19 - Жамазиәл-әууәл, 1446 жыл.
     21 - Қараша, 2024 жыл.   


Сәйфәддин Фаруқи

Сәйфәддин Фаруқи хазреттері Силсилә-и алийаның жиырма бесіншісі. Имам Раббани хазреттерінің немересі және Урвәтул-Вусқа Мұхаммед Масум Фаруқи хазреттерінің бесінші баласы. Туылған кезінде бір періште: «Туылған, қайтыс болатын және тірілетін күнінде оған сәлем болсын» мағынасындағы Мәриәм сүресінің 15-ші аяти каримасын оқып, сүйінші берді. Кіші жасынан бастап ілімге бет бұрды. Көкесі Мұхаммед Саидтен ақли және нақли ілімдерді үйреніп, қысқа уақытта ғалым болды. Заманының теңдессізі және марифет дариясы болған әкесі Мұхаммед Масум Фаруқидің тәуәжжуһ пен сұхбаттары арқылы ілгерілеп, қысқа уақытта көптеген кереметтерге қауышып, ғалымдардың бас тәжі болды.

Кәмілдікке жеткеннен соң әкесінің әмірімен Алемгир ханмен көрісу үшін Делиге кетті. Делиге жеткен кезінде қаланың есігінде екі асау піл және бұларды қамауға тырысып жүрген екі күшті палуан суреттерінің асылып тұрғанын көрді. Сұлтанға сол суреттерді түсіріп, жойып тастамағанша қалаға кірмейтінін білдірді. Сұлтан суреттерді түсіргеннен кейін қалаға кірді. Сұлтан Алемгир хан өз қалауымен оған шәкірт болды. Сұхбаттарымен қадірленді. Жасы үлкен болуына қарамастан, Құран кәрім оқуды үйреніп жаттады. Сұхбаттарының берекетімен Үндістанда кеңінен тараған көптеген бидғат пен адасушылық Сұлтан Алемгир ханның бұйрық шығаруы арқылы жойылды және ұмытылған сүннеттер таралды. Басқа уәзірлер, әкімдер және мемлекет адамдары да сұхбаттарымен қадірленіп, хидаятқа қауышты.

Қамқорлығы және берекетімен Үндістанның барлық жағына Ислам діні таралып, мұсылмандар күшейді. Бидғатшылар мен кәпірлер жапа шекті.

Делиде сұхбат жиындары өте берекетті өтетін және адам көп жиналатын еді. Кәпірлер мен пасықтар да оның сұхбаттарына келіп, жоғары дәрежелі құзырымен қадірленгенде хидаятқа қауышып, бұрынғы күнәларына тәубе етіп, истиғфар етіп, кері қайтатын еді. Сұхбатының берекетімен мыңдаған адамдар хидаятқа қауышып, жоғары дәрежелерге жеткен еді. Медресесіне күнде мыңдаған адам келіп, фәйз алатын еді.