Қажылықта жаза керек ететін жағдайлар
Жаза керек ететін жағдайлар төртке бөлінеді. Бұлар: 1- Бедене (түйе немесе сиыр) союды керек ететін жағдайлар. 2- Дем (қой немесе ешкі) союды керек ететін жағдайлар. 3- Садақа беруді керек ететін жағдайлар. (Пітір мөлшеріндей) 4- Құнын өтеуді керек ететін жағдайлар.
Бедене союды керек ететін жағдайлар: 1- Арафат уақфасынан кейін және зиярат тауафынан бұрын жыныстық қатынаста болу. (Арафатқа тұрмастан бұрын болса, қажылығы бұзылады.) 2- Зиярат тауафын жүніп күйде жасау.
Дем союды қажет ететін жағдайлар: 1- Қудум немесе уәда тауафын жүніп күйде жасау. 2- Бір мүшенің толығына иіс cу жағу. 3- Шашына май жағу немесе қына жағу. 4- Тігілген киімді бір күн толығымен кию. 5- Басын бір нәрсемен жабу. 6- Қырыну. 7- Қолтық немесе беттің қылдарын немесе мойын қылдарын жұлу. 8- Тырнақ алу. 9- Қажылықтың уәжіптерінен біреуін тәрк ету немесе уақытында орындамау.
Пітір мөлшеріндей садақа беруді қажет ететін жағдайлар: 1- Бір мүшенің аз бөлігіне иіс су жағу. 2- Бір күннен аз уақытқа киім кию. 3- Бастың немесе сақалдың төрттен бірінен аз бөлігін қыру. 4- Бір тырнақ алу. 5- Қудум немесе уәда тауафын дәретсіз жасау. 6- Уәда тауафының бір шаутын (айналымын) тәрк ету. 7- Жәмрелерде лақтыратын тастардың бірін кем лақтыру. 8- Басқа біреудің сақалын қыру немесе тырнағын алу.
Пітір мөлшерінен аз садақа қажет ететін жағдайлар: Бит немесе шегіртке өлтіру.
Құнын өтеуді қажет ететін жағдайлар: Жеуге болатын жабайы аңдарды өлтіру. Сонымен қатар Харем аймағында жұлу харам болған өсімдіктерді жұлу.
|