Ең үстем адамдар
Әһли хикмет ғұламалар былай деген: Асхаби кирамның (яғни сахабалардың) бәрін қатты жақсы көруіміз керек. Олардың бәрі жәннаттық. Аллаһу та'ала олардың бәрінен разы екендігін және бәріне жәннатты уәде еткенін Құран кәрімде ашық түрде білдіруде. Пайғамбарымыз алейһиссаламның жолын бүкіл әлемге олар таратты. Олар – сүйікті пайғамбарымыздың жамағаты. Әһли сүннет уәл жамағат дегеніміз – пайғамбарымыздың және Асхаби кирамның жолы деген сөз. Асхаби кирам көрсеткен жол – пайғамбарымыздың жолы. Асхаби кирам тек сұхбат арқылы шексіз үстемдіктерге жетті. Ешбір әулие олардың мәртебесіне бара алмайды, өйткені Расулуллаһ алейһиссаламды көру арқылы, сұхбатына қатысу арқылы, періштелермен бірге болу және уахи, мұғжиза көру арқылы Асхаби кирамның иманы көріп сену күйінде болған. Осы аталған үстемдіктер басқа бүкіл үстемдіктердің негізі және қайнары, өйткені біз естіп сенгенімізді олар тікелей көрді. Асхаби кирамнан басқалары бұларға қауыша алмаған. Уәйсәл Қарани хазреттері сұхбаттың осы үстемдіктерін білгенде еді, ешбір себеп оны бұл сұхбаттан қайтара алмас еді. Ата-анаға құрмет, ұстазға тағзым, бұлардың бәрі Раббымыздың разылығы үшін, нәпсіміз үшін емес, олар үшін де емес. Адам анасын «Раббым одан разы» деп жақсы көреді. Адам «Раббымның разылығы» деп намаз оқиды. Адам ұстазын «Раббым одан разы» деп жақсы көріп құрметтейді. Мақсат тек Раббымыздың разылығы, басқа ештеңе емес. Адам нәпсі үшін не істесе де, қаласа ораза ұстасын, қаласа намаз оқысын, қабыл болмайды. Міндетті түрде Аллаһ разылығы үшін орындауы керек. Аллаһу та'ала қалағанына мейірімін шашады. Бізге иманды нәсіп етуі, Әһли сүннет сеніміне қауыштыруы, бәрі Оның ихсаны (сыйы) болған. Аллаһу та'ала бізді қалады, одан кейін бізге тек рахметін шашты. Сондықтан біз өте бақытты адамдармыз. Біз Раббымыздың тілегеніне қауыштық. Біз қауышқан қадірлілік, үстемдік, ешбір қадірлілік пен үстемдікке ұқсамайды. Алайда адамдар үнемі сыртқы көрініске алданады. Міндетті түрде атақ-даңқы, мал-мүлкі болуы керек деп санайды, осыларға мән береді. Аллаһу та'ала қалағанына мейірімін шашады. Осы қалауына біз де кіреміз бе, кірмейміз бе, міне осыған қарау керек. Тек Әһли сүннет сеніміндегі мұсылмандар Имам Раббани хазреттері сияқты Әһли сүннет ғалымдарына сүйіспеншілігі болғандардың бұған қатысы бар, өйткені Аллаһу та'ала осыларды қалаған. Мен осыларды жақсы көрдім деген. Олай болса, Аллаһу та'аланың жақсы көрдім деген адамына дұшпандық жасау, жақсы көрмеу дұрыс па? Біз онсыз да Оның сүйіктілерін жақсы көруге тиістіміз. Аллаһу та'ала «Мен кәпірді жақсы көрмедім» дейді. Біз оны жақсы көрмеуге мәжбүрміз. Осы себептен, мүминдер міндетті түрде бір-бірін жақсы көреді. Бұл ниғметке қауышу – Аллаһу та'аланың сыйы. Нәсіп мәселесі. Қаншалықты қуансақ та, қаншалықты шүкір етсек те, аз. |