19 - Жамазиәл-әууәл, 1446 жыл.
     21 - Қараша, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Қолдағы ниғметтер

Қолдағы ниғметтер

Аллаһу та'аланың ниғметтері, сыйлары, яғни жақсылықтары әр сәтте адамдардың жақсысына да, жаманына да келуде. Әркімге мал-мүлік, бала-шаға, ризық, хидаят сияқты әр түрлі жақсылықтарды ажыратпастан жіберіп жатыр.

Адамның Аллаһу та'ала берген мал-мүлік, бала-шаға, мансап, абырой сияқты өткінші және аманат ретінде берілген ниғметтермен өзін үстем санауы, тәкәппарлануы – ақылсыздық. Өйткені бұлар адамның өзінде болған үстімдіктер емес. Келіп кететін, адамнан тез айрылатын нәрселер. Бұлар жаман адамдарда да болады. Тіпті оларда көбірек. Мал-мүлік адамның қадірлі болуына себеп болғанда еді, ұрылардың, аз уақытта болса да, қадірлі адам болуы қажет болар еді.

Аллаһу та'ала нәсіп еткен бүкіл ниғметтер сияқты, перзент те үлкен ниғмет. Одан бөлек Аллаһу та'аланың ниғметтеріне шүкір ету де үлкен ниғмет. Әһли сүннет ғалымдарының кітаптарын оқып, үйреніп, үйретуге тырысқан ата-ана да перзент үшін үлкен ниғмет. Дұрыс сенімді, дұрыс фиқһ, илмихал білімдерін жазған кітаптар, журналдар, газеттер, дұрыс мәліметтер беретін радио, теледидар және ғаламтор да оқырмандары, тыңдаушылары үшін үлкен ниғмет. Ниғметтің қадірі білінбесе, қолдан кетеді. Адам діни білімдер жазылған кітаптарды оқымай, дінін дұрыс үйренбесе, ондай адам күнә істей бастайды, жүрегі ауру болады және нәтижеде өледі. Жүректің өлуі дегеніміз – кәпір болуы деген сөз. Әһли сүннет ғалымдарының кітаптары дәрі сияқты. Дәрі қолданбаған адам шипа таба алмайды...

Әрбір ата-ана әрі өзін, әрі перзентін оттан қорғауға мәжбүр. Перзентіне Аллаһу та'аланы, Оның пайғамбарын, намаз оқуды, Құран кәрімді үйретпеген ата-ана – перзентінің өлтірушісі. Бала дәрет алып жаурап қалмасын, сабағынан қалмасын деп айту балаға деген қамқорлық емес. Ұмытпау керек болғаны, перзент әр күнә істеген сайын ата-анасына да күнә жазылады. Ол перзент әр ғибадат жасағанында, ата-анасына да сауап жазылады...