19 - Жамазиәл-әууәл, 1446 жыл.
     21 - Қараша, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Әдеп-ахлақ / Жақсы болғанына куәгер болу

Жақсы болғанына куәгер болу

Сұрақ: Қырық мұсылман жаман бір адамға жақсы деп куәлік етсе, Аллаһтың сол жаман адамды кешіретіндігі рас па?

Жауап: Иә, ол мүмин жаман болса да, куәгерлер «Ол жақсы адам» десе, Аллаһу та'ала оларды ұятқа қалдырмайды, оның жаман істерін білетін болса да, тек мұсылмандардың жақсы дегені үшін оны кешіреді. Олай болса, жақсы достарымызды көбейту керек және жақсылармен бірге болуға тырысу қажет! Хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Жақсы адам болғанына төрт мұсылман куәлік еткен мүминді Аллаһу та'ала жәннатқа кіргізеді.» (Бұхари)

«Бір мұсылманның жақсы болғанына төрт көршісі куәлік етсе, Аллаһу та'ала "Мен сендердің куәліктеріңді қабылдадым. Оның сендер білмейтін (жаман) нәрселерін де кешірдім" дейді.» (Әбу Я’ла)

«Бір мүминнің жаназасына қырық мұсылман қатысса, Аллаһу та'ала сол қырық адамды осы мұсылманға шапағатшы қылады.» (Мүслим)

Имам Шафии хазреттері де «Қырық мұсылманның арасында бір әулие кісі болады. Әулиенің дұғасы қабыл етіледі» деген. Жақсылардың арасындағы жаман адам да құтылады. Бір хадис шәрифтің мағынасы: «Періштелер Аллаһты еске алушыларды қарсы алады. Аллаһу та'ала періштелерге "Куә болыңдар, оларды кешірдім" дейді. Періштелер "Араларында басқа тірлікпен келген бір жаман адам бар. Оны да кешірдің бе, йа Рабби?" деп сұрайды. Аллаһ "Иә, оны да кешірдім. Жақсылармен бірге болған адам жаман болмайды" дейді.» (Бұхари, Мүслим)

Мұхаммед Масум хазреттері де айтқан: «Аллаһу та'аланың сүйікті құлдарын танып, жақсы көргендер қаншалықты ұятсыз және қажетті әдептерден ұзақ болса да, қадірлі.» (1/88)

Жақсылардың арасына кірген көптеген тыңшылардың хидаятқа (дұрыс жолға) қауышқаны көп естілген. Аллаһу та'ала бір топты кешіргенде арасындағы жамандарды ажыратпайды, оларды да кешіреді. Бір хадис шәрифте: «Аллаһу та'ала бір топқа мейірім танытса, арасындағы жаман болғанын ажыратудан ұялады» делінген. (Әбуш-шәйһ)