Отыру әдебі
Сұрақ: Ешбір кедергі болмаса, отырғанда құбылаға қарап отырудың сауабы көбірек пе? Жауап: Иә, құбылаға қарап отыру сүннет болып табылады. Үзірсіз (себепсіз) құбылаға аяқ созу мәкрух. Бір үзірлі себеппен немесе қателесіп аяқ созу мәкрух болмайды. (Рәддул мухтар) Көп адамдармен отырған кезде бір-бірінің бетіне қарап отыру керек. Өйткені намаз сыртында мүминге қарап отыру Қағбаға бұрылып отырудан абзал. Бір хадис шәрифтің мағынасы мынадай: «Ей, Қағба, ей, Бәйтуллаһ! Сені Аллаһ құрметті, қадірлі және тамаша қылды, бірақ мүмин құрмет тұрғысынан сенен қадірлірек.» (Табарани) Жалғыз отырғанда басқа жаққа бұрылуға қажеттілік жоқ болса, құбылаға қарап отыру керек. Бір хадис шәрифтің мағынасы мынадай: «Барлық нәрсенің ең жақсы және ең дұрыс түрі бар. Отырудың ең жақсысы – құбылаға қарап отыру.» (Әбу Дауд)
Сұрақ: Аяқ айқастырып отыру күнә ма? Жауап: Күнә емес, бірақ адамдардың алдында бұлай отыру әдепке қайшы болады. Расулуллаһ алейһиссалам қызының жанында да мүбәрәк аяқтарын созбайтын еді. |