Ақиқат болмаса, оның көрінісі де болмайды
Әһли хикмет ғұламалар былай деген: Бұл дүние – айнадағы көрініс. Көріністің бар бола алуы үшін ақиқатының бар болуы керек. Ақиқат – ахирет. Мешіттердің шынайы орны – жәннат, жәннаттың дүниедегі кескіні – мешіттер. Жәннатқа апаратың жол мешіттер арқылы өтеді. Фотосуреттің бар бола алуы үшін шындығының бар болуы қажет. Ахирет те ақиқат болмағанда еді, дүниедегі бұл көрініс болмас еді. Егер бір топта, бір жамағаттың арасында Аллаһу та'аланың сүйікті, ұнатқан, разы болған, қабыл еткен тек бір ғана адамы бар болса, Аллаһу та'ала сол кісінің құрметіне бәрін кешіреді. Хақ құзырында сол жамағаттағы лайықтылар мен лайықсыздар бірге. Дүниеге мән бермей, ахирет үшін өмір сүргендер, қызметпен және ғибадатпен айналысқандар соңғы жағдайларында мұқтаж болмайды, олар ұмытылмайды. Кім Аллаһ үшін болса, Аллаһ та ол үшін болады. Аллаһу та'аланың разылығын ойлап әрекет еткендерді, «Адамдар не дейді екен?» деп Аллаһу та'аланың разылығынан бас тартпағандарды Аллаһу та'ала өз қамқорлығына алады. Адамдардың разылығын маңызды санап, Раббымыздың разылығын тастаған адамдардың жұмысын адамдарға қалдырады. Отардан айрылған қой қасқырға жем болады. Қасқыр шопаны бар болған отарға шабуылдамайды. Отардан айрылғаны құриды. Пайғамбарымыз алейһиссалам «Адамның қасқыры – шайтан» деген. Егер топтан айрылсақ, ажырап шықсақ, біз де шайтанға жем боламыз. Аллаһу та'ала дұрыс жолда болған бір топтың ішіне шайтанның кіруіне тыйым салған. Бұл топтың ішіне шайтан кіре алмайды. Оларды адастыра алмайды, өйткені бәрінің ойы бірдей, бәрінің бөліскені бірдей. Егер араларына біреуі өзгеше ойлайтын болса, басқаша сөйлесе, шайтан барып оған тиіседі. Отардан айрылған қойды қасқыр қалай жалмайтын болса, бір жамағаттан айрылған адамды да шайтан солай жалмайды. Бұл кісі өз қауымы, өз жамағаты жайлы жаман ойлауды, оларды сынауды бастайды, яғни қарсы шығады. Тек қарсы шығумен шектелсе жақсы, біраз уақыт өткеннен кейін сол жамағатқа дұшпан бола бастайды. Дұшпандығы артып, ақыр соңында бұл дін дұшпандығына айналады. Аллаһ сақтасын! Пайғамбарымыз алейһиссалам айтқанындай: «Жамағатта Аллаһтың мейірімі, айрылуда Аллаһу та'аланың азабы бар.» Бірлік пен ынтымақта болудың өмір тұрғысынана да, өлім тұрғысынан да, әрі дүниелік жағынан, әрі ахирет жағынан көп пайдасы бар. Аллаһу та'ала мұсылмандардың бірлік пен ынтымағын бұзбасын! |