Әбул Хасан Харқани
Әбул Хасан Харқани хазреттері Силсилә-и алийаның алтыншысы. Үлкен Ислам ғалымы. Баязид Бистамидің руханиятынан пайдаланып көтерілген. Заманының құтбы еді. Бір күн Ибн Сина шәйх Әбул Хасан Харқани хазреттерін үйіне зиярат етіп келді. Әйелі әдепсіз біреу еді, оны балағаттап, орманға кеткенін айтты. Ибн Сина орманға бара жатқанында шәйхтың отын артылған арыстанмен бірге келе жатқанын көрді. «Мұныңыз не?» деп сұрағанында, «Үйімдегі қасқырдың азап жүгін артып жүргенім үшін мына қасқыр да біздің жүгімізді арқалап жүр» деп жауаптады. Сұлтан Махмуд Ғазнауи бүкіл Азияға басқарушы болған кезеңінде Харқан қаласына таяу келген еді. Бірнеше адамын Харқанға шәйхқа жіберіп, оны қасына шақырды. Шәйх хазреттері бір үзірлі себебін айтып бармады. Бұл жағдай сұлтанға білдірілгенде «Ал, тұрыңдар, демек, ол біздің ойлағанымыздай адамдардан емес екен. Біз оған барайық» деді. Кейін өз киімін қазы Аязға кигізіп, өзі қару-жараққа жауапкер адам ретінде қазы Аяздың қасында шәйхтың үйіне кірді. Сұлтан сәлем бергенде шәйх сәлеміне жауап берді. Бірақ орнынан тұрмады. Сұлтан шәйһқа «Неліктен орныңыздан тұрмадыңыз?» деп сұрағанында шәйх: «Сені алдына өткізген екен, кел жаныма» деді. Сұраққа сол сәтте жауап бермеді. Сұлтан Махмуд шәйхқа «Ұстазыңыз Баязид Бистами қандай адам еді?» деп сұрады. Шәйх: «Ол сондай кәміл бір әулие еді, оны көргендер хидаятқа қауышатын еді» деді. Сұлтан бұл жауапты ұнатпады, «Әбу Ләһәб, Әбу Жәһл сияқтылар пайғамбарымызды көп көрді, бірақ хидаятқа келмеді ғой?» деді. Шәйх: «Әбу Жәһл, Әбу Ләһәб сияқтылар адамдардың ең үстемін Аллаһу та'аланың сүйікті пайғамбары ретінде көрмеді. Әбу Талибтің жетімі ретінде көрді, сол көзбен қарады. Егер Әбу Бәкір Сыддық сияқты қарап, Расулуллаһ ретінде көргенде еді, қарақшылықтан, күпірден бастартып, ол сияқты кәмілдікке жетер еді» деді. Сұлтан бұл жауапты қатты ұнатты. Дін ғұламаларына деген сүйіспеншілігі артты. Сұлтан Махмуд: «Маған насихат беріңіз» дегенінде, шәйх: «Мына төрт нәрсеге мән бер: күнәлардан сақтан, намазыңды жамағатпен оқы, жомарт бол, Аллаһу та'аланың жаратқандарына мейірімділік таныт» деді. Сұлтан шәйхтың алдына бір дорба алтын қойды. Бұған жауап ретінде шәйх сұлтанның алдына арпадан жасалған жайма нан қойды. Сұлтан наннан бір үзім үзіп жеді. Бірақ мұны жұта алмады. Шәйх хазреттері «Бір үзім нанды жұта алмадың. Мына бір дорба алтын біздің де тамағымызда тұрып қалуын қалайсың ба? Біз ақшаға деген қатысымызды үздік. Мына алтындарды алдымнан ал» деді. Сұлтан ақшаны кері алуға мәжбүр болды. Сұлтан кетерде шәйх орнынан тұрды. Сұлтан: «Біз келгенде мүлдем ілтипат танытпадыңыз, бірақ қазір орныңыздан тұрдыңыз, неге?» деп сұрады. Шәйх: «Бұл жерге патша тәкәппарлығымен мені сынау үшін келген едің. Ал қазір дәруиш болып кетіп барасың. Басында тәкәппар болғаның үшін тұрмадым. Ал қазір дәруиш болғаның үшін орнымнан тұрдым» деді. Сұлтан бір соғысында жеңілейін деп тұрған еді. Дереу шәйхтың шапанын қолына адып, «Йа, Аллаһ! Осы шапан иесінің құрметі үшін мына кәпірлерге қарсы жеңіске жеткіз!» деп дұға етті. Дұшпан тарапында шаң көтеріліп, боран басталды. Дұшпандар шаңның арасында ештеңе көрмей, қылыштарымен бір-бірін ұра бастады, сөйтіп бір-бірін өлтірді. Сау қалғандары таралып кетті. Сол күні кешке Сұлтан Махмуд түсінде шәйһті көрді. Шәйх сұлтанға «Аллаһу та'аланың дәргейінде әулиелеріміздің құрметіне жеңіске жеттің» деді. Құнды сөздерінің бірнешеуі мынадай: «Аллаһу та'ала үшін әр жасағаның – ықылас. Халық үшін бар жасағаның – рия.» «Мына екі адам шығарған фитнаны шайтан да шығара алмайды: дүниеге берілген ғалым және білімсіз сопы.» «Егер бір мүминді зиярат етсең, пайда болған сауапты жүз рет қабыл етілген нәпіл қажылық сауабына ауыстырмауың керек. Өйткені бір мүминді зиярат үшін берілген сауап кедейлерге берілген жүз мың алтын садақаның сауабынан әлдеқайда көп. Бір мүмин бауырларыңды зиярат еткенде Аллаһу та'аланың мейіріміне қауышасыңдар.» «Бір мүмин бауырын таңнан кешке дейін ренжітпеген адам сол күні кешке дейін пайғамбарымызбен бірге өткізгендей болады. Егер ренжітсе, Аллаһу та'ала оның сол күнгі ғибадаттарын қабыл етпейді.» |