Менің сыйлығым осы
Әһли хикмет ғұламалар былай деген: Аллаһу та'ала тәубе-истиғфар жасаған адамды кешіреді. Кім истиғфар етсе, міндетті түрде қабыл болады. Наср сүресінде «Раббыңа истиғфар ет, ол міндетті түрде тәубелерді көп қабылдаушы» және Худ сүресінде «Истиғфар оқыңдар, көмекке келемін» делінген. Сондықтан тәубе етейік. (Тәубе – харам істегеннен кейін өкініп, Аллаһу та’аладан қорқу, қайта істемеуге шешім қабылдау дегенді білдіреді. Истиғфар – күнәнің кешірілуін тілеу, «Әстағфируллаһ» деп айту деген сөз. Әстағфируллаһ – Аллаһым, күнәларымды кешіре гөр деген мағынаны білдіреді.) Аллаһу та'ала тәубе еткен адамның тәубесін қабыл етеді. Пайғамбарымыз алейһиссаламға біреу келіп: «Мен бір күнә істедім, тәубе еттім, Аллаһу та'ала тәубемді қабыл етті ме?» деп сұрайды. Пайғамбарымыз қабыл еткенін айтады. Әлгі адам «Ал қайтадан күнә істедім, қайтадан тәубе еттім. Тағы қабыл етті ме?» деп сұрайды. Бұл сұраққа да «Иә, қайтадан қабыл етті» деп жауаптайды. Адам тағы сұраған кезде пайғамбарымыз алейһиссалам «Босқа әуре болма, қияметке дейін бұл жалғасса да, сен тәубе еткен сайын Аллаһу та'ала сені кешіреді» дейді. Марқұм Хусейн Хилми бин Саид хазреттерінен шәкірті бір күні «Ұстазым, барлық әулиелер шәкірттеріне сыйлықтар қалдырған. Сіздің сыйлығыңыз қандай?» деп сұрайды. Хусейн Хилми бин Саид хазреттері С.Әбәдийа кітабындағы «Өте маңызды ескертпе» тақырыбындағы жазбаны беріп, «Менің сыйлығым осы» дейді. Ол жазба мынадай:
Өте маңызды ескертпе Еркек болса да, әйел болса да, әрбір адамның әрбір сөзінде, әрбір әрекетінде Аллаһу та'аланың әмірлерін, яғни парыздарды орындауы және тыйым салғандарынан сақтануы қажет. Бір парыздың орындалуына, бір харамнан сақтануға мән бермеген, маңызды деп санамаған адамның иманы кетеді, кәпір болады. Кәпір болып өлген адам қабірде азап шегеді. Ахиретте тозаққа кетеді. Тозақта мәңгі жанады. Кешірілуі, тозақтан шығуы мүмкін емес, ықтималы да жоқ. Кәпір болу өте оңай. Әр сөзде, әр істе кәпір болу ықтималы көп. Күпірден құтылу да өте оңай. Күпірдің себебі белгілі болмаса да, күнде бір рет истиғфар етсе, яғни «Әстағфируллаһ» десе, міндетті түрде кешіріледі. Яғни «Йа, Раббым! Біліп немесе білмей күпірге себеп болған бір сөз сөйлеген немесе бір әрекет істеген болсам, өкіндім. Мені кешіре гөр!» деп тәубе етсе, Аллаһу та'алаға жалбарынса, міндетті түрде кешіріледі. Тозаққа түсуден құтылады. Тозақта мәңгі жанбау үшін күнде міндетті түрде тәубе және истиғфар жасау керек. Бұл тәубеден маңыздырақ басқа ешқандай міндет жоқ. Құл (кісі) ақысы араласқан күнәларға тәубе еткенде осы ақыларды өтеу және оқылмаған намаздарға тәубе еткенде парыздарының қазасын оқу керек. |