Не жақсылықтан сөйле, не ауызыңды ашпа!
Әһли хикмет ғұламалар былай деген: Күнәлар екіге бөлінеді: біріншісі, Аллаһу та'ала мен құлдар арасында, ал екіншісі құлдардың өз араларында. Аллаһу та'ала өте мейірімді болғандықтан, өзі мен құлдары арасындағы көп күнәні кешіреді, бірақ құлдар арасындағы құл (кісі) ақылары бар болса, әділетке салады. Намаз оқымаса, намаз қарызы бар болса, ол адам да сотқа (есепке) жіберіледі. Сондықтан, әр мүмкіндікте қаза намаздарын оқу керек, намазсыз өткен уақыттардың кешірілуі үшін де Әһли сүннет ғалымдарының кітаптарын көп тарату қажет. Ғайбат айту, жала жабу сияқты құл ақысына жататын күнәлар қалай кешіріледі? Бір ауылда көп сөз таситын, өсекші бір адам бар екен. Ауылдың молдасына барып, «Ұстаз, мен істегендеріме өкіндім, тәубе еттім. Кешірілемін бе екен?» деп сұрайды. Молда оған «Сен ертең ауылдың орталық алаңына кел, сол жақта көресің. Бірақ келеріңде құс қауырсынына толған жастықпен кел» дейді. Ертеңіне бұл адам жастығын алып, ауылдың орталық алаңына келеді. Бүкіл халық сол жерде екен. Молда қалтасында алып келген қайшысымен жастықты қырқа бастағанда, ішіндегі құс қауырсындары желмен жан-жаққа шашыла бастайды. Молда «Енді барлық қауырсындарды жина, сонда ғана кешірілесің» дейді, бірақ бұл мүмкін бе? Әлгі адам «Ұстаз, ұшып кетті ғой, қалай жинаймын?» дейді. Әрине барлық жұрт «Бұл істің хикметі не екен?» деп қызығып күтіп тұрғанда молда «Міне, осы қауырсындарды бір-бірден жинауың қажет болғанындай, кімнің сөзін тасыған болсаң, кімнің ақысын жеген болсаң, олардың бәрімен жеке-жеке халалдасуын (кешірімін, разылығын алуың) керек» дейді. Ең жаман әрекеттердің бірі – ғайбат. Ғайбат – амалдардың сауабын жояды, дүние мен ахиретте зиянға ұшыратады. Ғайбат пен сөз тасу бір-біріне жақын. Екеуі де бір нәрседен туындайды. Екеуі де шектен шығу және құтыруға жатады. Құтырмаған адам бұлармен айналыспайды. Сөз тасыған адам кісі өлтіруші қылмыскердей болады. Ал ғайбат айтқан адам өлексе жеген кісі сияқты. Құтырған адам тәкәппар болады. Адам нәпсін осы ауруларға шалдықтырған кезде жала жабу күнәсын да істейді бастайды. Ғайбат адамның өзін өзгеге таза етіп көрсетуді қалауынан және өзін ұнатуынан туындайды. Сондықтан ғайбаттан ең үлкен пәлекеттен қашқандай қашу керек. Пайғамбарымыз алейһиссалам «Не қайыр сөйле, не үндеме» деген. Ғайбат сөзді тыңдау да екі есе күнә, өйткені акробатты жіптен құлатқан – оны тамашалаған адамдар. Олар әрі өздері күнәға батады, әрі өзгені күнәға батырады. Кімде-кім ғайбат етушіге «Қой, Аллаһтан қорқ, ол сенің дін бауырың» деп оны тоқтатса, жүз шәһид сауабын алады. Бұған шамасы жетпесе, ең болмағанда әңгімені ауыстыруы немесе ол жерден кетіп қалуы керек. Ахмед бин Харб хазреттері былай деген: «Маған кім дұшпандық жасап жүргенін, кім мені ғайбаттап жүргенін, кім мені жамандап жүргенін, әттең, білсем ғой, оған алтын мен күміс жіберер едім. Менің жұмысымда істеп, тапқан сауаптарын менің дәптеріме жазғаны үшін, менен сыйлық алсын.» |