19 - Жамазиәл-әууәл, 1446 жыл.
     21 - Қараша, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Нәпіс намазға дұшпан

Нәпіс намазға дұшпан

Әһли хикмет ғұламалар былай деген:

Намаз уақыты кірген кезде дереу намаз оқу керек, басқа істермен айналыспау керек. Өйткені намазға кедергі болатын істе қайыр жоқ.

Намаз – діннің тірегі. Намаз оқыған адам дінін құтқарады. Ал тәрк еткен адам дінін құлатқан болады. Әһли сүннет ғалымдары «Ең үлкен күнә – намаз оқымау» деген.

Аллаһу та'ала нәпіске дұшпан. Ал нәпіс намазға дұшпан. Намаз оқыған адамның нәпсі зар шегеді. Нәпсі «Намаз оқыма!» деп айтқанын істетуге тырысады. Намазды қойдыра алмаса, бұл жолы намазды бұздыруға тырысады, рәкаттарды шатастырады.

«Құлдың Аллаһқа ең жақын болған сәті – сәждеде болған кезі» хадис шәрифінің көрсетіп тұрғаны, намазда адам Аллаһу та'алаға жақын болғанындай, сәждеде одан да жақынырақ болады. Бұл жердегі жақындық – Аллаһу та'аланың сүйіспеншілігіне және разылығына қауышу деген сөз.

Ғұламалар «Соғыс алаңында оқылған намаздың сауабы Қағбада, Мәдинада оқылған намаздан да көбірек. Дінімізге қызмет етушілер оқыған намаз – соғыс алаңында оқылған намаз» деген. Адам намазды жалғыз өзі оқыса 1, үйде жамағатпен оқыса 27, мешітте жамағатпен оқыса 50, үлкен мешітте оқыса 500, Мәсжид-и Ақсада оқыса 5 мың, Мәсжид-и Нәбәуиде оқыса 50 мың және Мәсжид-и Харамда оқыса, 100 мың есе көп сауап алады, бірақ соғыс алаңында оқыса, 700 мың есе көп сауап алады.

Соғыс алаңы – тек соғысатын майдан емес. Дінімізге қызмет етілетін барлық жер – соғыс алаңы есебінде. Бұл алаңды зәруліксіз тәрк етуге болмайды. Парыздардың жанында нәпілдер теңіздің жанында тамшы сияқты да бола алмайды. Әр сәтте соғыс алаңында болғанын ойлап қызмет еткендердің сауабы, әрине, көбірек болады.

Балаларымызды үнемі қасымызда алып жүру керек. Олардың әрі ағасы, әрі әкесі болу қажет. Оларды жақсы жерлерге алып бару керек. Намаздың маңызын оларға түсіндіру қажет, өйткені перзенттің жасаған әр амалы ата-анасына да жазылады. Жақсылық жасаса жақсылық, жамандық жасаса жамандық жазылады.

Балалардың жүректерін дүниелік істермен қарайтпау керек, ойынға көп уақыт ажыратпаған жөн, оларға ғұламаларға, әулиелерге деген сүйіспеншілікті орнықтыру қажет, илмихал білімдері мен Құран кәрімді міндетті түрде үйрету керек. Баласына Құран кәрім оқытқан ата-анаға үлкен сауап жазылады. Бала әлиф әрпін оқыған кезінде-ақ әкесіне «Ұлың бүгін Құран кәрімнен бір әріп үйренді» деп құтылу құжаты әкелінеді. Әкесі Қағбаны зиярат ету сауабын алады, қайтыс болса, жәннатқа кіреді.