Әр күн әуелгісінен жаманырақ болады
Әһли хикмет ғұламалар былай деген: Қияметке жақын адам бір мұсылманды көру үшін километрлер жүреді. Жақсы адамдар азаяды, әңгімелесетін, дерттесетін адам табу қиынға соғады. Қиямет жақындағанда әр өткен күн әуелгісінен жаманырақ болатынын Расулуллаһ саллаллаһу алейһи уәсәлләм хабар берген. Қазіргі таңда әулие-ғұламалар жоқ болса да, олардың жолында жүрген жақсы адамдар бар. Олармен біргеміз, әлхамдулиллаһ. Бұл өте үлкен ниғмет. Бұл ниғметтің жалғасуы үшін қадірін біліп, шүкір ету керек және фитнадан қатты сақтану қажет. Кемелер үлкен борандарда бір кемежайға тоқтап, өздерін қауіптен қалай құтқаратын болса, әр мұсылман да Әһли сүннет ғалымдарының жолында болған дін бауыры үшін қауіптен қорғайтын пана. Адамның қиналған, қысылған немесе ауырып қалған кезінде ақылдасатын немесе дұғасын сұрайтын бір дін бауырын табуы, «Әңгіме айт, біраз тынығып алайын», «Кел, бір-екі шыны шай ішейік» дейтін бір досының бар болуы үлкен ниғмет. Бірақ ол үшін бір-бірін қатты жақсы көруі, басқа бүкіл дүниелік ойларды тастауы қажет. Бұл оңай емес, өйткені араға дүниелік істер араласады, нәпіс пен шайтан кіреді. Шайтан «Ол пәлен жерде жұмыс істейді, оның абыройы бар, айлығы көп» деп уәсуәса (жаман ой) береді. Бұлардың бәрі осы дүниеде қалатын нәрселер, қабірге түскенде бұлардың ешбір құны болмайды. Ол жақта атақ-даңқ, абырой жоқ болады. Бұл жайттарға емес, амалы мен ықыласына, Аллаһ достарын, мүминдерді жақсы көрген-көрмегеніне, Аллаһу та'алаға және Оның достарына дұшпандық жасағандарды жек көрген-көрмегеніне қарау керек. Ғайбат, яғни біреуді артынан жамандау, обыр сияқты. Мұхаммед Хадими хазреттері айтқанындай, біреу бір жерден кеткенде «Мазасы қашқаны үшін кетті» деудің, біреу кешіккенде «Ол былжыр, епсіз адам, үнемі кешігеді» деп айтудың, біреудің күнәсі айтылғанда «Әлхамдулиллаһ, біз ондай емеспіз» деудің, «Пәлен кісі жақсы адам, бірақ осы кемшілігі болмағанда» дегендей қалыпты болып көрінген сөздердің өзі өте жаман ғайбатқа жатады және бұл зинадан да үлкен күнә саналады. Ғайбат дегеніміз, онсыз да, дұрыс, шындық болғанды айту деген сөз. Егер бұл мәселеге дұрыс болмағандар араласатын болса, онда бұл жала болады, одан да үлкен күнә болады. Бір жанұяда, мекемеде фитна, өсек, біреулер жайында сөздер айту басталса, ол жердің жетістікке жетуі мүмкін емес. Ол жаққа әр түрлі қиындықтар, қайғы-қасіреттер келеді, кейін бұлар өкінеді, алайда кеш болады. Кеш болмай тұрып бірлік пен ынтымақта болуға тырысуымыз керек. |