19 - Жамазиәл-әууәл, 1446 жыл.
     21 - Қараша, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Ораза / Күнтізбелер мен кестелер арасындағы айырмашылық. Имсак уақыты

Күнтізбелер мен кестелер арасындағы айырмашылық. Имсак уақыты

1. Сұрақ: Күнтізбелер және Рамазан кестелерінің уақыттары арасында айырмашылықтар кездеседі, неге барлығының уақыты бірдей емес?

ЖАУАП:

1983 жылдан бұрынғы барлық күнтізбелерде намаз уақыты бірдей еді. Бірақ 1983 жылы ресми түрде намаз және ораза уақыттары өзгертілді. 1982 және одан бұрынғы жылдардағы күнтізбелердің кез келгенінде имсак уақыттары және намаз уақыттары дұрыс берілетін. Ал 1983 жылдан бастап дұрыс уақыттарға тән қағидалармен әдістер тәрк етіле бастады.

Күнтізбелер арасындағы айырмашылықтардың себебі екі:

Біріншісі: Ғылыми, астрономиялық тұрғыдан қолданылуы зәру, яғни міндетті болып табылатын тәмкин мөлшерінің кейбір күнтізбелерде мүлдем алынып тасталуы немесе азайтып қолданылуы.

Екншісі: Имсак уақытына тән болған күннің горизонт астындағы биіктік бұрышының -19 градустан -18 градусқа өзгертілуі, осының салдарында күннің горизонтқа жақындауы.

Төмендегі мәліметтер Түркия секілді жылдың барлық күні бар, барлық намаз уақыттары толық кіретін елді мекендерге қатысты.

1982 жылға дейін Түркияда тәмкин уақытын ешкім өзгертпеген, бүкіл ғалымдар, әулиелер, шәйһулисламдар, муфтилер, бүкіл мұсылмандар ғасырлар бойы намаздарын осы шариғи уақыттарда оқып, оразаларын осы шариғи уақыттарда бастаған. Бүгін де барлық мұсылмандардың осы Иджма-и муслиминнен (Мұсылман ғұламаларының ауызбірлігінен) ажырамауы тиіс.

Дін істерінде ислам ғалымдары мен ислам астрономия мамандарының бекіткен ораза және намаз уақыттарын қолдану керек.

Бекітілген осы уақыттарға қатысты 1926 жылдағы «Тақуими зия» атты күнтізбеде былай делінеді: «Бұл күнтізбе Діни істер басқармасына қарасты ғылыми кеңес тарапынан зерттеліп, тікелей басқарманың қолдауымен басып шығарылған.»

Ораза және намаз уақыттарын Османлы ғалымдарының ең жоғары мекемесі «Машихати Исламийа» ұжымы дайындаған х.1334 [м.1916] жылғы «Илмийа салнамасы» атты күнтізбемен Истанбул Университеті құрамындағы Қандилли обсерваториясының «14» санды 1958 ж. Жарияланған «Түркияға арналған Әуқати шаръийа» (шариғат белгілеген уақыттар) кітабындағы әдістер бойынша есептеліп жарияланатын дұрыс күнтізбелерге ұю керек.

1982 жылы және бұған дейінгі жылдардағы күнтізбелерде күннің горизонт астындағы биіктік бұрышы -19 градус деп алынатын. Бұл – шығыс горизонтта таңғы шапақтың (ағарудың) бір нүкте халінде көрінетін уақыты. 1983 жылдан бастап кейбір күнтізбелерде Еуропалықтардың білдірген ағарудың горизонт бойына жайылатын кездегі -18 градустағы биіктік негізге алына бастады. Мұның салдарында күннің горизонт астындағы биіктігін (-18) деп алу және тәмкин мөлшерін есептен алып тастау арқылы имсак уақытында шамамен (Түркия сияқты координаталары 36-42 градус ендік арасындағы елдерде) 15-20 минутқа дейін баратын айырмашылықтар пайда болды. Яғни оразаны Түркияда шынайы ауыз бекіту уақытынан (имсактан) 15-20 минут өткен соң бастауда, ораза уақыты басталғаннан кейін де 15-20 минуттай жеп ішуді жалғастыруда, мұның салдарында тұтылған оразалар фасид болатындықтан, қазасын тұтулары қажет болады.

Ислам астрономиясының ғалымы Ахмед Зия бек (хижри 1355 ж қайтыс болған) «Руб-и даира» атты кітабында былай дейді: «Еуропалықтар фәжри садықтың бастамасы ретінде горизонт бетіндегі ағарудың (таңғы шапақ) толығымен жайылған уақытын есептеуде. Сондықтан фәжр есептерінде күннің биіктігін -18 градус деп алуда. Ал біз горизонт бетіндегі ағарудың алғаш көрінген уақытын есептеудеміз. Сондықтан күннің биіктігі -19 градусқа көтерілген уақытын табамыз. Өйткені ислам ғалымдары имсак уақытын таңғы ағарудың горизонт бетіне тараған уақытын емес, таңғы АҒАРУДЫҢ ГОРИЗОНТ БЕТІНДЕ АЛҒАШ КӨРІНГЕН УАҚЫТЫ екендігін білдірген.»

Яғни Ислам ғалымдары ғасырлардан бері фәжр (имсак) уақытында  күннің үстіңгі шетінің биіктігі горизонттың астында -19 градус болатынын және басқа сандардың дұрыс еместігін білдірген. Фәтуа осылай берілген. Мүжтаһид емес адамдардың бұл фәтуаны өзгертуге ақылары жоқ. Фәтуаға сай болмаған ғибадаттар сахих болмайды. Мұсылмандардың дін істерінде христиандарға және мазһабсыз дүмшелерге емес, ислам ғалымдарына мойынсұнуы керек.

Қате уақыт көрсетілген күнтізбелер мен сайттарда тек қана тәмкин мөлшері айырмашылығымен қалмай, имсак уақытының есебінде де күннің горизонт астындағы биіктік бұрышы жоғарыда келтірілгендей ешқандай дәйексіз -19 градустан -18 градусқа өзгертіліп, күн горизонтқа жақын алынған.

Стамбул Университеті Кандилли обсерваториясының 08.07.1992 күнгі және 1354 нөмерлі жазуында имсак пен құптан уақыттарында күннің горизонт астындағы градустарының және тәмкин мөлшерінің 1400 жылдан бері қолданылып келгендігі, яғни құптан (шапақ) үшін горизонт астында -17 градус, имсак (фәжр) үшін -19 градус болуы және тәмкин мөлшеріне қатысты: «Жасалған есептер бойынша тәмкин мөлшері белгілі бір жер үшін әр үрлі уақыттарда 8-10 минут арасында өзгеруде. Осы тұрғыдан жалпылама тәмкин мөлшерінің 10 минут алынуы және мұның түстен бұрынғы уақыттардан алынуы, ал түстен кейінгі уақыттарға қосылуы дәстүрге айналған.» делінген.

Ислам астрономиясының ғалымы Ахмет Зия бектің 1926 жылғы қамари 1344 ж және шәмси 1305 ж «Тақуими зия» қалта күнтізбесінің бірінші және соңғы беттерінде «Дін істері басқармасының астрономия құрылымы тарапынан тексеріліп қолдауымен жарыққа шыққан» деп жазылған. Дін істерінде Ислам ғалымдарының және астрономия мамандарының бекіткен намаз уақыттарын өзгертпеу керек. Элмалылы Хамди Иазыр «Сэбил-ур-решад» кітабының жиырма екінші томында бұл тақырыпты жан-жақты ашып түсіндірген.

 

2. Сұрақ: Ғибадаттардың қабыл болуы үшін дұрыс уақыттарда орындалуы шарт екендігін білеміз. Әртүрлі күнтізбелер мен кестелер бар, бұлардың қайбірімен амал ету керек?

ЖАУАП:

Әрине дұрыс болған уақыттар бойынша ораза тұтып, намазымызды оқуымыз қажет. Өйткені дұрыстығы еш күмәнсіз болған уақыттан бұрын, яғни уақыты кірмей тұрып оқылған намаз сахих болмайды. Тіпті үлкен күнә болады. Ибн Нужәйм Зәйнул-Абидин «Кәбәир уә сәғаир» кітабында былай деген: «Парыз намаздарды (қате уақыттар берілген күнтізбелерге қарап) уақыты кірместен оқу және уақыты шыққаннан кейін оқу үлкен күнә.»

Есімдері және еңбектері том том кітаптарды алып жатқан Ислам астрономия ғалымдары, ислам ғалымдарының насс (Құран кәрім және хадис шәрифтер) арқылы білдірген, аспан сферасындағы белгілерге сай өте көп астрономиялық есептер арқылы қол жеткізген мағлұматтардың барлығын құнды еңбектері арқылы бізге мұра етіп, аманат етіп қалдырған. Бұл құнды кітаптарында намаз және ораза уақыттарының анықталуына қатысты әдістер мен қағидалар білдірілген. Бұл әдістермен қағидалар ғасырлар бойы қолданылып келген. Күмәнға түсетіндей ешбір жайт қалмаған. Дұрыс уақыттар келтірілген күнтізбелер мен интернет сайттарда осы білдірілген әдістер мен қағидалар бойынша намаз және ораза уақыттары есептеліп жариялануда.

Ораза және намаз уақыттарында айырмашылықтар пайда болған жағдайда ғибадаттарды дұрыс уақыттар бойынша орындау қажеттігі бұлжымас қағида. Дұрыс біреу ғана. Оның өлшемі болса, ислам ғалымдарының білдірген әдістер мен қағидалар. Осы әдістер мен қағидаларға сай есептелген жағдайда бірдей нәтижелердің шығатыны ғылыми ақиқат. Бұларға егжей-тегжейлі ұйып дайындалған уақыттардың дұрыс болатыны, кейбір дұрыс мәліметтерді келтіріп бұл білдірген нәрселеріне кері, қарама-қайшы жеке көзқарас, болжамдар мен пікірлерге сүйеніп дайындалатын уақыттар болса қате шығатыны айдан анық.

Намаздың сахих болуы үшін өз уақытында оқу, әрі өз уақытында оқығанын білу, күмәнданбау қажет және бұл парыз. Ибн Абидин «Рәддул-Мухтар» кітабының, Матбаи амире хижри 1307 жылғы баспасының, 342 бетінде және бұның Ахмед Даутұлының аудармасы 2 том, 40 бетінде және «Фәтхул-қадир» кітабында фиқһ қағидасы жазылған: «Намаздың сахих болуы үшін, уақыты кіргеннен соң оқу және уақытында оқылғанын білу шарт. Уақытының кіргенінен күмәнданып оқып, кейін уақытында оқығанын білсе бұл намазы сахих болмайды.» Ибн Абидин мұны жазғаннан кейін, «Нурул-изах», Әл-Әшбах кітабында да осылай делінген» деп жазған. Сондай-ақ Шафии «Әл-әнуар» және Малики «Әлмуқаддаматул-иззийә» шәрхінде және «Мизанул-кубра» кітабында да осылай жазылған.

 

Интернеттегі сайттарымызда және әртүрлі тілдерде жарияланып жүрген күнтізбелерімізде берілетін бүкіл намаз уақыттары төрт хақ мазһабтың да намаз уақыттары болып табылады.

a. Ханафи мазһабы мен қалған үш мазһаб арасында тек екінді және құптан намазының уақыттарында айырмашылық бар. Бұл айырмашылық тек Имам Ағзам (рахметуллаһу алейһ) хазреттерінің ижтиһады себепті. Имам Ағзам хазретері екінді және құптан намаздары үшін екінші уақыт болған Асри сани және Ишаи сани уақытында оқуды ижтиһад еткен. Бесін намазы Асри әууәлге дейін, яғни барлық нәрсенің көлеңкесі шынайы зауал уақытындағы ұзындығынан, өз бойындай ұзарғанға дейін немесе асры саниге дейін, яғни кез келген нәрсенің көлеңкесі өз бойынан екі есе ұзарғанға дейін жалғасады. Біріншісі екі имам және қалған үш мазһабтың үкімі бойынша, ал екіншісі Имам Ағзамның үкімі бойынша. Жариялап жатқан уақыттарымыз бірінші қаулы бойынша, яғни екі имам мен басқа үш мазһабтың үкімі бойынша болғандықтан, 4 хақ мазһабқа сай уақыттар.

b. Құптан намазының уақыты екі имамның (Имам Әбу Юсуф және Имам Мухаммедтің) үкімі бойынша ишаи әууәл уақытында, яғни батыстағы сыртқы (көрінетін) көкжиек сызығынан күннің қызылдығының жоғалуымен басталады. Қалған үш мазһабта да осылай. Имам Ағзамның үкімі бойынша Ишаи саниден, яғни батыстағы сыртқы (көрінетін) горизонт сызығының бетінде ағарудың жойылуымен басталады.

c. Ханафи мазһабының имамдары болған, Имам Әбу Юсуф пен Имам Мұхаммед хазреттері екінді мен құптанды да басқа үш мазһабпен бірдей уақыттарды білдіргендіктен, біз де бүкіл намаз уақыттары есептерімізде осы екі имамның білдірген уақыттарына сай етіп, осы арқылы төрт мазһабқа да сай болған уақыттарды жариялаудамыз.

d. Яғни интернеттегі www.namazvakti.com, www.turktakvim.com, www.namaztimes.com, www.namaztimes.kz,  www.kuntizbe.kz сайттарымызда және Түркия күнтізбемізде және қазақ тіліндегі Түркістан күнтізбесінде жарияланып жатқан уақыт есептеу орталығымыз тарапынан есептеліп дайындалған бүкіл намаз уақыттары төрт хақ мазһабтың намаз уақыттары болып табылады. Бұл намаз уақыттарын Ханафи, Шафии, Малики және Ханбали мазһабтарын ұстанатын бүкіл мұсылмандар қолдануы керек.

Имсак және намаз уақыттарын жариялап жүрген әртүрлі күнтізбе мен сайт уәкілдерінің дереккөздері егер әһли сүннет ғалымдары мен ислам астрономия мамандарының кітаптары болса, ешқандай келеңсіздік болмайды және бәрінің келтірген намаз уақытары бірдей болады. Алайда намаз уақыттары бір-біріне сәйкес келмесе және араларында айырмашылықтар бар болса, бұлардың тек біреуі ғана дұрыс екендігі анықталады. Біз біздің уақыттардың дұрыс екендігін анық-қанық етіп, ислам ғалымдары мен ислам астрономдарының есімдерін, еңбектерінің есімдерімен және кей бөлімдерде томын, бетін көрсетіп білдірудеміз. Бұл уақыттардың жеке ой-пікірімізден, өз жорамалымызбен, өз басымызбен жасаған есептер емес екендігін, Пайғамбарымыздың заманынан осы күнге дейінгі 1400 жылдан астам уақыт, ӘҺЛИ СҮННЕТ ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ хабар берген және ислам астрономия ғалымдарының еңбектерінде білдірген ӘДІС, ҚАҒИДАЛАРЫН мүлде өзгертпестен, сол күйінде қоданудамыз. Бұл ғалымдарға ұйыған жағдайда, айырмашылықтар жойылып, ХАҚТА БІРЛІК орнаған болады.

 

3. Сұрақ: Халыққа қиын болуы, қажеттіліктері негізге алына отырып уақыттарды өзгертуге бола ма?

ЖАУАП:

Кейбір күнтізбелерде «Аймақтарда болып жатқан қиындықтарды жеңілдету және адамдардың ғибадаттарын жеңілдету мақсатында ... тақдир қоданымына ... (уақыт кіріп қойған кезде де) шешім қабылданды.» деп, ислам ғалымдарының және ислам астрономдарының ешбір кітабында кездеспейтін, өздерінің ойлап шығарған қолданымдар арқылы, жеңілдетуді желеу етіп, құптан және имсак уақыттарын өзгертіп, мұсылмандардың намаз және оразаларын фасид етуде.

Ғибадаттар әдет-ғұрыпқа сәйкестендірілмейді. Әдет-ғұрыптарға қарай өзгертілмейді. Әдет-ғұрыптар ислам дініне сәйкестендіріледі.

Харамдар жақсы ниетпен жасалса халал болады деп айтылмайтыны сияқты, «...бұл аймақтарда өмір сүретін жұмысшы, оқушы, басшы, сатушы т.б. әлеуметтік топтардың алдынан шыққан қиындықтары мен машақаттарын, қажеттіліктерін есепке ала отырып...» деп адамдарға жеңілдік болсын деген ниетпен де шынайы құптан намазы мен имсак деп аталатын оразаның басталу уақытын өзгертуге болмайды. Ғибадаттардың сахих болуы олардың шарттарының (парыздарының) орындалуына байланысты. Дұрыс уақыттарда орындау болса, оразаның да, намаздың да шарты, парызы болып табылады. Бұл насс (Құран кәрім жәгне хадис шәрифтер мен де) анық үкім. Намаздарды уақытынан бұрын және кейін оқу күнә. Уақытынан бұрын немесе кейін орындалған мұндай ғибадаттар фасид болады.

Еуропа, АҚШ және т.б. өлкелерде жарияланып жатқан күнтізбелердің басындағы «АНЫҚТАМА» бөлімінде: «Ұлы Аллаһ “Сөзсіз намазды уақытында оқу парыз етілді” делінген (Ниса 4/103). Осы себепті намаздарды уақытынан бұрын оқуға болмайтыны сияқты, уақытынан кейінге қалдыру да жаиз емес.» деген сөздерге орын бере отырып өздерінің жасаған істері, енгізген өзгерістері насс (Құран кәрім мен хаис шәрифтерде) білдірілген бұл үкімдерге қайшы келуде. Намаз және ораза ғибадаттарының шарттарының ең маңыздысы «уақыт шарты» жасалған өзгерістерге байланысты орындалмайтындықтан сахих болмауда.

«Дурәрул-хуккам» шәрхінде былай делінеді: «Заман өзгеруімен әдет-ғұрыпқа байланысты үкімдер, заңдылықтар өзгеруі мүмкін. Насс (Құран кәрім, хадис шәрифтерге), дәлелге сүйенетін үкімдер заман өзгеруімен өзгермейді.» «Мәжәлләнің» отызтоғызыншы бабында және шәрхінде: «Үкімдер заман өзгеруімен өзгереді. Яғни әдет-ғұрыпқа байланысты үкімдер өзгереді. Насс арқылы бекітілген үкімдер заман өзгеруімен өзгермейді.» Намаз уақыттары Насс (Құран кәрім және хадис шәрифтермен) орнаған үкім. Сондақтан өзгертілмейді.

Дінде қиындық жоқ, жеңілдік бар деген сияқты сөздермен бұрмалаушылар көп парыздарды тәрк етуде. Бұл сөздің шынайы мағынасы «Аллаһу та’аланың бүкіл әмірлерін орындау оңай, Аллаһу та’ала қиын нәрсені әмір еткен емес, деген сөз». Әйтпесе иманы әлсіз болғандардың айтқанындай ыңғайыңа келгенін істей бер, нәпіске ауыр келетін нәрселерді Аллаһу та’ала кешіреді, әркім өзіне жеңіл болғанына қарай істеу керек, Ол мейірімді бәрін қабыл етеді деген сөз емес. Уақыттың кіруін күткен жағдайда құптан уақытының кеш кіруі, ал имсактың ерте басталуы себепті қиыншылықтардың пайда болуы жағдайында, ислам ғалымдарының хабар берген үкімдері ғибалаттардың оңайына және ыңғайыңа қарай өзгертілуін емес, діндегі білдірілген жеңілдіктерді қолдану үшін. Дінде қиындық жоқ деген сөздің мағынасы осы. Яғни Аллаһу та’ала оңай нәрселерді әмір еткен дегенді білдіреді. Әйтпесе әркім ойына келгенін жасасын, өзіне ұнағанын жасасын, нәпсіне ауыр келетін нәрселерді жасамасын деген сөз емес.

Адамдардың жұмыстары себепті ғибадаттарын жасауда алдарынан шығатын қиындықтар мен машақаттар, ғибадаттарының мәртебесін, мерейін өсіруде. Бұл сияқты істерде, жұмыс, демалыс, ұйқы, және үй қажеттіліктерін қамтамасыз ету секілді тіршілік амалдарын тәртіпке, жүйеге енгізу керек. Бұл тәртіпте намаз уақыттары негізге алынуы тиіс. Мұны орындау әрі оңай әрі төменде жазылғанындай өте құнды болып табылады. Мұсылмандар ғибадаттарын ислам ғалымдарының білдіргеніндей етіп орындауы керек.

Ислам үкімдеріне мойынсұнатындар ерекше жауһар және құнды алмастар мен айналысатын зергерлер секілді. Бұлардың жұмысы аз, бірақ табыстары өте көп болады. Кейде бір сағаттық еңбектері, жүзмыңдаған жылдың табысын береді. Мұның себебі, ислам үкімдеріне сай болған амал, Хақ тааланың қабыл ететін, ұнататын амалы.

ТҮРКИЯ КҮНТІЗБЕСІ

УАҚЫТ ЕСЕПТЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ӘКІМШІЛІГІ

Эл. Почтамыз: info@turktakvim.com