Ағынды дәретті бұзады
Сұрақ: «Әйелдердің күндік ағындысы нәжіс емес, дәретті бұзбайды. Бұрынғы ғалымдар ағындының ерекшелігін білмегені үшін дәретті бұзады деген болса да, технология дамыған осы заманда ағындының нәжіс еместігі анықталған» деп айту дұрыс па? Ағындының нәжіс болу-болмауының технологияға қандай қатысы бар? Мысалы, зәр нәжіс пе, нәжіс емес пе? Дін білімі мұны білмейді ме? Әлде міндетті түрде талдау өткізу қажет пе? Дініміз «Алдынан және артынан шыққан нәрселер дәретті бұзады» деген емес пе? Зәр жолынан шыққан сұйықтық қалайша таза болсын? Қалыпты су шықса да лас болмайды ма? Жауап: Бұрынғы ғалымдарды жамандаудың технологияға қатысы жоқ. Бұл діндегі реформашылардың айласы. Фиқһ кітаптарында жазылған: «Ханафи мазһабында жеті нәрсе дәретті бұзады: Біріншісі, алдынан және артынан шығатын нәрселер дәретті бұзады. Клизма құралының ұшы және адамның саусағы артынан кіргізіліп шығарылса, үсті ылғалды болса, бұзады. Бір нәрсе тұтас кіріп-шықса, дәретті де, оразаны да бұзады. (Халеби) Әйелдің қынабын (тасымал суымен) бүркіп жуғанда шыққан сұйықтық дәретті бұзады. (С.Әбәдийа) Таза болған тасымалы су да іште кіріп шыққанда ластанып, дәретті бұзады. Алдына немесе артына кіргізілген саусақ ылғалды болып шыққанда, іштен нәжіс сұйықтық шыққандықтан, дәретті бұзады. Жаңа дүмшелердің «Бұрынғы ғалымдар білмейтін еді» деп Расулуллаһтың мұрагері болған ғалымдарды сауатсыздықпен айыптаулары қияметтің белгілерінен. Бірнеше хадис шәриф мағынасы мынадай: «Бұл үмбеттің соңғы замандарында келгендері әуелгі ғалымдарды жамандаған кезде білімін жасырған адам Аллаһ түсірген Құранды жасырған болады.» (Ибн Мажа, Ибн Адий, Ибн Асакир) «Сондай бір заман келеді, кейін келгендер әуелгі ғалымдарды сауатсыздықпен айыптайды.» (Асакир) «Дін ғалымы қалмайды, дін адамы орнына отырып алған надандар білместен фәтуа беру арқылы баршаны дұрыс жолдан шығаруға тырысады.» (Бұхари) «Әр ғасыр әуелгі ғасырдан бұзылған болады. Осылайша қияметке дейін бұзыла береді.» (Тәзкира-и Қуртуби мухтасары, Хадиқа) «Қияметке жақын білім азаяды, сауатсыздық артады.» (Ибн Мажа)
Бұрынғы ғалымдарды жамандаған дүмшелерге обал болсын! |