Адамдар ұйқыда
Әһли хикмет ғұламалар былай деген: Дүние, өмір – ұйқыдағы адамның түсі сияқты. Адамдар ұйқыда, өлген кезде оянады. Ахирет – мәңгі өмір. Жәннат – дүниенің қайтарымы. Дүниені тәрк еткен, тастаған адамға сол жердің мәңгі ниғметтері беріледі. Яғни дүниені, дүниелік мүлікті иеленбеген, мұның қараңғылық екеніне, аманат екеніне сенген адамға Аллаһу та'ала мәңгіге қалатынын береді. Тозақ та дүниенің қайтарымы. Дүниені сұрап, ахиретті ұмытқан адамға беріледі, адам ол жерден мәңгілікке айрыла алмайды. Бұл – таңдау мәселесі. Аллаһу та'ала ахиретті таңдаған адамға жәннатты береді, дүниені таңдағанға тозақты береді. Қайырлы адамдар дүниеде Аллаһқа және Расулына иман келтіреді, бағынады және өмірін осы бағытта өткізеді. Егер бір нәрсе міндетті түрде орындалатын болса, оны орындалған деп білу керек. Өлім – хақ, міндетті түрде келеді, соған қарай өмір сүру қажет. Намаз өте маңызды, діннің тірегі. Намаз оқымайтын адамның жасаған барлық ғибадаттары ауада асылып қалады, намаз оқымағанша түкке жарамайды. Құран кәрім – шипа. Әрбір әрпі шипа. Фалақ пен Нас сүрелерін оқып, қолыңызға үрлеңіз де, ауырып тұрған жерді сипаңыз. Ақыл осы жолды тапқанға дейін қажет, бірақ бұл жолды тапқаннан кейін ақыл ең үлкен дұшпанға айналады, түрлі ойлармен мазалайды. Кемеге мінген болсаң, кеме капитанының ісіне араласпа! Аллаһу та'ала «Шашы-сақалы ағарған мұсылман құлыма азап беруге ұяламын» дейді. Олай болса, шаштарымызды Аллаһ жолында ағартуымыз керек. Технология өте тез дамуда, бұл адамдарға үлкен пайдаларын тигізеді. Жұмыстарды оңай және қысқа мерзімде істеуге болады. Бірақ барлық жаңа өнертабыстың зияндары да болады. Уақыты келгенде адамдар ойын-сауық, әуестік салдарынан осы құралдардың (компьютер, ғаламтор, теледидар және т.б.) басында барлық уақыттарын жұмсайды. Алайда бұлардың басында аз қалу керек, жұмысты тез бітіріп, бұлардан айрылу керек. Әйтпесе сізді өзіне тұтқын қылады, бүкіл уақытыңызды алып қояды. Кітап оқуға және басқа істерді атқаруға уақыт қалмайды. Тіпті Аллаһ дейтіндей уақыт та қалдырмайды. Ластық, қауіп шектеусіз, есепсіз болады, өте абай болу керек. Адамды алып пәлекетке жеткізеді. Балаларға, жастарға зияны одан да көбірек тиеді. Кешіру – күнәларды жабу, мағфирет ету – толығымен жою деген сөз. Сондықтан, мүмин Аллаһу та'аладан кешірім мен мағфирет сұрайды. Аллаһу та'ала да кешіріп, мағфирет етсе, бәрі толық болады. Аллаһу та'аланың бір құлынан разы болуы сол адам үшін ең үлкен сүйінші. Мүминнің ең жақсы дұғасы – біреуге Аллаһу та'ала сенен разы болсын деп айтуы. Егер Аллаһу та'ала бір құлынан разы болса, оған барлық нәрсені берді деген сөз. Аллаһу та'ала разы болған құлдарын разы болған жерлерде ұстайды. Раббымыздың разы болған жері – Жәннат. Жәннатқа кіруді сұрау керек. «Беруді қаламаса, қалауды бермес еді» деген мақал бар. Аллаһу та'ала құлына бір нәрсе беруді қаласа, оған бір нәрселер айтқызады, істеткізеді. Ол бермекші болғанын себеппен бергендіктен, біздің себепке жабысуымызды қалайды, яғни «Йа, Раббым, бізге жәннатыңды бер» деп айтқызады. Онсыз да сөйлеткізетін де, беретін де Ол. |