Хилйа-и сә’адәт
-8- ХИЛЙА-И СӘ’АДӘТ Бұл бөлімде хилйа-и сә’адәт өлең шумақтарымен сипатталған. Пайғамбарымыз алейһиссаламның түр-келбетінің, көрінісінің сипатталуы хилйа-и сә’адәт деп аталады. Бұл бөлім өлең түрінде жазылғандықтан, аудармада мағынасын толық жеткізетін сөздер таба алмағанымыз үшін және аударуда қиындықтарға тап болғанымыз үшін біз бұл тақырыпты жарияламай, келесі тақырыпқа өтуді жөн көрдік.
____________________
Шайтан мен дұшпанның жамандығынан және көз тиюінен сақтану үшін: Әузу Бисмилләһ және «Қул әузу» сүрелерін оқып, кейін «Әузу бикәлиматиллаһит-таммати мин шәрри кулли шәйтанин уә һамматин уә мин шәрри кулли айнин ләмма» дұғасын оқу керек. Одан кейін «Бисмилләһилләзи лә йадурру мәасмиһи шәйун фил арди уәлә фиссәмә уә һуәссәмиул алим» дұғасын оқу қажет. Одан кейін жетпіс рет «Әстағфируллаһ мин кулли мә кәриһаллаһ-ул азыйм әлләзи лә илаһа илла һуәл-һаййәл қаййум уә әтубу иләйһ» дұғасы оқылады. Бұларды оқыған кезде мағыналарын ойлап оқу керек. [Әузу – сиынамын, һәммә – құрт-құмырсқалар, айн – көз, ламмә – зиянды, хамәзат – шабуыл, әстағфируллаһ – мені кешір, йа Раббым – дегенді білдіреді.] Кейін «Аллаһумма инни әузу бикә мин хәмәзәтиш-шайатин» деп оқып, одан кейін «Аллаһуммә инни әузу бикә мин азабил қабри уә мин азабиннар уә мин фитнәтил маһйа уәл мәмати уә мин фитнәтил Мәсиһиддәжжал» дұғасын оқу керек. |