19 - Жамазиәл-әууәл, 1446 жыл.
     21 - Қараша, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Қажылық / Қажылықтың әдептері

Қажылықтың әдептері

Қажылықтың әдептері мыналар:

1- Қажылыққа бару үшін діні және ілімі жағынан сенімді болған салих адамдармен истишара ету (кеңесу) керек. 

2- Әсіресе қажылыққа бару кезінде риядан (көрсету, мақтану) сақтануға тырысу керек.

3- Қарыздары, құл ақылары бар болса, өтеп олардың разылығын алуы (халалдасуы) керек.

4- Достарының, таныстарының разылығын алып (халалдасып) олардың дұғаларын сұрау керек.

5- Араздасқан, ренжіскен мұсылман бар болса, достасу керек.

6- Бір нәрсені біреу көрсін, біреу естісін деп жасаудан, мақтанудан сақтану керек.

7- Қажылыққа күмәнды болмаған, толығымен халал болған ақшамен бару керек.

8- Қажылыққа барарда дін және дүниелік істерде көмекші болатын достар табу керек.

9- Жанұясының нафақасын кемшіліксіз (толығымен) қамтамасыз етіп кетуі қажет

10- Әсіресе қажылық жолында Аллаһу та’аладан қатты қорқу керек.

11- Аллаһу та’аланың есімін көп зікір ету керек.

12- Ашуланбауға мән беру керек, байсалды болуға тырысу керек.

13- Қажетсіз сөздерді және бос нәрселерді тәрк етуге тырысу керек.

14- Қажылыққа тән болған мәселелерді жақсы үйрену керек.

15- Қажылық кезінде сауда-саттық жасаудан, сатып алудан ұзақ болуға тырысу керек.

16- Жолға бейсенбі күні шыға алмаса, дүйсенбі күні шығу керек.

17- Үнемі дәретті жүруге тырысу керек.

18- Үйінен шықпастан бұрын екі рәкат нәпіл намаз оқу керек.

19- Қажылық немесе умрадан қайтқанда екі рәкат нәпіл намаз оқу керек.

(қазасы бар болғандар қазасын оқу керек.) Хазреті Сәйид Абдулхаким былай бұйырған: 

1- Харам мешітіне кірерде садақа беру керек. (Мүмкін болса әр бір көрген кедейге беру керек.)

2- Сафа және Мәруа төбелерінің ортасына дейін шығу керек.

3- Расулуллаһ саллаллаһу алейһи уасалламға сәлем беру реті мынадай болу керек:

Әссаламу алейкә иа Расулаллаһ

Әссаламу алейкә иа Нәбиаллаһ

Әссаламу алейкә иа Хабибаллаһ