Жақсылықтың ең үлкені
Әһли хикмет ғұламалар былай деген: «Мән хадимә худимә», яғни «Қызмет еткен адам қызмет көреді» хадис шәрифінің көрсетіп тұрғаны: кім қызмет еткен болса, міндетті түрде басқалар да оған қызмет етеді. Біреуге жақсылық жасаған, яғни қызмет еткен адамның мұның ақысы ретінде қаншалықты үлкен жақсылық көретінін тек Аллаһ біледі. Оған адамдардан жақсылық келмесе, періштелер көмекке келеді. Өйткені Расулуллаһ алейһиссалам бос сөйлемейді. Сондықтан, бір үзім нанмен болса да, яғни кішкентай бір нәрсемен болса да, қолдан келгенше жақсылық жасау керек. Хазреті Әли «Мен өмірімде ешкімге жақсылық жасамадым, бәрін өзім үшін істедім» деген кезінде, мұны естігендер «Сізге сенеміз, бірақ бұл айтқаныңызды түсіне алмадық, сіздің көптеген жақсы амалдарыңызды білеміз ғой» дейді. Бұған жауап ретінде былай дейді: «Кімге қандай жақсылық жасаған болсам, ол адам тек қуанды, бірақ маған ең аз дегенде он есе көп сауап жазылды. Яғни аз дегенде бірге он алдым. Мен енді жақсылықты өзіме жасадым ба, әлде сол адамға ма? Әрине негізгі жақсылықты өзіме жасадым. Ол бірнеше күндік дүниеде біраз қуанып қалды, алайда менің тапқандарым ахиретте алдыма шығады. Негізгі табыс – ахиретте алынғаны. Ахиретте менің дәптерім ашылған кезде жасаған жақсылықтарымның марапатын Аллаһу та'ала маған молынан береді, өйткені Құран кәрімде «Жақсылық жасаудың қайтарымы – жақсылық көру» деген.» Олай болса, ақылды мүмин қолынан келгенше жақсылық жасауы керек. Жақсылықтың да азы бар, орташасы бар, көбі бар, сондай-ақ ең көбі бар. Жақсылықтың ең үлкені – біреуді отта жанудан құтқару. Біреу отқа кетіп бара жатқан болса, оны оттан құтқару. Ал мұның жолы – сенімін дұрыстауы, дінін дұрыс үйреніп өмір сүруі үшін Әһли сүннет ғалымдарының кітаптарын адамдарға беру. Адам кімді жақсы көрсе, кімге бағынса, әлбетте, ахиретте де онымен бірге болады. Жақсы көру – жай ғана «Жақсы көремін» деп айту деген сөз емес. Жақсы көру – бағынушылық, өз ақылына емес, жақсы көріп байланған ғалымның, әулиенің айтқандарына бағыну деген сөз. Адамның жүрегі, қалауы, арманы не нәрсеге бейім болса, Хақ та'ала сол жолды оған жеңілдетеді. Мысалы, бір кәсіп иесі болуға тырысқан адам соңында мақсатына жетеді, адамдарға жақсылық жасауды қалаған адамға да Аллаһу та'ала Әһли сүнет ғалымдарына деген сүйіспеншілікті, олардың жолын, қызметтерін нәсіп етеді. Бұған қауышқан адам құтылады. |