Қабір басында Құран оқу
Сұрақ: Өздерін сәләфи деп атайтын кейбір жастар мазарда Құран оқуға болмайды дейді. Қабір басында Құран оқу сүннет емес пе? Жауап: Иә, сүннет. Құнды деректердегі мәліметтер мынадай: «Қабір басында отырып, Құран оқуға болады.» (Халеби-и кәбир, 496 бет) Ахмед бин Ханбал айтқан: «Мазарға кіргенде Фатиха, Фалақ, Нас және Ихлас сүрелерін оқыңдар! Сауабын өлілерге жіберіңдер! Сауабы бәріне жетеді.» Хадис шәрифте: «Бір адам мазардан өтіп бара жатқанда 11 рет Ихлас сүресін оқып, сауабын өлілерге бағыштаса, оған өлілердің санындай сауап беріледі» делінген. (Әфтал-ул мүслимин – Имам Биргиуи) «Мазарда Құран оқу сүннет.» (Сәйид Ахмед Тахтауи) «Мазарда Құран оқып, сауабын өлілерге бағыштау керек.» (Фәтауа-и Хиндийа, 5 том, 350 бет) «Мазарда дауыстап немесе жай дауыспен Мүлк сүресін немесе басқа сүрелер оқуға болады.» (Захира) «Өлінің Құран дауысын естіп, рахаттануына ниет еткен адам жоғары дауыспен оқиды.» (Ханийа) |