Улулазм пайғамбарларСұрақ: Кәлимуллаһ пен кәлиматуллаһ екеуі бір ме? Хазреті Исаға неліктен рухуллаһ делінген? Неге Адам сафиуллаһ деп аталған? Бұлардың мағынасы қандай? Жауап: Әуелі Улулазм пайғамбарларға берілген атауларды білдірейік: Мұхаммед алейһиссаламға Хабибуллаһ делінеді. Ибраһим алейһиссаламға Халилуллаһ делінеді. Мұса алейһиссаламға Кәлимуллаһ делінеді. Иса алейһиссаламға Рухуллаһ делінеді. Кәлиматуллаһ деп те атайды. Адам алейһиссаламға Сафиуллаһ делінеді. Нұх алейһиссаламға Нәжиуллаһ делінеді. Осы алты пайғамбар басқа пайғамбарлардан үстемірек. Оларды Улулазм деп атайды. Олардың бәрінің үстемі – біздің пайғамбарымыз Мұхаммед алейһиссалам. Хабибуллаһ – Аллаһу та'аланың сүйіктісі дегенді білдіреді. Өйткені бәрінен қатты Оны жақсы көретін еді. Әлемді Ол үшін жаратты. Кәлимуллаһ – Аллаһу та'аланың сөйлескен адамы деген сөз. Кәлим – сөз айтылған, сөйлесілген адам дегенді білдіреді. Кәлиматуллаһ – Аллаһу та'аланың сөзі дегенді білдіреді. Кәлима бұл жерде рух мағынасында, сондай-ақ хикметті сөз мағынасында. Иса алейһиссалам үшін қолданылатын рухуллаһ немесе кәлиматуллаһ сөздері Аллаһ рухын үрлеп, әкесіз пайда қылған адам мағынасында. Сондай-ақ, Аллаһтың хикметті сөздерін білдіруші, түсіндіруші мағынасында. Кәлима мен кәлим сөздерін шатастырмау керек. Халилуллаһ – Аллаһу та'аланың досы деген сөз. Өйткені Оның жүрегінде Аллаһу та'алаға деген махаббаттан басқа ешбір жаратылысқа деген махаббат жоқ еді. Сафиуллаһ – Аллаһу та'аланың ихсанымен таңдалып жаратылған таза адам дегенді білдіреді. Нәжиуллаһ – тек Аллаһу та'аламен әуре болған, Аллаһу та'аланың фәйздерімен қуаныш тапқан адам деген сөз. Біздің пайғамбарымыздан басқалары бір қауымға, бір ұлтқа жіберілген. Ал біздің пайғамбарымыз бүкіл әлемге жіберілді. Басқа пайғамбарлардың бәрі Мұхаммед алейһиссаламның келетінін өз үмбеттеріне сүйіншіледі. Миғражда бәріне имам болып, намаздарын оқытты. |