Келін-ене мәселесі
Сұрақ: Менің үйленгеніме біраз болды, бір ұлым бар. Әйелім оранған және бес уақыт намазын оқиды. Бірақ ата-анам әйелімді жақтырмайды, үнемі оны қорлап жүреді. Мен әйеліме «Ата-анама жақсы қара» деймін, ата-анамның қайғылы жүргенін көріп әйеліме ашуланамын, оны ұрамын. Ақыр соңында бұл жағдайдың бұлай жалғаса алмайтынын көріп, әйелімді баламмен бірге төркініне апарып тастадым. Қандай кеңес бересіздер? Жауап: Оранған және намазын оқитын әйел – үлкен ниғмет. Ниғметтің қадірін білмейтін болсаңыз, қолыңыздан кетеді. Келін-ене мәселесі жаңалық емес. Бөлек шығып, басқа үйде тұру шешім болуы мүмкін. Егер келін мен ене ұрыса беретін болса, онда бір-бірімен мүлдем көріспеуі дұрыс болады. Ата-ананың қалауымен әйелді ұруға, әйелді тастап кетуге болмайды. Сіздің жасағаныңыз өте жаман және тым қате іс. Пайғамбарымыз алейһиссалам былай дейді: «Әйелдеріңді қинамаңдар! Олар Аллаһу та'аланың сендерге берген аманаты. Олармен жұмсақ болыңдар, оларға жақсылық жасаңдар!» (Мүслим) «Жазықсыз әйелін ұрған адамның қияметте арызданушысы мен боламын. Әйелін ұрған адам Аллаһқа және Расулына дұшпан болады.» (Р.Насихин) «Мұсылмандардың иман тұрғысынан ең үстемі – мінезі ең жақсы болғаны, әйеліне ең жақсы, ең мейірімді қарағаны.» (Тирмизи) «Мұсылмандардың ең жақсысы, ең пайдалысы – әйеліне ең жақсы, ең пайдалы болғаны. Сендердің араларыңда әйелінің алдында ең жақсы, ең қайырлы, ең пайдалы болғаны – менмін.» (Нәсаи) «Әйеліне күлімдеп қараған еркектің дәптеріне бір құл азат еткендей сауап жазылады.» (Р.Насихин) Үйге келгенде әйеліне сәлем беріп, хал-жағдайын сұрау керек, қайғысы мен қуанышына ортақ болу керек. Өйткені, ол басқалардан үмітсіз және тек өзіне үйренген досы, дерттесі, қуантушысы, балаларының жетілдірушісі және түрлі қажеттіліктердің кетірушісі. Аяти кариманың мағынасында былай делінеді: «Жақсы әйелдер Аллаһқа бағынады және күйеулерінің ақысына қарайды. Күйеулері жоқ кезде олардың намысын және мал-мүліктерін Аллаһтың жәрдемімен қорғайды.» (Ниса 34) Еркек әрдайым өзін айыпты санау керек. «Мен жақсы болсам, ол мұндай болмас еді» деп ойлауы керек. Әйелінің жақсы, арлы болуын Аллаһу та'аланың үлкен ниғметі деп білу керек. Оның жаман қасиеттеріне жақсы қарап, жақсылықтары артып, әр істі қуана-қуана істеген кезінде оған дұға ету керек және Аллаһу та'алаға шүкір ету қажет. Өйткені жақсы әйел үлкен ниғмет. Жақсы қарау дегеніміз – тек қана оны ренжітпеу деген сөз емес. Одан келген қиыншылықтарға да шыдау деген сөз. Хадис шәрифте былай делінген: «Әйелінің жаман мінездеріне шыдаған еркек бәле-жалаға сабыр еткен хазреті Әййуб сияқты марапаттарға қауышады.» (И.Ғазали) Жақсы мұсылман болу үшін әйелімен жақсы қарым-қатынаста болу шарт. Құран кәрімде де «Олармен жақсы қарым-қатынаста болыңдар!» делінген. (Ниса 13)
Сұрақ: Ата-ананың сексен ақысы жайлы шыққан мақаладан кейін жағдайымыз нашарлады. Күйеуім анасын бізбен бірге тұруға алып келмекші. Бөлек тұрғанда да сыйыспайтын едік. Енді жанұямыз толық бұзылатын болды. Ұрыс-керістен мектептегі баламның жүйкесі бұзылды. Күйеуімнің және анасының денсаулықтары және материалдық жағдайлары жақсы. Бөлек тұруға жағдайы жетеді. Келіп, тыныштығымызды бұзуға ақысы бар ма? Жауап: Күйеуіңіздің жағдайы жақсы болғанына қарағанда, анасымен бірге тұруы қажет емес. Келінді енесімен бірге тұруға ешкім мәжбүрлей алмайды. Мәжбүрлейтін болса, үйде тыныштық қалмайды. Ақылды еркек үйінің тыныштығын бұзбайды. Дінге қайшы болмаған бір шарасын табады. |