19 - Жамазиәл-әууәл, 1446 жыл.
     21 - Қараша, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Иман және Ислам / "Иман және Ислам" кітабы / 8) Девис Уаррингтон (австралиялық)

8) Девис Уаррингтон (австралиялық)

Қаһарлы қыстан кейін көктемнің жылы лебі суық топырақ қабатына қалай әсер ететін болса, Ислам діні де маған дәл солай әсер етті. Жүрегімді жылытып, маған жаңа және әдемі ілім киімін кигізді. Ислам діні маған үйреткен нәрселер қаншалықты көркем, қаншалықты дұрыс және қисынды! «Аллаһу та’ала бір және Мұхаммед алейһиссалам Оның расулы» деген сөз неткен айқын, дұрыс және тамаша! Христиандардың сену мүмкін болмаған, түсініксіз «Әке, ұл және қасиетті рух» сеніміне ұқсайды ма? Христиандардың адамды қорқытатын, үрейге түсіретін, бірақ ешқашан адамды қанағаттандырмайтын сенімдерінің қасында бұл қарапайым, қисынды иман адамды өзіне тартады. Ислам діні – еш өзгермеген илаһи дін. Арадан қаншама ғасырлар өткеніне қарамастан, бүгін де, ертең де адамның барлық материалдық және рухани қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Мысалы, адамдардың тең екендігін, Аллаһу та’аланың алдында араларында мансап пен лауазым тұрғысынан айырмашылық жоқ екендігін Ислам діні өте айқын көрсетеді және мұны дүние өмірінде де қолданады. Дәл осы негіздерді пайымдайтын христиан шіркеуінде бір-бірінен лауазым жағынан ажыралатын папалар, поптар, эпископтар және тағы басқа көптеген дін адамдары бар. Олар Аллаһу та’ала мен құл арасына кіріп, өздерінің жеке пайдалары үшін Аллаһу та’аланың есімін қолданады. Алайда, Ислам дінінде Аллаһу та’ала мен құл арасына ешкім кіре алмайды. Аллаһу та’ала әмірлерін Құран кәрім арқылы құлдарына уағыздайды. Сіздерге төменде Аллаһу та’аланың бір бұйрығы туралы айтамын. Бұл бір мысал. Бұл мысал бұйрықтардың қаншалықты қарапайым, айқын және тамаша екенін көрсетеді:

Бақара сүресінің 267-аятында: «Ей, иман келтіргендер! Тура, халал жолмен тапқандарыңның тазаларынан және сендер үшін жерден өсірген өнімдерден және жемістерден беріңдер! Жиіркеніп, ала алмайтын лас нәрселеріңді бермеңдер. Біліңдер, Аллаһу та’ала ешнәрсеге мұқтаж емес және толық мадаққа лайық тек қана Ол» делінген. Құран кәрімнің осы терең мағыналы әмірлерін оқып үйренген сайынрухым рахаттанып, мұсылмандықты қуана-қуана қабылдадым.