2 - Жамазиәл-ахир, 1446 жыл.
     3 - Желтоқсан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Иман және Ислам / Ескендір Зулқарнәйн

Ескендір Зулқарнәйн

Сұрақ: Ескендір неліктен Зулқарнәйн деп аталған?

Жауап: Хазреті Зулқарнәйннің де, Лұқман алейһиссалам сияқты, пайғамбар немесе әулие болғанында үкімдер өзгеше. Пайғамбар болған-болмағанын білуіміз қажет емес. Шығыс пен батысқа ие болғаны үшін оны Зулқарнәйн деп атағаны айтылады. Басқа риуаяттар да бар.

Аллаһу та'ала хазреті Зулқарнәйнге тілдері әртүрлі болған бірнеше тайпаны дінге шақыруы үшін нұр мен қараңғылықты қоластына бергендігін, тайпалардың да осылайша оған бағынатынын білдіреді. Осыншалықты әлемге патша болады.

 

Үш Ескендір бар:

Бірінші Ескендір – Македония королі Филиптің баласы. Миладтан бұрын өмір сүрді, 33 жасында өлді.

Екінші Ескендір – Йемен патшасы. Қытайға дейін барды.

Үшінші Ескендір – Құран кәрімде Зулқарнәйн есімімен білдірілген мүбәрәк адам. Яфес тегінен болып, Хызыр (Қыдыр) алейһиссаламның тәтесінің баласы. Басқа екі Ескендірде бұрын өмір сүрген. Яжуж және Мәжуж деп аталатын қауымды екі тау арасына қамады. Жүз метр биіктікте тас пен темірден жасалған бөгетпен тауды бекітті. Қытай қамалы басқа.

Хазреті Зулқарнәйннен сұралды:

-Әкеңді қаттырақ жақсы көресің бе, әлде ұстазыңды ма?

-Ұстазымды қаттырақ жақсы көремін. Өйткені әкем дүниеге келуіме себеп болған. Бірақ ұстазым мәңгі бақытыма себеп.

Өлерде «Әлемді алақаныма алған болсам да, қазір бос қолмен кетіп барамын» деді.

Дүние ешкімге қалмаған. Ахиретте әркім амалының қайтарымын көретін болғандықтан, салих амал жасауға тырысу керек!