21 - Жамазиәл-әууәл, 1446 жыл.
     23 - Қараша, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Иман және Ислам / "Иман және Ислам" кітабы / 4) Мұхаммед Александр Руссель Вебб (американдық)

4) Мұхаммед Александр Руссель Вебб (американдық)

Ол 1846 жылы Америкада Худсон қаласында дүниеге келген. Нью-Йорк университетінде оқыды. «St.Joseph Gazett» және «Missouri Republican» атты журналдар шығарды. 1887 жылы Филиппинде Америка елшісі ретінде қызмет атқарды. Мұсылман болғаннан кейін өзін толығымен Исламды тарату ісіне арнады және Америкадағы ұйымды басқарды. 1916 жылы қайтыс болды.

  Менен, халқының көпшілігі христиан болған Америкада туылып, христиан пірәдарларының уағыздарын тыңдаумен өскен мен сияқты адамның неліктен дінін өзгертіп, мұсылман болғанынсұрағандар өте көп болды. Мен оларға былай деп жауап бердім: «Мұсылман болдым! Өйткені, жасаған зерттеулерім адамдардың рухани қажеттіліктерінің тек Исламның берік негіздерімен қамтамасыз етілетіндігін көрсетті. Мен бала кезімде де христиан дініне онша беріле қоймаған едім. 20 жасқа толған кезімде шіркеудің барлық нәрсені күнә деп санайтын, мистикалық және жанды азаптайтын тәрбиесіне толығымен қарсы шықтым. Бірте-бірте шіркеуден алыстап, оған қайтып оралмадым. Менің барлық нәрсенің түбіне дейін зерттейтін мінезім бар. Барлық нәрсенің себебін, мақсатын іздейтінмін. Олардың қисынды жауаптарын іздейтінмін.Алайда, дінбасылардың және басқа да христиан дін адамдарының маған берген жауаптары мені қанағаттандырмайтын. Олар көптеген сұрақтарыма: «Біз бұларды түсіне алмаймыз, бұлар илаһи сыр. Оған біздің ақылымыз жетпейді» деп жауап беретін. Осыдан кейін бір жағынан шығыс діндерін, екінші жағынан атақты философтардың еңбектерін зерттеуге шешім қабылдадым. Философтардан Милль, Локк, Кант, Фихте, Хаксли және басқалардың шығармаларын оқыдым. Олардың еңбектерінде тек протоплазма, атом, молекула, ядро туралы айтылады, ал адамның рухы не болады? өлгеннен соң қайда барады? Бұл дүниеде рух қалай тәрбиеленеді? деген сұрақтарға жауап берілмейді. Ал, Ислам адамның тәнімен бірге рухына да мән беріп, бізге мағлұмат береді. Сондықтан да мен жолдан адасқаным үшін немесе христиандарға ашуланғаным үшін не болмаса кездейсоқ шешім қабылдағаным үшін емес, керісінше егжей-тегжейлі зерттеп, оның ұлылығын, мәнділігін, кәмілдігін жақсы түсінгеннен кейін ғана мұсылмандықты қабылдадым.

Исламның негізі – Аллаһу та’аланың бар және бір екеніне сену, Оған өзін арнау және ғибадат жасап, шүкіршілік ету. Ислам барлық адамзат баласына бауырмалдықты, ізгілікті, сүйіспеншілікті әмір етеді. Олардан рух, тән, тіл және іс тазалығын талап етеді. Ислам діні – қазірге дейін адамдардың білетін діндерінің ең кәмілі, ең үстемі және ең соңғысы.