19 - Жамазиәл-әууәл, 1446 жыл.
     21 - Қараша, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Намаз / Намаз оқу мәкрух болған уақыттар

Намаз оқу мәкрух болған уақыттар

Сұрақ: С.Әбәдийа кітабында «Таң намазының парызынан кейін күн шыққанша нәпіл оқу тахримән мәкрух. Таң намазының сүннетін парыздан бұрын оқымаған болса, мұны парыздан кейін оқуы мәкрух болады, бірақ қаза оқу мәкрух емес» деп жазылған. Парыздың қазасын оқу мәкрух болмаса, уәжіп болған үтір намазын таң намазының парызынан кейін оқуға болады ма? Мысалы, үтірді оқуды ұмытсақ, таң намазының уақыты кірген болса, әуелі үтірдің қазасын оқуға болмайды ма?

Жауап: Тәртіп иесі болған адамның әуелі үтірдің қазасын оқуы керек. Қазасын оқымаса, таң намазы сахих болмайды. Таң намазын бастамай тұрғанда немесе намаздың арасында үтірді оқымағанын есіне түсірген адамның таң намазы сахих болмайды. Күн шығуына тек үтірдің қазасын оқитындай уақыт қалған болса, тек осы жағдайда ғана таңа намазы сахих болады. Демек, бір намаз уақытының соңында қазаны да оқитындай уақыт қалмаса, қазаны бұрын оқу қажеттілігі кешіріледі. Уақыт аз қалды деп санап, уақыт намазының парызын оқыған адам кейіннен әлі уақыт бар екенін түсінсе, қазаны, кейін уақыттың парызын қайтадан оқиды. Уақыттың намазын бастарда немесе намаз ішінде қазасы бар екенін ұмытса, намаздан кейін есіне түссе де, оқыған намазы сахих болады. Өйткені ұмыту үзірге жатады. (С.Әбәдийа)

(Бестен артық қаза намазы жоқ адам тәртiп иесi деп аталады. Тәртіп иесі болмаған, яғни жалпы қазасы бестен көп болғандар бұған қарамайды. Тәртіп иесі болмаған адамдар намаз оқылуы тахримән (харамға жақын) мәкрух болған үш кәрахат уақытынан басқа кез келген уақытта қазасын оқи беруіне болады. Қаза еткенде намаздардың ретіне қарау да шарт емес.)

 

Намазда күлу

Сұрақ: Күн батарда қаза намазын оқи бастап, намаз ішінде қарқылдап күлген адамның дәреті бұзылады ма?

Жауап: Парыз намазының қазасын оқып жатқанда мәкрух уақытта қарқылдап күлген адамның дәреті бұзылмайды. Бірақ мәкрух уақытта нәпіл намаз оқып жатқанда қарқылдап күлген адамның дәреті бұзылған болады. (Хиндийа)

Күлмесе де, мәкрух уақытта қаза немесе нәпіл намаздар оқымау керек. Сол күннің екінді намазының парызынан басқа мәкрух уақытта басталған парыздар сахих болмайды. Ал нәпіл намаздар тахримән мәкрух болады. Мәкрух уақытта басталған нәпілдерді бұзып, басқа уақыттарда қазасын оқу қажет. (С.Әбәдийа)

 

Таң намазының соңғы уақыты

Сұрақ: Таң намазының соңғы уақытының күн шыққанға дейін екенін білеміз. Бірақ әжем күннің шыққанына қарамастан, қашан оянса, сол кезде таң намазын оқиды. Әжем сияқты осылай қате оқитын басқа адамдар да бар. Өткенде Африкадан келген малики мазһабын ұстанатынын айтқан бір жігітпен көрістім. «Бізде бәрі күн шығып кетсе де, таң намазын ұйқыдан оянған кезде оқиды» деді. Мен оған: «Демек, сендер де әжем сияқты таң намазының соңғы уақытын білмейді екенсіңдер» дедім. Төрт мазһабта да таң намазының соңғы уақыты күн шыққанға дейін емес пе?

Жауап: Иә, Мизан-ул-кубра, Әл-фиқһу-аләл-мәзаһиб-ил-әрбәа, Рәддул мухтар, Хиндийа және басқа барлық фиқһ кітаптарында осылай білдірілген. Күн шыққанға дейін оқылмаған таң намазы қазаға қалған болып саналады. Мәкрух уақыт шыққаннан кейін қазасын оқу қажет.

 

Бесіннің кәрахат уақыты

Сұрақ: Бесін намазына қанша минут қалғанға дейін қаза немесе нәпіл намаз оқуға болады?

Жауап: Бесінге шамамен 20 минут қалғанға дейін қаза және нәпіл намаз оқуға болады. Бұл мерзім мезгілге және қалаға қарай өзгереді. www.namaztimes.kzсайтында әр қаланың уақыттары көрсетілген. С.Әбәдийа кітабындай былай жазылған:

«Күннің зауалда болуы – аспандағы шариғи зауал маңы болған аймақтың ішінде болуы деген сөз. Яғни хақиқи зауал уақытынан тәмкин уақыты бұрын және кейін болған екі уақыт арасындағы уақыт. Бұл уақыт бесін намазы уақытынан Алматы үшін 20 минут бұрын басталуда.» (С.Әбәдийа)

 

Мәкрух уақытта

Сұрақ: Екінді намазын кәрахат уақытына дейін кешіктіру тахримән мәкрух. Осылай тахримән мәкрух қылып оқыған намаздың қазасын оқу керек пе?

Жауап: Екінді намазын кәрахат уақытында оқу емес, сол уақытқа қалдыру күнә. Кәрахат уақыты болса да, екіндіні оқу парыз. Кәрахат уақытында оқылса да, намаз оқылған болады, қазасын оқу қажет емес.