19 - Жамазиәл-әууәл, 1446 жыл.
     21 - Қараша, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Иман және Ислам / Кәпір мемлекетінде туылғандар

Кәпір мемлекетінде туылғандар

Сұрақ: Ислам мемлекетінде туылған бала дінін оңай үйреніп, жәннатқа кіреді. Ал мұсылман емес мемлекеттерде балалар бұдан мақрұм қалуда. Мұсылман болып жетілмегендіктен, тозаққа түседі. «Кәпір мемлекеттерде тұратындарға әділетсіздік болмайды ма? Бұл Аллаһтың әділетіне сай ма?» дейтіндерге қалай жауап беру керек?

Жауап: Әділет пен ихсанды (сыйды) шатастырмау керек! Аллаһу та'ала әр мемлекетте өмір сүретін пенделері үшін әділетті артығымен жасаған. Яғни ақылы кірмеген, балиғатқа толмаған кәпірлердің балаларын тозаққа кіргізбейді.

Балиғатқа толғаннан, яғни үйленетін жасқа келіп ақылы толғаннан кейін Мұхаммед алейһиссаламның дінін естімей өлген кәпірлерге де азап бермейді.

Олар Ислам дінін, жәннатты, тозақты естігеннен кейін қызықпаса, үйренбесе, қарсы шығып сенбесе, осы кезде азап көреді.

«Балиғат жасына жеткен адам ата-ананың, қоғамның ескі әсерінде әлбетте қалады» деп айтуға болмайды.

Егер әсерінде қалғанда еді, жылдар бойы Ислам мемлекеттерінде Ислам тәрбиесінде жетілген жүздеген мұсылман перзенті Ислам дұшпандарының өтіріктеріне, жалаларына алданбас еді, дінсіз, дін дұшпаны болмас еді. Олар балиғатқа толғанда, тіпті қырық жасынан кейін, ұстаз, қари болғандары да діннен шығып, дін дұшпаны болуда және дін дұшпандығында алғы сапқа шығуда. Ата-анасын, көршілерін және туған-туысқандарын дүмше, керітартпа деп мазақ қылуда.

Осы ащы мысалдар ата-ана тәрбиесінің әсерінің тұрақты болмағанын айқын көрсетіп тұр. Осы себептен де бүгінде діннен шығу бүкіл әлемді қаптаған апат күйіне енген. Басқа жағынан, көптеген кәпірлердің, ғылым адамдарының мұсылман болғанын көбіміз көріп жүрміз.

Өте сирек болса да, дінін ауыстырмағандардың бар болуы ата-ана берген тәрбиенің әсерінің, кейде тұрақты екенін көрсетіп тұр делінсе, бір баланың мұсылман перзенті болуы, Ислам тәрбиесімен жетілуі – Аллаһу та'аланың ихсаны (сыйы). Кәпір балаларына бұл ихсанды жасамайды, бірақ ешкімге ихсан жасауға мәжбүр емес.

Ихсан жасамау зұлымдық болмайды. Мысалы, дүкеннен бір келі күріш сатып алсақ, сатушының толық бір келі тартуы әділет, нұқсан тартуы зұлымдық болады. Ал біраз артығырақ беруі ихсан болады. Бұл ихсанды талап етуге ешкімнің ақысы жоқ.

Аллаһу та'аланың Ислам тәрбиесімен жетілдіруі үлкен ихсан (сый). Ол қалағанына ихсан етеді. Кәпір балаларына бұл ихсанды жасамауы зұлымдық, әділетсіздік болмайды. Ихсан еткен адамдар кәпір болса, олардың жазасы да көбірек болады. (Сәадати Әбәдийа)