19 - Жамазиәл-әууәл, 1446 жыл.
     21 - Қараша, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Халал - Харам / Ішіп-жеуі харам болған нәрселер

Ішіп-жеуі харам болған нәрселер

Сұрақ: Қандай нәрселерді ішіп-жеу харам болады? Олардың харам болу себебі неде?

Жауап: Дініміз тыйым салғаны үшін кейбір жануарлардың еттерін жеуге болмайды. Әрине бұл тыйымдарда көптеген хикметтер бар. Мұсылмандар бұл хикметтерді білмесе де діннің тыйым салған нәрселерін жасамауы керек. Азықтардың адамға жақсы немесе жаман әсері болатыны сөзсіз. Анасы жаман болған немесе жаман әйелдің сүтін емген бала да жаманшылығынан әсерін алады. Ондайларды тексіз дейді. Дүниесін және ақыретін ойлайтын адам дініміздің халал деген нәрселерін жеп, харам деген нәрселерінен тыйылуы керек.

 

Ішіп-жеуі харам болған нәрселер:

1- Тікелей өзі харам болған нәрселер. (Өлексе, доңыз еті және шарап секілді)

2- Өзі харам емес, бірақ ұрлап алу, тартып алу, пара алу секілді жолдармен алынған нәрселер.

3- Тойғаннан кейін жеу.

4- Аллергия беретін азықты жеу. (Мәслелен балық, ет, сүт, жұмыртқа, құлпынай секілді азықтарды жегенде зиян беретін болса бұлар тек зияны тиетін адамға харам, зияны тимейтін адамға мубах болады.)

5- Зиянды нәрселерді жеу. (Мәселен: балшық, топырақ, шыны секілді.)

6- Улы заттарды жеу. (Улы шөп, иістеніп кеткен ет секілді)

7- Есірткі, ойлау қабілетін әлсірететін нәрселерді жеу. (Дәрігердің айтуымен дәрі ретінде қолдану жаиз болады.)

8- Таза бірақ жиіркенішті заттарды жеу. (Бақа, қаны болмайтын құрт-құмырсқалар, жемістің, сырдың және еттің құрттары секілді.)

Құран кәрімде былай бұйырылған:

«Өлексе, сұйық қан, доңыз және Аллаһтан басқаның атымен сойылған жануарларды жеу харам болады.» ((Әнам 145)

Аяти кәримада аталған бұл харамдардан басқа жоғарыдағы сегіз бөліктегі нәрселердің де харам екендігін пайғамбарымыз білдірген.

 

Етін жеуге болатын және жеуге болмайтын жануарлар

Сұрақ: Етін жеуге болатын және жеуге болмайтын жануарларды айтып бересіз бе?

Жауап: Құрлықта өмір сүретін жануарлар және құстар туралы хадис шәрифте былай делінген:

 «Ит тісті (клык) жыртқыш жануарлар және ауын (қорегін) тырнағымен аулайтын құстарды жеуге болмайды.» (Муслим)

 

Етін жеуге болмайтын құрлықтағы жануарлар:

Доңыз, қасқыр, аю, арыстан, жолбарыс, барыс, леопард, панда, пантера, гепард, ягуар, пума, тиін, бұлғын, сусар, скунс, горила, маймыл түрлері (шимпанзе, павиан, гибон, орангутан), қорқау, піл, ит, мысық, шошқа, борсық, сілеусін, шибөрі, түлкі, ақ тышқан (ласка) сияқты, иттісті (клык) жыртқыш жануарларды жеуге болмайды. (Шафии мазһабында түлкі, қорқау, бұлғын, тиін және ақ тышқанды жеуге болады.)  

 

Етін жеуге болатын құрлықтағы жануарлар:

Жираф, кенгуру, қоян етін жеуге болады. Етін жеуге болатын қой, ешкі, сиыр, түйе секілді үй жануарларының жабайы түрлерін де жеуге болады. Мәселен буйвол, бизон бұлар жабайы сиыр, лама жабайы түйе, яғни бұларды жеуге болады. Жабайы тау ешкісі, киік, антилопа, жабайы қойларды жеуге болады. Үй жануарларынан атты жеу тәнзиһан мәкрух болып табылады. Пони де атқа жатады. Ат еті Шафии және Ханбелиде халал, Маликиде харам болып табылады. Жабайы аттарды жеуге болады. Үй есегін жеуге болмайды. Жабайы есекке жататын зебраны жеуге болады.   

 

Етін жеуге болмайтын құстар:

Ауын (қорегін) тырнағымен аулайтын және өлексемен қоректенетін лашын, бүркіт, ителгі, құзғын, күшіген, қарға, жарғанат, қаршыға, сұңқар, шағала, ләйлек, фламинго, эгрет, таз ибис секілді құстарды жеуге болмайды.

 

Шыбын-шіркей, құрт-құмырсқаларды да жеуге болмайды:

Жәндіктер, яғни топырақ ішінде ұясы болған кішкентай жануарлар халал емес. Тышқан, шаян, жылан түрлері, кесіртке, крокодил, кене, бақа, тасбақа, ұлу, ара, маса, шыбын, көртышқан, кірпі, ағаш қандаласы, бит, бүрге секілді жәндіктерді жеуге болмайды. (Шафии және Маликиде кірпі және кесірткені жеуге болады.)

 

Етін жеуге болатын құстар:

Жиіркенішті болмаған, өлексемен қоректенбейтін, ауын тырнақтарымен ауламайтын құстарды жеуге болады. Сауысқан, орман кептері, бұлбұл, шымшық, тоты құс, кекілік, қырғауыл, көгершін, бөдене, қара торғай, тауыс, қарлығаш, жапалақ, тырна, пайыз торғай, зяблики, торғай және қараторғай секілді құстар халал болып табылады. Бәбісек (сасықкөкек) мәкрух болады. (Ханафи және Ханбелиде шағаланы жеуге болмайды. Маликиде шағала және құтан құсын жеуге болады.) Етін жеуге болатын үй құстарының жабайы түрлері саналатын қаратауық, жабайы үйрек, жабайы қаз, аққу секілді құстарды жеуге болады. Үндіктің жабайы түрі саналатын түйе құсты да жеуге болады.

 

Теңіз жануарлары:

Ханафиден басқа үш мазһабта теңіз жануарларының барлық түрін жеуге болады. Ханафиде балық түрінде болмаған ешбір теңіз жануарын жеуге болмайды. Мәселен сегізаяқ, кальмар, сия балығы, морской конек, морж, медуза, итбалық секілді жануарлар және краб, мидия, устрица, омар, шаян, креветка, теңіз ұлуы секілді теңіз жәндіктерін жеуге болмайды. Арқан балық (лосось), камбала, дельфин, акула, және жылан балығын жеуге болады. 

 

Нәжіс жеген жануар

Сұрақ: Нәжіс жеген жануарды жеу жаиз ба?

Жауап: Тезек және басқа да нәжіс нәрселерді жеген жануардың еті сасық болса оны жеу мәкрух болады. Таза нәрсемен қоректеніп жаман иісі қалмаса жаиз болады. Нәжіс жеген тауық, қой және сиырды сол күні сойып жеу мәкрух болып табылады. Тауықты 3 күн, қойды 4 күн, сиыр және түйені 10 күн қамап, яғни нәжіс болмаған таза азықпен бағу керек. Шафииде болса түйе 40 күн, сиыр 30 күн, қой 7 күн, тауықты 3 күн қамау керек.  

 

Қандай мүшелерін жеуге болмайды

Сұрақ: Етін жеуге болатын жануарлардың қай мүшелерін жеуге болмайды?

Жауап: Етін жеуге болатын барлық жануардың 7 мүшесін жеуге болмайды. Бұлар сұйық қаны, зәр шығаратын мүшесі, аталық ұрық бездері (қошқардың жұмыртқасы), бездері, өт іркілетін қалта, ұрғашы жануардың алды және қуығы.

 

Соймастан өлтірілген жануарлар

Сұрақ: Соймастан өлтірілген жануарларды жеуге бола ма?

Жауап: Сойылмай, бір жеріне пышақпен шаншып немесе қылқындырып немесе дәрімен уландырып, электрлі токпен өлтірілген құрлықтағы жануарлар өлексе болып саналады, яғни арам өлген болады. Бұларды жеу харам болады. 

 

Жануардан шыққандар

Сұрақ: Өлген жануардан шыққан сүт және ірімшік, брынза ашытқысы ретінде қолданылатын іш майлар таза бола ма?

Жауап: Тек қана сүт еміп, басқа ешнәрсе жемеген кішкентай қозылардың өлгеннен кейін қарнынан шыққан ірімшік ашытқылары таза болады. Қой, сиыр секілді өлген жануарлардың емшегінен шыққан сүт те таза болады.

 

Тірі болуының белгісі бар болса

Сұрақ: Тірі немесе өлі екендігі белгісіз болған жануар бауыздалса жеуге бола ма?

Жауап: Ауру немесе талдырылған жануар, тірі немесе өлі екендігі белгісіз болса, бауыздалып жатқанда қимылдаса немесе тірі жануардағы секілді қан шықса оны жеуге болады. Өйткені бұлар тірі екендігін білдіретін белгі болып табылады. Тірі екендігін білдіретін белгілері жоқ болса жеуге болмайды. 

 

Қажеттілік кезінде мазһаб тақлиді

Сұрақ: Қажеттілік кезінде басқа мазһабтарды тақлид етіп теңіз жәндіктерін жеуге бола ма?

Жауап: Мазһабтардың үкімдеріндегі өзгешеліктер Аллаһтың рахметі екендігі хадис шәрифте білдірілген. Қажеттілік, мәжбүрлік жағдайында басқа мазһабты тақлид етіп ол мазһабтағы халал болған жануарды жеуге болады. Мәселен кірпі еті экзема, қышыма, теміреткі секілді тері ауруларына және элефантиаз (піл ауруы) деп аталатын ісік ауруларына жақсы көмектесетіні “Хайат-ул хайуан” кітабында жазылған. Ханафи және Ханбели мазһабтарында кірпі етін жеу харам. Шафии және Малики мазһабында жаиз. Әсерлі басқа мубах болған бір дәрі табылмаса, науқастың бұл екі мазһабтың бірін тақлид етіп кірпі етін жеуі жаиз болады. Кірпінің басын “бисмиллә” айтып сою керек. Кірпі адамдардың жанында басын шығармайды, суға салған жағдайда шығарады. Осылай басын кесу де оңайға соғады. Аш қалып өз мазһабында халал болған азық таба алмаған адам, басқа мазһабта халал болған азықтан жейді. Ешбір мазһабта халал болған нәрсе таба алмаса, өлмейтіндей мөлшерде харам болған азықтан ішіп-жеуі жаиз болады. (Хадиқа)

 

Басқа мазһабтың да үкімдеріне мойынсұну

Сұрақ: Өз мазһабыңда жаиз, бірақ басқа мазһабта харам болған нәрсені жемеген абзал емес пе? Мәселен түлкі еті Шафииде халал, Ханафиде харам. Ханафиде харам болғаны үшін Шафиилер де түлкі етін жемегені абзал болады емес пе?

Жауап: Әрине басқа мазһабтардың да үкімдеріне мойынсұну мүстаһаб, өте жақсы болады. Мәселен Шафиилердің теңіз жәндіктерін жемегені жақсы болады. Шафииде әйелге тию дәретті бұзады. Ханафилер де әйелге тигенінде дәрет алулары мүстаһаб болады. Алмауы да жаиз, бірақ басқа мазһабтың үкімдеріне де мойынсұнуы мүстаһаб болып табылады.