигізбеуі және олардан келетін қиыншылықтарға сабыр етуі керек, жылы, жұмсақ мәміледе болуы керек. Хадис шәрифте: «Жұмсақ мәміледе болмаған адам жақсылық істемеген болып саналады» деп бұйырылды. Қатал, қатаң мінезді болудан сақтану керек. Хадис шәрифте: «Қаталдықтан және жамандықтан сақтаныңдар. Жұмсақтық адамды безендіреді, жамандығын кетіреді» деп бұйырылды. (Муслим) Қажылыққа барып келген адамның емес, қажылығы қабыл болған адамның күнәлары кешіріледі. Хадис шәрифтерде былай бұйырылды:

«Қабыл болған қажылық өткен күнәларды жояды.» (Байхаки)

«Қажылығын орындап жаман сөз айтпаған және дұрыстықтан айрылмаған адам анасынан туған күнгідей күнәсіз болады.» (Бұхари)

«Қажылыққа барарда жолда өлген адамға қияметке дейін қажылық, жиһадқа барарда өлген адамға қияметке дейін жиһад сауабы жазылады.» (Әбу Яла)

Қажылық жолында жаратылған ақшаның да қадірі өте үлкен. Хадис шәрифтерде былай бұйырылды:

«Қажылық үшін жаратылған мал-мүлкке, Аллаһ жолында жаратылған мал-мүлкке берілгеніндей жеті жүз еселенген сауап беріледі.» (Байхаки)

«Қажы кедейленбейді.» (Бәззар)

«Қажылығын орындаған адам байиды.» (Хаким)