Ахыретке сену
Уәл яумил ахири: Ахырет күнiне сендiм деген мағынаны бередi. Бұл уақыт, адам өлген күнi басталады. Қияметтiң соңына дейiн жалғасады. Соңғы күн деп аталуының себебi ол күннен кейiн түннiң болмауында. Қияметтiң қашан болатыны белгiсiз. Бiрақ Пайғамбарымыз көптеген белгiлерiн айтып кеткен: Хазiретi Мәһдидiң келуi. Иса алейһиссаламның көктен Шам (Дамаск) аймағына түсуi. Дажжалдың шығуы. Яжуж-Мажуж дегендердің шығып, жер жүзiндегi барлық нәрсенi бұзып бұрмалауы. Күннің батыстан шығуы. Үлкен зілзәләлар болуы, дiн үкімдерінің ұмытылуы. Күнә мен жамандықтың көбеюі. Йемен өлкесінен от шығуы. Көктер мен таулардың жарылуы. Күн мен айдың сөнуi сияқты Қиямет белгілері білдірілді. Қабiрде сұрақтар сұралады. Мүнкар-Нәнкір перiштелерiнiң сұрақтарына жауап беру үшiн мыналарды жаттауымыз әрi балаларымызға да үйретуiмiз қажет: «Раббым – Аллаһу та’ала, пайғамбарым – Мұхаммед алейһиссалам, дiнiм – Ислам, кiтабым - Құран Кәрiм, құбылам - Қағба, ақидада мазһабым - Әһли сүннет уәл жамағат, амалда мазһабым – Имам Ағзам Абу Ханифа мазһабы». Қиямет күнi барлық адамзат тiрiледi. Бәрi махшар алаңына жиналады. Салих адамдардың амал дәптерлерi оң жақтан, жаман адамдардың кiтаптары артынан немесе сол жағынан берiледi. Шiрктен басқа күнәлардың бәрiн Аллаһу та’ала қаласа кешiредi, қаласа iстеген әрбiр күнә үшiн азапқа тартады. Iстелген амалдарды өлшейтін арнайы таразы – Мизан бар. Аллаһу та’аланың әмiрiмен Сырат көпiрi жаһаннамның үстiне құрылады. Онда Мұхаммед алейһиссаламға тән Кәусар бұлағы бар. Шапағат хақ. Тәубе етпей өлген мұсылмандардың кiшi әрi үлкен күнәларының кешірілуі үшiн пайғамбарлар, әулиелер, салих кiсiлер, ғалымдар, перiштелер, шәһидтер және Аллаһу та’аладан шапағат етуге рұқсат алған адамдар шапағат етедi, әрi олардың шапағаты қабыл болады. Жәннат пен жәһаннам қазiр бар. Жәннат жетi қабат аспанның үстiнде. Жәһаннам болса барлық нәрсенiң астында. Жәннаттың сегiз есiгi бар. Әрбiр есiгiнен бiр жәннатқа кiредi. Жәһаннам болса жетi қабаттан тұрады. Бiрiншi қабаттан жетiншi қабатқа қарай азап күшейе бередi. |