19 - Жамазиәл-әууәл, 1446 жыл.
     21 - Қараша, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Иман және Ислам / Иман / Барлық жерге пайғамбар келді

Барлық жерге пайғамбар келді

Сұрақ: Әлемнің барлық жеріне пайғамбар жіберілген бе?

Жауап: Иә, жіберілген. Имам Раббани хазреттері былай дейді:

«Өте ауқымды және өте терең ойландым, жер бетінде пайғамбарымыздың хабары жетпеген ешбір жер қалмағанын түсіндім. Бүкіл әлемнің оның дінге шақыру нұрымен күндей жарқырағаны көрініп тұр. Тіпті қабырғаның артындағы Яжуж бен Мәжужге де жеткен болып тұр. (Имам Раббани хазреттері заманында осылай болса, байланыс құралдары қатты дамыған осы заманда мұсылмандықты естімеген адамдардың қалмау ықтималы көбірек.)

Бүкіл әлемде пайғамбар жіберілмеген жер қалмағандай. Тіпті бұдан мақрұм қалды деп саналған Үндістанда да үнділерден пайғамбар келіп, Аллаһу та'аланың әмірлерін білдірген. Үндістанның кейбір аймақтарында пайғамбарлардың нұрлары күпір қараңғылығының арасынан жұлдыздардай жарқыраған. Қажет болса, бұл қалалардың атын да айта аламын. Кейбір пайғамбарларға тіпті бір адам да сенбеген, ешкім қабылдамаған. Тек бір адам ғана сенген пайғамбарлар болған. Кейбірлеріне екі немесе үш адам иман келтірген. Үндістанда бір пайғамбарға үш адамнан артық сенгені байқалмады. Яғни төрт адамдық үмбеті бар пайғамбар болмаған. Үнділер табынатын адамдардың кейбірлерінің кітаптарындағы Аллаһу та'аланың болмысы және сипаттары жайында көрінген жазбалар – бәрі сол пайғамбардың нұрының әсері. Өйткені әр ғасырда әр үмбетке пайғамбар келіп, Аллаһу та'аланың болмысы мен сипаттарын білдірген. Олардың мүбәрәк болмысы болмағанда еді, күпір мен күнә ластығымен кірленген ақылдар иман ниғметіне қауыша алмас еді. Бұл ақымақтар жетілмеген ақылдарымен бәрін алдап, өздеріне табынуға мәжбүрлеп, «Сендерді біз құтқардық, біздің арқамызда өмір сүріп жатырсыңдар» деп, өздерінен басқа қуат жоқ деп санады.» (1/259)

Демек, Азияға келгеніндей, Америкаға, Еуропаға, Африкаға және әлемнің барлық аймағына, әр ауылына пайғамбар жіберілген. Сенген адамдар болмағаны немесе өте аз болғаны үшін пайғамбар келмеді деп саналуда.