19 - Жамазиәл-әууәл, 1446 жыл.
     21 - Қараша, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Намаз / Нәпіл намаздар / Құптанның алғашқы сүннеті

Құптанның алғашқы сүннеті

Сұрақ: Пайғамбарымыз алейһиссалам өмірінің соңына дейін намаз оқымады ма? Намаз уақыттары, парыз бен сүннет намаздар белгілі емес пе? Қалайша бір мазһабсыз: «Құптанның алғашқы сүннетіне қатысты дәлел жоқ, мұны мазһаб имамдары ойлап шығарған» дей алады? Сонда мазһаб имамдары, намаз ойдан шығаратындай, дін дұшпандары ма?

Жауап: Бұл мазһаб имамдарымызға жабылған өте жаман жала. Осы сөздерімен өзінің мазһаб имамдарының жолын ұстанбайтынын, мазһабсыз екендігін айқын көрсетіп тұр. Мазһабымыз: «Құптанның алғашқы сүннеті бар» деген болса, демек бар. Әлбетте пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) өмірінің соңына дейін намаз оқыған және оқылуын бүкіл Асхаби кирам көріп білдірген, мазһаб имамдары осы үкімді негізге алған. Әуелі фиқһ кітаптарындағы мазһабымыздың үкіміне қарайық:

«Құптан намазының парызынан бұрын төрт, парыздан кейін екі немесе төрт рәкат сүннет оқылады. Даримиде білдірілген хадис шәрифте хазреті Айша анамыз: Расулуллаһ алейһиссалам құптанның парызынан бұрын және кейін төрт рәкаттан намаз оқып, жататын еді, – деп білдірген.» (Әл фиқһу аләл мәзаһибил әрбәа)

«Құптаннан бұрын және кейін оқылатын төрт рәкат намаз – ғайри муәккәд сүннет. Мұның дәлелі хазреті Айша анамыздан риуаят етілген мына хадис шәриф: Расулуллаһ алейһиссалам құптанның парызынан бұрын және кейін төрт рәкат намаз оқып, жататын еді.» (Мәрақил Фәлах)

«Құптанның парызынан бұрын төрт рәкат намаз оқу мүстаһаб.» (Дуррул мухтар)

«Имдад кітабында Ихтиярдан алып былай жазылған: Құптаннан бұрын төрт рәкат намаз оқу мүстаһаб.» (Ибн Абидин)

«Құптанның парызынан бұрын төрт рәкат сүннет оқылады.» (Қудури)

«Құптанның парызының алдындағы төрт рәкат сүннет – ғайри муәккәд.» (Мәжмуа-и Зухдийа)

«Құптаннан бұрын оқылатын төрт рәкат намаз – ғайри муәккәд сүннет.» (Әл Мәусіли, Әл Ихтияр)

«Ал құптанның алдындағы сүннет төрт рәкаттан тұрады. Мұны екі рәкат қылып оқу да жаиз. Бұл төрт рәкат сүннет мүстаһаб болып табылады.» (Халеби)

«Құптанның парызынан бұрын және кейін төрт рәкат сүннет оқу – мәндуб. «Кәнз» кітабында да осылай жазылған.» (Хиндийа)

Екіндінің алғашқы сүннеті құптанның алғашқы сүннетінен құндырақ. (Дарими жеткізген хадис шәрифте) хазреті Айша анамыз «Расулуллаһ құптанның парызынан бұрын төрт, парызынан кейін төрт рәкат оқып, жататын еді» деді.» (Нимәт-и Ислам)

Басқа бір хадис шәрифте мынадай:

«Әр азан мен қаматтың арасында бір нәпіл намаз бар.» (Бұхари, Мүслим, Әбу Дауд, Нәсаи)

«Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм): «Әр екі азан арасында намаз бар, әр екі азан арасында намаз бар. Қалаған адам келіп оқысын!» деген. «Шәрһи Мәсабих» кітабында бұл хадис шәрифтің азан мен қамат арасында нәпіл намаз оқуға шақыру үшін айтылғандығы білдірілген. Азан мен қамат арасында жасалған дұға сол уақыттың құрметіне қабыл болмай қалмайды. Имам Ағзам хазреттері ақшам намазынан бұрын намаз оқуға мәкрух деген. Өйткені Бурәйдәтул Әсләм білдірген хадис шәрифте: «Әр азаннан кейін екі рәкат нәпіл намаз бар. Тек ақшам намазында ғана жоқ» делінген.» (Шира шәрһі)

Фиқһ ілімінде парыздан басқа намаздарға нәпіл делінеді. Сүннеттер де нәпіл намаздар. Бұл хадис шәрифтің құптанның парызынан бұрын оқылатын сүннетке дәлел екендігін Ханафи ғалымдары білдірген.