21 - Жамазиәл-әууәл, 1446 жыл.
     23 - Қараша, 2024 жыл.   


Махмуд Әнжир Фағнауи

Махмуд Әнжир Фағнауи хазреттері Силсилә-и алийаның он біріншісі. Мәуереннахрдың Тур-и Сина сияқты қасиетті бір жер болуына себепші болған, ол жерді нұрландырған үлкен ғалым және әулиелерден болған Махмуд Әнжир Фағнауи Бұхараның Фағна ауылында туылды. 1315 жылы қайтыс болды. Сәулетші болып күн көретін еді.

Қожа Ариф Ривагари хазреттерінің дәрістерінде және сұхбаттарында жетіліп шықты. Заттық және рухани ілімдерде заманының үлкен ғалымдарынан болды. Адамдарды жетілдіру және оларға бақыт жолын көрсету үшін ұстазынан ижазат (диплом) алды. Көптеген ғалым жетілдірді. Мыңдаған адамның адасушылықтан дұрыс жолға және бақытқа қауышуыша себепкер болды. Жетілдірген ғалымдарының ең үлкені және өзінен кейінгі халифасы – Әли Рамитани.

Ұстазы Ариф Ривагариден ижазат алып, адамдарды дұрыс жолды көрсетумен міндеттелген кезінде уақыттың талабына сай дауысты зікірді бастады. Дауысты зікірді ең алғаш рет ұстазы өлім ауруы кезінде Ривагар тауының үстінде бастаған еді. Қожа Ариф бұл кезде «Қазір мұның уақыты» деді. Бұл сөзі қабыл еткеніне белгі деп саналған. Қожа Ариф Ривагаридің қайтыс болуынан кейін ол қамал есігі алдындағы мешітте дауысты зікірді жалғастырды. Сол заманның үлкен ғалымдарынан Қожа Мұхаммед Парисаның аталарынан Мәулана Хафизуддин ғалымдардың ұстазы Шәмсулаймма Хулванидің белгісімен Бұхарада сол заманның үлкен имамдары мен ғалымдарының алдында Қожа Махмудқа «Сіз қандай ниетпен жәһри (дауысты) зікірмен айналысып жүрсіз?» деп сұрады. Жауап ретінде: «Ұйқыдағыларды ояту, ғапілдерге естірту және адамдарды діннің негізгі және дұрыс жолымен жүргізу, ақиқатқа шақыру, осылайша адамдардың барлық жақсылықтардың кілті, барлық бақыттың негізі болған тәубеге және бір әулиеге байлануына себеп болуды қалаймын» деді. Мұны естігенде Мәулана Хафизуддин оған: «Ниетіңіз осындай дұрыс болса, осылай зікір етуіңіз жаиз болады» деді. Махмуд Әнжир Фағнауи айтты: «Дауысты зікірді тек тілі өтіріктен және ғайбаттан, асқазаны харам мен күмәнділерден таза, жүрегі риядан және мақтанудан ұзақ, сыры Раббынан басқа барлық нәрсеге бейімделуден пәк болған адам ғана жасай алады.»

Үлкен ғалым Әли Рамитани айтып берген:

«Қожа Махмуд Әнжир Фағнауи заманында дәруиштерден бір адам Хызыр алейһиссаламды көрді және одан «Бұл заманда жолын ұстануға болатын шәйх кім?» деп сұрады. Хазреті Хызыр «Қожа Махмуд Әнжир Фағнауи» деп жауаптады.

Хазреті Хызырмен көрісіп, осы сұрақты қойған адамның Әли Рамитанидің өзі екені білдірілген.

Бір күні Қожа Әли Рамитани Қожа Махмуд Әнжир Фағнауидің шәкірттерімен Рамитан маңайында болғанда ауада ұшқан бір үлкен ақ құс көрді. Олардың бастарының үстіне ұшып келіп, анық тілмен «Ей, Әли, кәміл ер бол! Сөзіңде тұр, ұстаған етегіңді қатты ұста, келісіміңді бұзба!» деді. Бұл құсты көрген, айтқандарын естіген достарын бір хал басты, есінен танды. Естерін жинаған кездерінде құс жайлы және айтқандары туралы сұрады. Әли Рамитани айтты: «Ол Қожа Махмуд Әнжир Фағнауи еді. Аллаһу та'ала оған бұл кереметті нәсіп етті. Қазір Қожа Дихқан ауырып жатыр. Өмірінің соңғы сәттерін сүріп жатыр. Оны зиярат етуге, көңілін сұрауға бара жатыр. Өйткені ол Аллаһу та'аладан соңғы демде оған жәрдемші болуы үшін әулиелерінің бірін жіберуін сұраған еді. Қожа осы себеппен оның қасына бара жатыр.»