21 - Жамазиәл-әууәл, 1446 жыл.
     23 - Қараша, 2024 жыл.   


Дәруиш Мұхаммед

Дәруиш Мұхаммед хазреттері әулиелердің ұлыларынан. Силсилә-и алийаның жиырмасыншысы.

Рух ілімдерінде маман еді. Үлкен ғалым және жетілген әулие болған көкесі Қазы Мұхаммед Захидтің дәрістеріне қатысып жетілді. Көкесіне шәкірт болудан бұрын он бес жыл нәпсінің қалауларынан құтылу үшін күресіп, адамдардан ұзақ өмір сүрген.

Бір күні қолдарын жайып, әлсіздігін және шарасыздығын Аллаһу та'алаға жалбарынып айтқан еді. Кенеттен Хызыр алейһиссалам келіп «Егер сабыр мен қанағат тілесең, Мұхаммед Захидке қызмет етуге және сұхбатына қауышуға асық. Ол саған сабыр мен қанағатты үйретеді» деді. Дереу Мұхаммед Захидтің алдына барып, сол жерде ілім үйренді. Тамаша тәрбие көріп, кәміл жетілді. Ұстазы оны адамдарға дұрыс жолды түсіндіру, мәңгі болған тозақ отынан құтқаратын нәрселерді үйрету үшін орынбасар қылды. Ұстазының қайтыс болуынан кейін орнына өтіп, Самарқандта дұрыс жолдан айрылғандармен және дінге кейіннен енгізілген бидғаттармен күресті. Бидғаттарды жойды. Көп әулие жетілдірді.

Адамдарды Аллаһу та'аланың жолына шақыруға көп күш жұмсады. Шәкірттерін тәрбиелеу тұрғысында өте үлкен күш пен қайраттылыққа ие еді. Имам Раббани хазреттерінің дүниеге келуінен бір жыл бұрын қайтыс болды. Адамдарға дұрыс жолды көрсету үшін жетілдірген жоғары дәрежелі шәкірттері өте көп. Олардың ең үлкені – баласы Қожа Мұхаммед Имкәнәги.