Салих мұсылман болу үшін
Салих мұсылман болу үшін діни білімді Әһли сүннет ғалымдарының кітаптарынан үйрену қажет. Сауатсыз болған адам салих емес, тіпті мұсылман да бола алмайды. Салих мұсылманда мынадай қасиеттер болады: 1) Әһли сүннет ғалымдары білдіргендей сену керек. 2) Төрт мазһабтан бірінің нақылға сүйенген илмихал кітабын оқып, діни білімін дұрыс үйреніп, соған сай ғибадат жасау керек және харамдардан сақтану қажет. Төрт мазһабтың бірінде болмаған немесе төрт мазһабтың оңай жерлерін ажыратып жинаған, яғни мазһабтарды бір-біріне араластырған адамға «Мазһабсыз» делінеді. Мазһабсыз болған адам бидғатшы болады. 3) Жұмыс істеп, дінге сай жолдардан ақша табу керек. Кедей адам бұл заманда дінін, намысын, ақысын да қорғай алмайды. Осыларды қорғау және Ислам дініне қызмет ете алу үшін ғылым тапқан жаңалықтардан, жеңілдіктерден пайдалану да қажет. Халалдан ақша табу және Ислам дінін жаю үшін жұмыс істеу – үлкен ғибадат. Намаз оқуға кедергі және харам істеуге себеп болмайтын барлық табыс көздері қайырлы, берекетті болып табылады. Ғибадаттардың және дүние істерінің пайдалы, берекетті болуы тек Аллаһ үшін жасау, тек Аллаһ үшін табысқа жету және тек Аллаһ үшін беру арқылы, қысқасы ықыласты болу арқылы іске асады. Ықылас – тек Аллаһу та'аланы жақсы көру және тек Аллаһ үшін жақсы көру деген сөз. Дін ұлыларынан, Аллаһ достарынан фәйз алуды көздеген адамның салих мұсылман болуы керек. Әһли сүннет сенімінде болмаған, мысалы Асхаби кирамның кез келген біріне тіл тигізетін және төрт мазһабтың бірін ұстанбайтын, харамдардан сақтанбайтын, бала-шағасының діни білім, Құран кәрім үйренуіне жол ашпайтын адам салих мұсылман бола алмайды. Сүйікті пайғамбарымыз айтқан: «Менің жолымда және менен кейін төрт халифамның жолында болыңдар!» (Бұхари, Тирмизи) Төрт халифаның жолында болған Ислам ғалымдарына Әһли сүннет делінеді. Көрініп тұрғанындай, Аллаһу та'аланың сүйіспеншілігіне қол жеткізу үшін Әһли сүннет ғалымдарының кітаптарында жазылғанындай иман келтіру және бүкіл сөздері, іс-әрекеттері олардың білдіргендеріне сай болу қажет. Аллаһу та'аланың сүйіспеншілігіне қауышуды қалаған адамның осылай иман келтіруі және осылай өмір сүруі керек. Адамда осы екеуі болмаса, ол салих мұсылман бола алмайды. Дүние мен ахиретте рахаттыққа және бақытқа қауыша алмайды. Бұл екеуі не Әһли сүннет ғалымдарының кітаптарынан оқу арқылы үйреніледі, не сондай ғалымдарды көру арқылы қол жеткізіледі. Әһли сүннет ғалымдарының сөздері мен назары адамның жүрегін тазалайды. Жүрек таза болса, иманның, ғибадаттардың дәмі сезіледі. Харамдар ащы, жаман және жиіркенішті болып көрінеді. |