11) Др. Омар Рольф Фрейхерр Вон Эхренфельс (австриялық)(Рольф Фрейхерр (барон) вон Эхренфельс бүкіл әлемге «Гештальт-құрылыс» физиологиясы ғылымының құрушысы болып қабылданған профессор др. Барон Кристиан Эхренфельстің жалғыз баласы. Атақты әулеттен шыққан. Бала кезінен шығысқа қызығушылық танытып, Ислам дінін зерттей бастаған. Қарындасы Имма вон Бодмесрхоф Лахорда 1953 жылы жарияланған бір еңбегінде бауырының бұл құштарлығы туралы кеңінен жазады. Рольф жас кезінде Түркия, Албания, Грекия және Югославияны аралап, мұсылмандармен байланыс құрған, христиан болса да, мешіттерде ғибадаттарға қатысқан. Ақыр соңында Ислам дініне деген жақындығы оның 1927 жылы мұсылмандықты қабылдауына себеп болған және ол өзіне Омар есімін таңдаған. 1932 жылы Үндістанға барып, «Исламда әйелдің орны» атты кітабын басып шығарған. Немістер екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Австрияны басып алғаннан кейін Рольф Үндістанға қашқан. Оны қабылдаған Әкбар Хайдардың көмегімен Ассамда антропологиялық зерттеулер жүргізіп, 1949 жылы Мадрас университетінің антропология ғылымының профессоры ретінде тағайындалған, Бенгалдегі «Royal Aslotic Society» тарапынан алтын медальмен марапатталған. Кітаптары урду тіліне де аударылып, басылған.) Менен неліктен мұсылман болғанымды сұрап жатырсыз. Мені мұсылман еткен және хақ дін екенін маған білдірген негіздерде төменде ретімен келтірейін: 1) Ислам діні әлемдегі біз білетін барлық діндердің жақсы жақтарын қамтиды. Барлық діндер адамдардың бейбітшілік пен тыныштықта өмір сүруін қалайды. Алайда, ешбір дін мұны Ислам діні сияқты адамдарға ашық түсіндіре алмаған. Басқа ешбір дін Ислам діні сияқты жаратушымызға және дін бауырларына деген осыншалықты сүйіспеншілікті енгізе алмаған. 2) Ислам діні бейбітшілік пен тыныштық ішінде Аллаһу та’алаға толық бағынуды бұйырады. 3) Тарихқа көз жүгіртетін болсақ, шынымен Ислам дінінің ең соңғы хақ дін екендігі және одан кейін басқа ешқандай дін келмейтіндігі өздігінен аңғарылады. 4) Мұхаммед алейһиссалам Исламды уағыздаған, Ол пайғамбарлардың ең соңғысы. 5) Ислам дініне кірген адам, күмәнсіз, бұрынғы дінінен айрылған болады. Бірақ, бұл айрылу айтарлықтай өте үлкен емес. Бүкіл илаһи діндерде иманның негіздері бірдей. Құран кәрім ескі илаһи діндерді қабылдайды. Бірақ, бұл діндерге кейіннен араластырылған қате сенімдерді түзетуде, Иса алейһиссаламның шынайы дінін айқындауда, Мұхаммед алейһиссаламның соңғы пайғамбар екенін және Одан басқа пайғамбардың келмейтінін хабарлауда. Яғни, Ислам діні – басқа діндердің шынайы және кәміл түрі. Адамдардың жеке пайдалары мен тойымсыздығы кесірінен бір-біріне дұшпан болған. Бұдан пайда күткендер болған, діндерді бір-біріне қарсы дұшпан етуге тырысқан, негізі Аллаһу та’аланы тану болған діндерді дүниелік істерге құрал ретінде қолдана бастаған. Алайда, назар салатын болсақ, Ислам дінінің басқа илаһи діндерді қабылдайтындығы, бірақ оларда уақыт өтумен адам қолымен енгізілген қателіктерді дұрыстағандығы байқалады. Исламды қабылдау – еркек және әйел барлық адамдар мұқтаж болған рухани және материалдық көмекті беру деген сөз. 6) Адамдар арасында бауырластық пікірі ешбір дінде Ислам дініндегідей көрсетілмеген. Мұсылман болғандардың барлығы қандай нәсілден, қандай ұлттан, қандай түстен, қай тілден болса да, олар бір-біріннің дін бауырлары. Саяси ойлары қандай болса да, олар бір-бірінің бауыры болып саналады. Мұндай үстемдік басқа ешбір дінде жоқ. 7) Ислам діні өмірде әйелдерге де үлкен құқықтар береді. Ислам діні әйелге ең маңызды орынды берген. Пайғамбарымыз Мұхаммед алейһиссалам: «Жәннат аналардың аяғының астында» деген. Ислам діні басқа дін ұстанушыларының туындыларына құрметпен қараған, оларды жабайылар секілді қиратпаған. Стамбулда Фатих және Сұлтан Ахмед мешіттері салынған кезде Аясофияның кейбір жерлерін үлгі етіп алудан тартынбаған. Мұсылмандар бүкіл тарих бойы басқа дін өкілдеріне ең үлкен әділдік танытып, мейірім көрсеткен. Міне, бүкіл осы себептер үшін мен мұсылмандықты өзіме дін ретінде таңдадым.
|