21 - Жамазиәл-әууәл, 1446 жыл.
     23 - Қараша, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Иман және Ислам / "Иман және Ислам" кітабы / 41) Фаруқ Б.Караи (зенгибарлық)

41) Фаруқ Б.Караи (зенгибарлық)

Мен мұсылмандықты ұлы пайғамбар Мұхаммед алейһиссаламға таң қалғаным үшін қабылдадым. Зенгибарда көптеген мұсылман достарым бар еді. Олар маған мұсылмандық туралы керемет нәрселер айтып беретін еді. Маған берген мұсылмандық жайлы кітаптарын жанұямнан жасырып оқитынмын. Соңында 1940 жылы, не болса да, мұсылман болуға шешім қабылдадым. Отбасымның қарсылығына және  сол сәтте дейін ұстанған парсы дінімнің дінбасыларының сөздеріне қарамастан мұсылман болдым. Осы себеппен басыма қандай қиыншылықтар келгенін, қандай ауыртпалықтарға кезіккенімді ұзақ айтып отырмаймын. Отбасым мені иманнан қайтару үшін ақылға қонымсыз құралдарды қолданды. Мені қатты қинап қорлады. Бірақ, мен бір рет хидаятқа қауышқаннан кейін қауіп-қатердің барлық түріне төтеп беріп, хақ дінімді берік ұстандым. Қазір  мен бір Аллаһты және Оның соңғы пайғамбары Мұхаммед алейһиссаламды өз жанымнан артық жақсы көремін.

Отбасымның маған көрсеткен әр түрлі қиындықтарына қарсы шыдадым. Осы азаптарға шыдағанда «Мен Аллаһу та’аланың бұйырған жолындамын. Аллаһу та’ала барлық нәрсенің дұрысын біледі және мені қорғайды» деген сенімім маған күш пен батылдық берді.

Гуйратиде Құран кәрімді оқып зерттеу мүмкіндігі туды. Құран кәрімді оқыған сайын оған толықтай байландым. Әлемде басқа ешқандай діннің адамдарға тура жолды көрсете алмайтынына шын жүрегіммен сендім. Құран кәрім – адамдарға қарапайым өмір сүруді, бауырластықты, теңдікті, адамгершілікті үйрететін, дүние мен ахиретте рахаттық пен бақыт ішінде өмір сүрудің жолдарын көрсететін қасиетті кітап. Адамдарға ең үлкен жол көрсетуші болған Аллаһу та'аланың осы кітабы әкелген Ислам діні дүниенің соңына дейін тұрақты болып қалады.