19 - Жамазиәл-әууәл, 1446 жыл.
     21 - Қараша, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Шайтанның уәсуәсасы әлсіз

Шайтанның уәсуәсасы әлсіз

Әһли хикмет ғұламалар былай деген:

Құран кәрімде шайтанның алдауының өте әлсіз екендігі білдірілуде, тіпті салих құлдарға мүлдем әсер етпейтіндігі айтылуда. Исра сүресінде былай делінеді:

«Менің құлдарыма сенің билігің жоқ, оларды алдай алмайсың.»

Жақсылар да, жамандар да Аллаһу та'аланың құлы болса да, Ол осысалихтарға «Менің құлым» деген. Демек, Раббымыздың «Менің құлым» деген салих адамдарын шайтан алдай алмайды. Ақшаға, жаман қалауларына құл болғандарды алдайды. Жасия сүресінде «Жаман қалауларын өздеріне тәңір қылғандар» тіркесі өткен. Яғни жаман қалауларының құлы болғандар делінген. Адам неге табынып жатқан болса, соның құлы болады.

Тозақта адамдар шайтанның жағасынан ұстап айтады:

- Сенің кесіріңнен осында келдік, ей малғұн!

Сонда Ібіліс: «Тоқтаңдар, сендер мені дүниеде көрдіңдер ме? Даусымды естідіңдер ме?» деп сұрайды. «Көрмедік, естімедік» деген жауап алады. «Сендер дүниеде дін жайлы айтып беретін адам, молда және т.б. көрмедіңдер ме? Сендер діни кітап оқымадыңдар ма? Сендер дінді үйрететін, насихат айтатын адамды естімедіңдер ме?» деп сұрайды. «Көрдік, оқыдық, естідік» деген жауап алады. Сонда Ібіліс айтады:

- Яғни сендер қазір көргендеріңе және естігендеріңе емес, көрмегендеріңе және естімегендеріңе еріп, осында келген екенсіңдер ғой! Сендер барыңдар, өздеріңді айыптаңдар, сендерді осы жағдайға түсірген достарыңды табыңдар. Менің ісім тек уәсуәса беру (жаман ой салу) ғана еді. Сендер шындаққа емес, уәсуәсаға жүгіндіңдер.

 

Алтынды зергер таниды

Сөзі дінде дәлел болатын ғалым саңырауқұлақ сияқты жерден өніп шықпайды. Міндетті түрде ұстаздарының шежіресі Расулуллаһқа сүйенуі қажет. Өйткені дініміз – нақыл діні, ешкім бұған өз ойынан ештеңе қоса алмайды.

Әр сұхбатында өз ұстазынан сөз ашатын бір шәкірттен сұраған екен:

- Әрдайым ұстазым былай деді, олар әулие дейсіз, әулиелер жақсы, әулиелер үстем дейсіз. Айтыңызшы, олар сізге не үйретті?

-Мынаны үйретті: Сіздің алдыңызда 73 дана түрі, салмағы, түсі бірдей болған алтын ыдыс болса және «Бұлардың 72-сі жасанды, тек біреуі ғана таза, сіз осы таза алтын болғанын бір дегенде қателеспей табыңыз» десе не істейсіз? Ал әулие болған ұстаздарымыз бізге бір дегенде соншама ыдыстардың арасынан дұрыс болғанын табуды үйретті!

-Әркім өзі ұстаған алтынды таза деп ойлайды, ал сіздің жолыңыздың дұрыс екені қайдан мәлім?

-Бұл тақырыпта мына ереже мәселені шешеді. Ислам – ақыл емес, нақыл діні. Сол дұрыс жауапты ұстазымызға ұстазы, оған да ұстазы, оған да оның ұстазы айтып, Расулуллаһ алейһиссаламған дейін созылған Силсилә-и Зәһәб (Алтын шежіре) жеткізуде. Бұл жерде ешкім өз ойынан ештеңе айта алмайды.