19 - Жамазиәл-әууәл, 1446 жыл.
     21 - Қараша, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Таратылып жатқан мирас

Таратылып жатқан мирас

Әһли хикмет ғұламалар былай деген:

Әһли сүннет ғалымдары білу керек болған барлық нәрсені білдірген. Нәсібі болғандар осы білдірілгендерді ұстанған және Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) мұрагерлері болған ғалымдардың мінездерімен мінезделген. Нәсібі болмағандар тек дүниеліктің соңынан жүгірген. «Дүние малғұн және дүниеде Аллаһ үшін болмаған барлық нәрсе де малғұн» хадис шәрифі Аллаһу та'аланың разылығына сай болмаған барлық іс-әрекеттің қате екенін көрсетеді.

Әбу Хурайра хазреттері бір күні базарда кетіп бара жатып, бәрінің жұмыс үстінде екені көреді де, «Неге бұл жерде тұрсыңдар? Расулуллаһтың мешітінде мирас таратылып жатыр» дейді. Бәрі сауда-саттығын тастап, дүкендерін жабады. Мирас мүліктерін аламыз деп Мәсжид-и Нәбәуиге асыға жүгіреді. Келіп қараса, ол жерде ешкім ешқандай мирас таратып жатқан жоқ. Әбу Хурайра хазреттерінен: «Бізді неге алдадың?» деп сұрайды. Сонда ол: «Аллаһ сақтасын, сендерді не үшін алдаймын? Мешітке кірген кезде не көрдіңдер?» деп сұрайды. «Біреулер ілім, біреулер Құран кәрім, біреулер фиқһ үйреніп жатыр» деп жауаптайды. Мұны естіген Әбу Хурайра хазреттері: «Міне, мирас дегенім осылар. Пайғамбарлар мирас ретінде мүлік қалдырмайды. Олардың қалдыратыны – ілім, ғалымдар» дейді.

«Егер бұл дүниені шыбынның қанатындай қадірлі деп санайтын болсам, дұшпаным болған кәпірге бір жұтым су да бермес едім» мағынасындағы хадис құдси дүниенің қаншалықты қадірсіз екенін көрсетуде. Бір адам нені қадірлесе, өзінің қадірі де соншалықты болады. Аллаһу та'ала, бір күн болса да, мейіріммен назар салмаған осы дүниенің соңынан жүгіргендердің қадірі де осы дүниенің қадіріндей.

Дүниедегі тұзақтардан құтылып, ахиретке жету өте қиын. Өйткені жолда көптеген тосқауылдар бар. Жолда күтіп тұрған үш дұшпан бар. Бұлар шайтан, нәфси әммара (азғырған нәпіс) және жаман дос. Бұлардың бәрі жәннатқа бара жатқандарға тосқауыл болу үшін күндіз-түні күш жұмсайды. Нәпсіміз 24 сағат бойы бізбен бірге. Түпкі мақсаты күнәға батыру емес, кәпір қылу. Ал жаман дос пен жаман бұқаралық ақпарат құралдары адамның әрі дінін, әрі намысын жояды. Осылайша адам масқара болады. «Адамның діні досының діні сияқты» хадис шәрифі жаман достың қаншалықты қауіпті екенін білдіруде. Біз қанша бұзылған болсақ та, досымыз жақсы болса, күнә істеуден сақтанамыз, дүниеде олармен бірге болғанымыздай, ахиретте де олармен бірге боламыз.